05.02.2019
148 cапарлар
Карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз транзакциялардың көлемі 2018 жылы 2,1 есе өсті

ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2018 жылдың желтоқсан айында қолма-қол жасалмайтын төлемдер бойынша статистикаға шолу ұсынады

2018 жылдың желтоқсанында барлық Қазақстан бойынша карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 686,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде Алматы қаласы 455,5 млрд. теңге немесе 66,4% құрады. Сонымен қатар, Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдердің жиынтық көлемі 2018 жылы 5 473,9 млрд теңгені құрады, оның 3 509,6 млрд теңгесі (64,1%) Алматыға тиісті. Сондай-ақ 2018 жылы карточкалық транзакция көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 2,1 есе немесе 2 865,7 млрд теңгеге,оның ішінде Алматыда – 2 035,3 млрд теңге (өсім 71,0%-ға) өсті.

Дерек көзі: ҚРҰБ

2018 жылдың желтоқсанында Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 89,9 млрд теңгеге артып, оң динамиканы жалғастырды, ал тек Алматыда өсім 75,3 млрд. теңгені құрады. Айта кетейік, желтоқсанда қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі бойынша төмендеген жалғыз аймақ Ақмола облысы болды. Естеріңізге сала кетейік, соңғы айларда Ақмола облысы қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша айтарлықтай өсім көрсетті, бұл оны қараша айында (Алматы мен Астанадан кейін) Қазақстан бойынша үшінші орынға алып, транзакция көлемінің көрсеткіші 31,6 млрд.теңгені құрады. Алайда, желтоқсан айында Ақмола облысында қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 48,0% - ға 16,4 млрд теңгеге дейін төмендеді.

1-кесте. 2018 жылғы желтоқсанда карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер:

Дереккөзі: ҚРҰБ

Желтоқсан айында төлемдер көлемінің төмендеуіне қарамастан, Ақмола облысы 2017 жылмен салыстырғанда 2,9 есе жылдық қолма-қол ақшасыз транзакциялар көлемінің өсуі бойынша өз көшбасшылығын сақтап қалды.  2018 жылдың 12 айында қолма-қол ақшасыз төлемдер сомасының өсімі бойынша екінші және үшінші орында Қарағанды облысы (өсім 2,4 есе) және Алматы қаласы (өсім 2,4 есе) келеді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылған төлем карточкалары бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2017 жылға қарағанда 2,1 есе өсіп, 5,5 трлн теңгені құрады. Карточкаларды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша «Орташа чек» қазіргі уақытта 11 419 теңгені құрайды, ал банкоматтан алу сомасының орташа мөлшері осы мөлшерден төрт есе асып, 47 755 теңгені құрайды.

Дереккөзі: ҚРҰБ

Карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көрсеткішінің банкоматтардағы қолма-қол ақшаны алуға қатынасы желтоқсанда бұрынғы деңгейде қалды – 51% (100% көрсеткіш кезінде карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлем қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялардың көлемімен салыстырылады). Сонымен қатар, операциялардың жалпы көлеміндегі қолма-қол ақшасыз транзакциялардың үлесі (қолма-қол ақшасыз төлем және қосымша банкоматтардан алу)  сондай – ақ қараша – 34% деңгейінде қалды. Алайда, өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда көрсеткіш 24% – дан айтарлықтай өсті.

Дереккөзі: ҚРҰБ

Сондай-ақ карточкалық қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы құрылымындағы интернет-төлемдер үлесінің артуына назар аударғымыз келеді. Соңғы жылы аталған үлес 47% - дан 59% - ға дейін өсті. Сонымен қатар, интернет транзакциялардың саны екі есе артты, ал "орташа чек" 17,6% - ға өсті.

Дереккөзі: ҚРҰБ

Айналыстағы карточкалар саны соңғы 12 айда 20,5% - ға өсіп, 23,4 млн карточка құрады. Ағымдағы жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша карточка ұстаушылардың саны 19,0 млн. ұстаушыны құрады (12 айда+11,6%). Есептік күнге POS-терминалдардың саны 135,8 мың терминал (+7,2%) құрайды, ал сауда кәсіпорындарының саны бір жылда 82 527 кәсіпорынға (+4,9%) дейін артты.

Соңғы жаңалықтар
18.10.2019
Италия мен Францияға мұнай сату тамыз айында 0,5 млрд долларға артты
Cіздердің назарларыңызға 2019 жылғы 01 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР экспорты мен импортына шолу ұсынамыз
14.10.2019
Сарапшылар қазан айында теңгенің одан әрі әлсіреуін күтпейді
ҚҚҚ 2019 жылғы қазанда кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
26.09.2019
БЖЗҚ портфеліндегі трежеристің ағымдағы құны тамыз айында 485,9 млрд теңгеге артты
Сонымен қатар қазақстандық ЕДБ-ға инвестициялар үлесі бір ай бұрын 16,0%-дан 15,6%-ға дейін төмендеді
20.09.2019
Қазақстандық банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығы төлем карталары мен онлайн қызметтерді қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады
Қазір алаяқтықтың телефон арқылы банк қызметкері ретінде таныстырып, шоттар арқылы онлайн операцияларды жүргізу үшін жеке мәліметтерді білуге тырысатын түрі кең тарап отыр
19.09.2019
Мұнай экспортынан түскен түсім шілде айында 740 млн долларға қысқарды
Сіздердің назарларыңызға 2019 жылғы 01 тамыздағы жағдай бойынша ҚР экспорты мен импортына шолу ұсынамыз
13.09.2019
Ұлттық қордың кірісі 18% өсті
Бұл ретте соңғы айларда мұнай бағасының төмендеуі аясында салық түсімдерінің азаюы байқалады