18.06.2019
2386 cапарлар
Қытай, Оңтүстік Корея және Түркия қазақстандық өнім импортын айтарлықтай арттырды

Сіздің назарларыңызға 2019 жылғы 01 мамырдағы жағдай бойынша ҚР экспорты мен импортына шолу ұсынамыз

ҚР ҰЭМ-нің өзекті деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша еліміздің сыртқы сауда айналымы 28,7 млрд долларды құрады, бұл 2018 жылдың қаңтар-сәуір айымен салыстырғанда 0,1% - ға төмен. Атап айтқанда, тауарлар экспорты 18,5 млрд долларды (-1,2%), импорт – 10,2 млрд долларды (+2,0%) құрады. Осылайша, сыртқы сауда балансының оң сальдосы 8,3 млрд долларды (-4,9%) құрады.

Қазақстандық экспорттың негізгі тауар номенклатурасының ішінде абсолюттік мәнде негізгі төмендеу мұнайға тиесілі. Естеріңізге сала кетейік, Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстарына байланысты мұнай өндіру наурыз айында 74 мың т/б және сәуір айында (ОПЕК) 230 мың т/б қысқарды. Алайда, техникалық жұмыстар жоспарланған мерзімнен 10 күнге бұрын аяқталды және кен орнындағы жұмыс 19 мамырда қайта басталды. Өткен аптада белгілі болғандай, жөндеу жұмыстарынан кейін Қашағандағы тәулік сайынғы өндіру рекордтық 400 мың т/б жетті, ал жөндеуге дейін өндіру 330-340 т/б жетті.Осыған байланысты, ағымдағы жылдың екінші жартысына жоспарланған Теңіздегі (42 күн) және Қарашығанақтағы  (28 күн) жөндеу жұмыстары басталғанға дейін мұнай өндіру өсетінін күту қисынды. Дегенмен, жоғарыда көрсетілген жағдайда қазақстандық экспорт құрылымындағы мұнай үлесі жыл басына 59,5% - дан 56,7% - ға дейін төмендеді, бұл ішінара газ экспортынан (5,0% - ға дейін), бейорганикалық химия өнімдерімен (3,5%), сондай-ақ кейбір басқа тауарлармен (1-кестені қараңыз) түсімдердің ұлғаюымен өтелді.

1-кесте. Негізгі экспорттық тауарлар:

Дереккөз: ҚРҰЭМ

Экспорттың негізгі үлесі Еуропа елдеріне тиесілі – 8,9 млрд доллар, бұл барлық экспортталатын өнімдердің үлес салмағының 48,1% - ын құрайды. Одан әрі Азия елдері – 6,0 млрд доллар (32,2%), ТМД елдері – 3,2 млрд доллар (17,3%), Америка елдері – 0,3 млрд доллар (1,8%), басқалары – 0,1 млрд доллар (0,6%). Елдер бөлінісінде есепті кезеңде қазақстандық өнімнің негізгі сатып алушылары Италия – республиканың барлық экспортының 16,1% (үлесі 3,8% – ға төмендеді), Қытай - 14,4% (+4,3%), Ресей-9,0% (-0,1%) болды.

2-кесте. Қазақстандық өнімнің негізгі сатып алушылары:

Дереккөз: ҚР ҰЭМ

Өз кезегінде, тауарлар импортында негізгі Топ-10 атауы арасында негізгі өсім жеңіл автомобильдерге, дәрі-дәрмектер мен автобөлшектерге тиесілі (3-кестені қараңыз). Сонымен қатар, абсолюттік мәнде РФ-нан бензин әкелуге тыйым салу аясында орын алған мұнай мен мұнай өнімдерінің импорты бойынша ең төмендеу байқалады. Сонымен қатар, елдер бойынша бұл топта Ресей көшбасшы болып табылады. Импортталатын өнімдердің сомасы 3,9 млрд долларды немесе барлық импортталатын өнімдердің үлес салмағының 39,5% – ын құрады (өзгерген жоқ), одан әрі Қытай – 16,3% (+0,6%) және АҚШ-4,4% (-0,6%).

3-кесте. Негізгі импорттық тауарлар, 1Q19:

Дереккөз: ҚР ҰЭМ

Талдау материалдарын кез келген пайдалануға тек afk.kz дереккөзіне гиперсілтеме болғанда ғана жол беріледі.

Соңғы жаңалықтар
18.04.2024
Қор нарығын капиталдандыру 31 трлн теңгеге дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолу ұсынады.
10.04.2024
Мұнайдың жоғары бағасы өндірістің ықтимал қысқаруына қарамастан ҚР экономикасының өсуін қолдай алады — дейді сарапшылар
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы сәуірдегі кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
02.04.2024
Қазақстандық банктер су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларға қарыздарын кейінге қалдыруды ұсынады
Екінші деңгейдегі қазақстандық банктер су тасқыны кезеңінің салдарын жоюға және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен халық пен кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған Үкіметтің шұғыл шараларын қолдайды.
29.03.2024
2023 жылы зейнетақы аннуитеттеріне, өмірді және жазатайым оқиғалардан сақтандыруға сұраныстың күрт өсуі байқалды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
13.03.2024
Байқалған және күтілетін инфляцияның өсуі ақша-несие шарттарын қалыпқа келтіру циклін тоқтата тұруы мүмкін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы наурыздағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
05.03.2024
2023 жылғы жиынтық сақтандыру төлемдері 38,5%-ға, алушылар саны 21,4%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолу ұсынады.