29.07.2020
6682 cапарлар
2020 жылдың бірінші жартыжылдығында салық түсімдері 930 млрд теңгеге төмендеді

Оның ішінде Ұлттық қорға Салықтық түсімдер үштен бірге қысқарды 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдардың бюджеттері (ауылдар, аудандар, қалалар, облыстар) және тиісті заңмен бекітілетін республикалық бюджет бекітіледі, орындалады және дербес болып табылады. Талдамалық ақпарат ретінде бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджет те қалыптастырылады.

Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда республикалық және жергілікті бюджеттерді қамтиды.

Шоғырландырылған бюджет мемлекеттік бюджетті, сондай-ақ олардың арасындағы өзара өтелетін операциялар ескерілмей, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын қамтиды. Айта кетейік, мұнай секторы ұйымдарынан түсетін барлық тікелей салықтар Ұлттық қорға түседі.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанның шоғырландырылған бюджетінің (ШБ) кірістері 7 538 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3% - ға жоғары. ШБ шығыстары 23,7% - ға 7 399 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте ШБ ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бюджеттік кредит беруді (-214,5 млрд теңге) және қаржы активтерімен жасалатын операцияларды (-264,9 млрд теңге) ескере отырып, 343,3 млрд теңге тапшылығымен қалыптасты.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы ШБ кірісінің артуы негізінен Ұлттық қорды басқарудан түсетін табыстың өсуіне байланысты, ол 2020 жылдың бірінші тоқсанында 2019 жылдың алғашқы үш айында 405,6 млрд теңге кіріске қарағанда 2 559 млрд теңгені құрады. Айта кету керек, бұл сандар тіркелген кіріс емес, тек бір сәтте теңгедегі инвестициялар құнының өзгеруін көрсетеді. Сондай-ақ, 2020 жылдың бірінші тоқсанында осындай елеулі инвестициялық табыс теңге құнының күрт төмендеуімен байланысты болғанын атап өтеміз. Естеріңізге сала кетейік, USDKZT бағамы ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 17% - ға, бір доллар үшін 382,6 теңгеден 447,7 теңгеге дейін өсті.

 

Сонымен қатар, бюджетке салықтардан түсетін түсімдердің айтарлықтай төмендеуі байқалады. Осылайша, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жиынтық салық түсімдері 4 814 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,2% - ға төмен. Бұл ретте республикалық бюджетке түсетін салық түсімдері 27,0% - ға төмендеді, Ұлттық қорға түсетін түсімдер 31,2% - ға азайды және жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері ғана 34,9% - ға ұлғайды. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің ұлғаюы және республикалық бюджетке түсетін түсімдердің төмендеуі белгілі бір дәрежеде 2020 жылдың басынан бастап ШОБ-тен түсетін КТС жергілікті бюджеттерге есептелетіндігіне байланысты екенін атап өткен жөн.

 

Шоғырландырылған бюджеттің жиынтық шығыстары ағымдағы жылдың алты айында 1 420 млрд теңгеге немесе өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 23,7% - ға ұлғайып, 7 403 млрд теңгені құрады. Түзетілген бюджет бойынша шығыстар 2020 жылы 16 930 млрд теңгені құрауы тиіс. Осылайша, 2020 жылғы 01 шілдедегі жағдай бойынша жылдық бюджеттің шығыс бөлігі 43,7% - ға орындалды. Сонымен қатар, шығындардың негізгі өсімі білімге (+402,6 млрд теңге), денсаулық сақтауға (+269,6 млрд теңге), әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға (+226,7 млрд теңге) және ТКШ (+165,1 млрд теңге) келді.

 

Аналитикалық материалдарды кез-келген қолдануға тек afk.kz дереккөзінегиперсілтеме болған жағдайда ғана рұқсат етіледі

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар
16.10.2020
Сақтандыру секторы пандемияға қарамастан жедел қарқынмен өсуде
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға Қазақстанның сақтандыру секторына 2020 жылдың алғашқы сегіз айына шолу ұсынады.
14.10.2020
Экономикаға қосымша ақшалай ынталандыру қажет болуы мүмкін - сарапшылар
ҚҚҚ қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына 2020 жылдың қазанында кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.
22.09.2020
ҚҚҚ мүшелерінің жалпы жиналысының қорытындылары
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мүшелері ағымдағы жылдың 18 қыркүйекте өткен, жалпы жиналысында 2019 жылғы ҚҚҚ қызметі туралы есепті бекітіп, ҚҚҚ кеңесінің жаңа құрамын сайлады.
11.09.2020
Сарапшылардың күтуі: Сыртқы жағдайдың нашарлауына қарамастан сақтықпен оптимизм
ҚҚҚ қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына 2020 жылдың тамызында кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.
17.08.2020
Экономика келесі 12 айда дағдарысқа дейінгі өсу деңгейіне оралмайды — сарапшылар
ҚҚҚ қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына 2020 жылдың тамыз айында кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады..
29.07.2020
2020 жылдың бірінші жартыжылдығында салық түсімдері 930 млрд теңгеге төмендеді
Оның ішінде Ұлттық қорға Салықтық түсімдер үштен бірге қысқарды