Тарихи анықтама

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы Қазақстан қаржыгерлері І конгресінің қарарына сәйкес 1999 жылдың мамырында құрылды.

Қауымдастықтың құрылтайшылары - екінші деңгейдегі аса ірі бес банк және Қазақстанның жетекші сақтандыру компанияларының бірі:

  • «Қазкоммерцбанк» ААҚ;
  • «ТұранӘлем банк» ААҚ;
  • «Қазақстан Халық банкі» ААҚ;
  • «Темірбанк» ААҚ;
  • «Банк ЦентрКредит» ААҚ;
  • «Қазақшетелдіксақтандыру» ЖАҚ.

Қауымдастықтың қызметін сақтандыру көздері:

  • құрылтайшылардың түсімдері,
  • мүшелікке кіру және күнтізбелік мүшелік жарналар,
  • демеушілік көмек.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының негізгі жарғылық міндеттері:

  • мемлекеттік органдар мен өзге де органдарда Қауымдастық мүшелері атынан өкілдік ету, қаржы рыногі субъектілерінің жалпы мүдделерін білдіру және қорғау;
  • Қазақстан Республикасының Қауымдастық мүшелерінің қызметіне қатысты және олардың мүдделерін қозғайтын заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмысқа қатысу;
  • Қауымдастық мүшелерінің тиімді қызмет етуі және жалпы Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қамқорлығымен жүзеге асырылған қызметтің біршама қысқа кезеңінде қаржы рыногіне қатысушылардың көбісі бірікті, соның ішінде банкілер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар рыногіне кәсіпқой қатысушылар, аудиторлық және консалтингілік компаниялар, ғылым-білім мекемелері бірікті.

Қауымдастықтың негізгі міндеттері:

  • қаржы рыногі мен салық салуды реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
  • Қазақстандағы қаржы, бюджет, салық және валюта саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • қаржы қызметін көрсету рыногінің инфрақұрылымын одан әрі дамытуға қатысу;
  • отандық кәсіпкерлерді қолдау және қорғау жөніндегі шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
  • Қауымдастық мүшелерінің қаржы секторындағы проблемалық мәселелерді шешу және қаржы рыногі субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын жинау, талдау және қорытындылау;
  • Қауымдастық мүшелері өкілдерінің қатысуымен қаржы секторындағы басым және проблемалық бағыттар бойынша жұмыс топтарын құру, жалпы ұсыныстар әзірлеу және оларды уәкілетті органдармен пысықтау;
  • Қазақстан қаржыгерлерінің бірлескен талқылауларын, дөңгелек үстелдерін және қазірдің өзінде дәстүрге айналған Конгрестерін ұйымдастыру;
  • Қауымдастық мүшелеріне ақпараттық көмек көрсету.

Қаржы рыногін дамыту және оны реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелері уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген іс-қимылдар жасауды және тығыз ынтымақтасуды талап етеді.

Осыған байланысты Қауымдастық Қазақстан Республикасының Үкіметімен, министрліктерімен және идараларымен белгілі бір деңгейде өзара іс-қимылды жолға қойды. Атап айтқанда, 2002 жылдың 1 ақпанында Қауымдастық пен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында қаржы секторының тұжырымдамалық мәселелері мен проблемаларын бірлесіп талқылауды және нормативтік актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі бірлескен жұмыс топтарын құруды, ҚР Ұлттық банкі дайындайтын тиісті құжаттардың жобаларын Қауымдастыққа жолдап отыруды көздейтін ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

2004 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасының Қаржы рыногін және қаржылық ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттіктің (Қаржы қадағалауы агенттігі, ҚҚА) жаңадан құрылуына (ҚР Ұлттық банкінен бөлініп шығуына) байланысты жоғарыда көрсетілген Хаттамаға ұқсас 2004 жылғы 17 ақпанда осы Агенттікпен Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы құрылған ҚҚА-ның Сабағаттық Кеңесінің құрамына енді.

13 шілдеде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен ынтымақтастық туралы келісімге (меморандумға) қол қойылды.

Қауымдастықтың өкілдері Парламентте, Үкіметте және Ұлттық банкіде құрылатын Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтіктік-құқықтық актілерін әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарына тұрақты түрде қатысады.

FacebookMySpaceTwitterDiggStumbleuponGoogle Bookmarks