27.01.2023
11793 cапарлар
Еуразиялық банкте басқарма төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Алматы, 2023 жылғы 26 қаңтар — "Еуразиялық банк" АҚ  Директорлар кеңесі 2023 жылғы 26 қаңтардан бастап Ибрагим Альтамировты Басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары етіп сайлап, оған банктің тәуекел-менеджментін тапсыру туралы шешім қабылдады.

Ибрагим Альтамиров 37 жаста, банк саласында 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді, еңбек жолын Қазкоммерцбанктің Алматы филиалында бастаған. Корпоративтік бизнес, ШОБ, бөлшек тәуекелдерді басқару, корпоративтік тәуекелдерді бағалау, сондай-ақ несиелік талдау және қаржылық мониторинг салаларында еңбек еткен жылдарында мол тәжірибе жинақтады.

Еуразиялық банкте 12 жыл жұмыс істеп, күмәнді қарыздар бойынша қаржылық мониторинг басқармасының аға менеджерінен тәуекел-менеджмент мәселелері жөніндегі басқарушы директорға дейінгі мансаптық жолды сүрінбей өтті.

Альтамиров мырза Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін "Қаржы" мамандығы бойынша үздік аяқтаған.
Еуразиялық банктің Директорлар кеңесінің мүшелері Ибрагим Альтамировқа жұмыста табысты болып, банктің бизнес-стратегиясын жемісті іске асыруға тілектестігін білдірді.

"Еуразиялық банк" АҚ PR-қызметі
+7 (727) 259-95-99, ішкі 3046.
press@eubank.kz
eubank.kz

Соңғы жаңалықтар
31.05.2024
Автокөлік иелерінің АҚЖ сақтандыру бойынша сыйлықақылар көлемінің айтарлықтай төмендеуімен сақтандыру төлемдері 17,2%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың 1 тоқсанындағы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолу ұсынады
14.05.2024
Экономиканың өсуінің баяулауына және қатаң ССШ сақталуына қарамастан, 1 тоқсандағы кредиттік импульс оң болып қалды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы Қазақстанның банк секторына шолу ұсынады.
13.05.2024
Сауда балансының профицитін жақсартуды және Ұлттық қордан шетел валютасын сатуды теңге маусым айында қолдайды — сарапшылар
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы мамырдағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
03.05.2024
QR арқылы төлем көлемі POS-терминалдар арқылы есеп айырысуды дерлік қуып жетті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша статистикаға шолу ұсынады.
18.04.2024
Қор нарығын капиталдандыру 31 трлн теңгеге дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолу ұсынады.
10.04.2024
Мұнайдың жоғары бағасы өндірістің ықтимал қысқаруына қарамастан ҚР экономикасының өсуін қолдай алады — дейді сарапшылар
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы сәуірдегі кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.