16.10.2020
8726 cапарлар
Сақтандыру секторы пандемияға қарамастан жедел қарқынмен өсуде

ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға Қазақстанның сақтандыру секторына 2020 жылдың алғашқы сегіз айына шолу ұсынады.

Негізгі тенденциялар

  • Сектордың инвестициялық қызметтен түскен кірістері 2020 жылдың сегіз айында 40,5 млрд теңгеге өсті, ал сақтандыру қызметінен түскен кірістер 29,0 млрд теңгеге ұлғайды
  • Сектордың таза пайдасының 40% - ы «Еуразия» СК-на тиесілі»
  • Пандемияға байланысты халықты алыстату шараларына қарамастан, төлемдер көлемі өткен жылы дерлік деңгейде қалды
  • Сектор үшін өсу нүктесі өмірді сақтандыру болып қала береді. 2020 жылы ӨСК-на барлық сектор активтерінің өсуінің жартысына жуығы тиесілі. Жыл басынан бері сектор активтеріндегі ӨСК үлесі 20,0% - дан 25,8% - ға дейін ұлғайды
  • Сақтандыру сыйлықақыларының көлемі ерікті сақтандыру түрлері бойынша өсті, бірақ міндетті сақтандыру бойынша аздап төмендеді

Кезеңнің қысқаша нәтижелері

Ағымдағы жылы бүкіл ел бойынша енгізілген халықты алыстату жөніндегі шараларға қарамастан, Қазақстанның сақтандыру секторы үдемелі өсуді жалғастыруда. Мәселен, 2020 жылдың сегіз айында сектор активтері 18,2%-ға, 1 426,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте секторда шоғырланудың ұлғаюы байқалады. Мәселен, Топ-3 компанияға жыл басында сектордың 48,3% активтері тиесілі болса,  соңғы 8 ай ішінде бұл көрсеткіш 48,5%-ға дейін өсті.

Сектор үшін өсу нүктесі өмірді сақтандыру болып қала береді. 2020 жылы ӨСК-на барлық сектор активтерінің өсуінің жартысына жуығы тиесілі. Жыл басынан бері сектор активтеріндегі ӨСК үлесі 20,0%-дан 25,8%-ға дейін ұлғайды Сондай – ақ, сектор активтерінің өсуінің төрттен бір бөлігінен астамы «Nomad Life» ӨСК-на тиесілі. Комания активтері 8 ай ішінде 80,3 млрд теңге өсіп, 200,9 млрд теңгеге құрап отыр.

2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 370,1 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың өткен жылдың салыстырмалы кезеңінде  339,9 млрд теңге жиналған болатын.

Ерікті сақтандыру бойынша өсім байқалады, бірақ міндетті сақтандыру түрлері бойынша сыйлықақылар көлемі аздап төмендеді. Бұл ретте таза сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 5,9% - ға немесе 16,8 млрд теңгеге, 301,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Ағымдағы жылдың сегіз айында сақтандыру төлемдерінің сомасы106,4 млрд теңгені құрады. Алдыңғы жылдың 8 айымен салыстырғанда бұл сома 0,4 млрд теңгеге кем. Сақтандыру төлемдерінің таза сомасы 8,3%-ға, 60,5 млрд теңгеге дейін азайды.

Сонымен қатар, 2020 жылдың сегіз айында сектордың таза пайдасы 88,0 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,6 млрд теңгеге немесе 71,2%-ға жоғары. Бұл ретте сектордың ROAA көрсеткіші 4,7%-дан 6,7%-ға дейін, ал ROAE көрсеткіші 10,4%-дан 14,7%-ға дейін жақсарды. Сектордың рентабельділік көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсаруы инвестициялық қызметтен түсетін пайданың ұлғаюымен байланысты. Мәселен, 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында сектордың инвестициялық қызметтен түскен кірістері 88,9 млрд теңгені құрады, 2019 жылдың бастапқы 8 айында бұл сома 48,4 млрд теңгені құраған болатын.

«Еуразия» СК-на сектордың барлық таза табысының 38,2%-ы тиесілі. Сома 2019 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 63,9%-ға өсті, бірақ үлесі 1,7%-ға төмендеді. Бұл ретте компанияның сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы 8,3%-ға 72,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ал сақтандыру төлемдерінің таза сомасы 27,8% - ға 14,6 млрд теңгеге дейін төмендеді.

  Шолуың PDF-нұсқасы

ҚҚҚ талдау орталығы валюта, қор, тауар нарықтарындағы экономикалық жағдай, KASE эмитенттерінің талдауы, ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің статистикалық деректері, сондай-ақ елдегі ағымдағы экономикалық жағдайға әсер ететін өзге де оқиғалар туралы әртүрлі мерзімділіктегі экономикалық шолуларды үнемі дайындайды.

ҚҚҚ талдау орталығының материалдарымен ҚҚҚ сайтында танысуға болады.

 

Соңғы жаңалықтар
19.11.2020
Сарапшылар келесі жылы экономиканың баяу «жылынуын» болжайды
ҚҚҚ қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына 2020 жылдың қараша айында кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.
18.11.2020
Қарыз бойынша өмір: мемлекеттің 9 айдағы шығындары оның кірістерінен үштен біріне артық
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 9 айдағы шоғырландырылған бюджетінің шолуын ұсынады.
16.11.2020
Сандық толқын оңтүстіктен шығады: жаңа карталарды шығаруда Алматы қаласы мен Түркістан облысы көш бастап тұр
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2020 жылдың 01 қазандағы жағдай бойынша карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша статистикаға шолу ұсынады.
04.11.2020
Төмен ұшу: банк секторы өсу траекториясына кірді
16.10.2020
Сақтандыру секторы пандемияға қарамастан жедел қарқынмен өсуде
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға Қазақстанның сақтандыру секторына 2020 жылдың алғашқы сегіз айына шолу ұсынады.
14.10.2020
Экономикаға қосымша ақшалай ынталандыру қажет болуы мүмкін - сарапшылар
ҚҚҚ қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына 2020 жылдың қазанында кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.