30.03.2020
382 cапарлар
Ақпан айында қолма-қол ақшасыз төлемдерің көлемі 300 млрд теңгеге өсті

ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2020 жылғы 01 наурыздағы жағдай бойынша карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша статистикаға шолу ұсынады

Маусымдық төмендегеннен кейін қаңтарда ҚР аумағында жасалған қолма-қол ақшасыз карточкалық төлемдердің көлемі 2020 жылдың ақпан айында 17% - ға өсіп, 1 855,2 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 617,1 млрд.теңге көрсеткішінен 3 есе артық өсім байқалады.

Сонымен қатар, ҚР аумағында карточкалар бойынша төлемдердің жалпы көлеміндегі Алматы қаласының үлесі ақпан айының қорытындысы бойынша өзгерген жоқ және 35% - ды құрады. Одан әрі Астана— 17,1% (+0,1%) және Түркістан облысымен Шымкент қаласы —7,1% (+0,1%) келеді.

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің банкоматтардағы қолма-қол ақшаны алуға қатысы ақпанда 139% - дан 145% - ға дейін өсті, бұл қолма-қол ақшасыз төлемнің банкоматтардағы қолма-қол ақшаны алудан тұрақты түрде артық екендігін көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы бұл көрсеткіш тек 58% - ды құраған болатын. Бұл ретте операциялардың жалпы көлеміндегі қолма-қол ақшасыз транзакциялардың үлесі (қолма-қол ақшасыз төлем және банкоматтардан алу) бұрын 58% - дан 59% - ға өсті.

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Өңірлер бойынша бөліністе ақпан айында абсолюттік мәндегі ең үлкен өзгерістер Алматы қаласындағы транзакция көлемінің өсуіне қатысты болды (+89,3 млрд теңге). Қалған аймақтардың аумағындағы карточкалар бойынша төлемдер динамикасы өткен аймен салыстырғанда да, 2019 жылғы ақпанмен салыстырғанда да оң болды (1-кестені қараңыз).

1-кесте. Өңірлер бөлінісінде карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің динамикасы:

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Карточкаларды пайдалана отырып қолма– қол ақшасыз төлемдер бойынша «орташа чек» қазіргі уақытта 11 560 теңгені (2019 жылдың ақпанда– 10 239) құрайды, ал банкоматтан алу сомасының орташа мөлшері осы мөлшерден шамамен 4 есе асып, 45 650 теңгені (2019 жылғы ақпанда – 45 929) құрайды.

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

ҚР аумағында қаңтар айында жасалған қолма —қол ақшасыз карточкалық төлемдер көлемінің 74%-ы интернетте төлеуге (немесе 1 179,7 млрд теңге), ал 25% - ы POS-терминалдар арқылы төлеуге (392,3 млрд теңге) тиесілі. Бұл ретте соңғы 12 айда Қазақстанда карточкалар бойынша транзакциялардың жалпы көлемінде POS-терминалдардың үлесі 20% - ға төмендеді.

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

 

ҚР ҰБ хабарламасынан

2020 жылғы 01 наурыздағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруды 22 банк және «Қазпочта» АҚ жүзеге асырады. Аталған ұйымдар келесі халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарып, таратумен айналысады: VISA International, MasterCard Worldwide, UnionPay International, American Express International және Diners Club International. Бұдан басқа келесі Қазақстан банктері жергілікті жүйелері төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Ситибанк Қазақстан жергілікті карточкасы - «Ситибанк Қазақстан» АҚ және Kaspi.kz төлем карталары жүйесі - «Kaspi Bank» АҚ

2020 жылғы 01 наурыздағы жағдай бойынша банктердің айналымдағы карточкаларының саны 35,0 млн. жетіп, карточкаларды ұстаушылардың саны – 31,3 млн. адам болды (2019 жылғы осындай күнгі жағдаймен салыстырғанда – тиісінше 45,3% және 50,3%  өсім байқалады). Кеңінен таралған карточкалар түрі дебеттік карточкалар болып табылады, олардың үлесі 76,7%, екінші орындағы кредиттік карточкалардың үлесі – 19,3%. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалар мен алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесіне сәйкесінше 2,3% және 1,7% тиеді.

2020 жылдың қаңтар-ақпанында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана жүргізілген транзакциялардың көлемі 5 955,8 млрд. теңгеге жетіп (2019 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 58,9%-ға өскен), транзакциялар саны 359,6 млн. бірлікті құрады (2019 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 90,5%-ға ұлғайды). Оның ішінде қолма-қол жасалмайтын транзакциялар саны 2,2 есе, ал сомасы 2,5 есе өсті (транзакциялардың саны 307,3 млн. бірлік және көлемі 3 558,8 млрд. теңге). Төлем карточкаларын ұстаушылардың қолма-қол ақшаны алу операцияларының саны 52,3 млн. бірлікті, көлемі 2 397,0 млрд. теңгені құрады. 2019 жылдың осындай уақыт аралығымен салыстырғанда ақша шешу операцияларының саны тиісінше 3,7%-ға азайып, көлемі 9,4%-ға ұлғайды.

Қазақстан аумағында қолма-қол ақшасыз операциялардың негізгі үлесі интернет/мобильді банкинг (тиісінше 46,0% және 75,1%) және POS-терминалдар (қолма-қол жасалмайтын операциялардың жалпы саны, көлемінен сәйкесінше 53,8% және 24,0%) арқылы жүргізілді.  Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жүзеге асырылған (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы саны мен көлемінен сәйкесінше 98,7% және 92,1%).

ҚРҰБ статистикасы

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар
11.09.2020
Сарапшылардың күтуі: Сыртқы жағдайдың нашарлауына қарамастан сақтықпен оптимизм
ҚҚҚ қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына 2020 жылдың тамызында кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.
17.08.2020
Экономика келесі 12 айда дағдарысқа дейінгі өсу деңгейіне оралмайды — сарапшылар
ҚҚҚ қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына 2020 жылдың тамыз айында кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады..
29.07.2020
2020 жылдың бірінші жартыжылдығында салық түсімдері 930 млрд теңгеге төмендеді
Оның ішінде Ұлттық қорға Салықтық түсімдер үштен бірге қысқарды
28.07.2020
Қашықтықтан төлем жасау: қазақстандықтар жедел түрде қолма-қол ақшасыз төлем жасауға көшеді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2020 жылдың 01 шілдедегі жағдай бойынша карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша статистикаға шолу ұсынады
15.07.2020
ҚҚҚ талдау орталығы: сарапшылар тамыз айының басына қарай USDKZTT бағамы $ 409,65 болады деп болжайды
ҚҚҚ қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына 2020 жылдың шілде айында кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
26.06.2020
Бес айдың қорытындысы бойынша салықтық түсімдер 14,8% - ға төмендеді
Ұлттық қорға түсетін түсімдер 403 млрд теңгеге, ал республикалық бюджетке 667 млрд теңгеге азайды