Команда
Елена Бахмутова
Кеңес Төрайымы

1983 жылы «экономист» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын (НарХоз) аяқтап шығады. Сол кезден бастап, мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардарда, түрлі лауазымдарда табысты қызмет атқарып келеді. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қадағалау департаментін басқарды. 2004 жылы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалып, содан кейін оны басқарды.

2012 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ-на жұмысқа ауысып, Басқарма төрағасының орынбасары, Қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директор лауазымдарында жұмыс атқарды. 2016 жылдан бастап «Әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып жұмыс істеді және «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде қызмет атқарды.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталды, «Парасат» және «Кұрмет» ордендері берілді. «Астанаға 10 жыл», «Астананың 20 жылдығы» және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медальдарының иегері атанды.

Ирина Кушнарёва
Кеңес Төрайымының Бірінші Орынбасары

Қазақстан қаржы жүйесінде 20 жылдан аса тәжірибесі бар. 1995 жылдан 2003 жылға дейін коммерциялық банктердің халықаралық басқармасында жұмыс істеді. 2003 жылдан бастап 2016 жылға дейін капитал компанияларында операцияларды қадағалау, халықаралық қаржы институттары мен стратегиялық инвесторлар тарапынан қаржыландыруды тарту, тікелей инвестицияларды құрылымдау және қайта құрылымдау жобалары бойынша инвестициялық компанияларда басшылық лауазымдарда болды. 2016 жылдан бастап 2017 жылға дейін БЖЗҚ портфеліндегі проблемалы активтермен жұмыс істеуге жауапты болды. 2017 жылдан бастап Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жұмыс істейді.

 

Жанар Абдыкаримова
Кеңес Төрайымының Орынбасары

Банк жүйесінде 24 жылдық жетекшілік жұмыс тәжірибесі бар. 2009-шы жылдан бері Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығында басқарушы директор, Кеңес төрағасының орынбасары, Астана қаласындағы өкілі болып жұмыс жасап келеді.

Серік Аханов
Кеңес мүшесі

Экономика ғылымдарының докторы, профессор. ҚазССР Министрлер Кеңесінде жұмыс жасады (1990-1991), ҚР Президент Аппаратында (1991-1993), ҚР экономика министрінің бірінші орынбасары болды (1993-1994 және 1999-2001), Эксимбанк Басқарма төрағасының бірінші орынбасары (1994-1997 және 2001), ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (1997-1999), ҚР қаржы вице-министрі (1999). 2011 жылдан бері «Қазкоммерцбанк» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі. 2004-ші жылдан бері Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Кеңес төрағасы, 2016-шы жылдың сәуір айынан бері Кеңес мүшесі.

Айбек Иркегулов
Банк секторын және банктік емес ұйымдарды дамыту орталығының Басқарушы директордың м. а.

Қазақстанның қаржы жүйесінде 18 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. 2005 жылдан 2015 жылға дейін коммерциялық банктің кредиттік тәуекел-менеджмент бөлімшесінде жұмыс істеді, банктің көптеген жұмыс топтарына, соның ішінде кредиттеуді құрылымдау, проблемалық активтермен жұмыс, шетелдік банктердің due-diligence, Банктің ішкі нормативтік құжаттарын, талдамалық шолуларды әзірлеуге қатысты. 2016 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығында жетекші сарапшы қызметінде, 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығында банк секторын және банктік емес ұйымдарды дамыту орталығы басқарушы директорының міндетін атқарушы болып жұмыс істейді.

 

Назар Рахимов
Құқықтық мәселелер жөніндегі Басқарушы директор

Қазақстанның қаржы жүйесінде 17 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
2004 жылдан 2010 жылға дейін коммерциялық банктің филиалдық желісінің заңгер, бас заңгер және заң бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.
2010 жылдан 2021 жылға дейін коммерциялық банктің және ипотекалық ұйымның Заң департаментінің әртүрлі бөлімшелерінде жұмыс істеді, талап-арыз жұмыстарына, банкішілік қызметті құқықтық қамтамасыз ету, коммерциялық банктің және оның еншілес ұйымдарының қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету жұмыстарына қатысты.
2021 жылдан бастап Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығында Заң мәселелері жөніндегі басқарушы директор лауазымында жұмыс істейді.

Рамазан Досов
Талдау орталығының Бас талдаушысы

2015 жылы Болашақ бағдарламасы бойынша Колумбия университетін бітірген. Мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда, соның ішінде ҚР Ұлттық Банкінде және Millstein Center for Global Markets and Corporate Ownership-те әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап Қаржыгерлер қауымдастығында жұмыс істейді. "Теңгеге 30 жыл" мерейтойлық медалімен, сондай-ақ ҚНРДА мен ҚРҰБ басшыларының алғысымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар
Қазақстандық банктер су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларға қарыздарын кейінге қалдыруды ұсынады
Екінші деңгейдегі қазақстандық банктер су тасқыны кезеңінің салдарын жоюға және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен халық пен кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған Үкіметтің шұғыл шараларын қолдайды.
ҚҚҚ қаржылық қызметтерді тұтынушыларға алаяқтық болуы мүмкін екендігі туралы ескертеді
Қазақстандық қаржы қызметтерін тұтынушылардан "Алмаз Кредит" АҚ-ға қатынасы туралы бірнеше рет сұрау алуына байланысты Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы төмендегілерді хабарлау қажет деп санаймыз. Өзін "Алмаз Кредит" АҚ деп атайтын ұйым ешқашан Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының құрамына кіру туралы ресми өтінішпен жүгінбеген, оның мүшесі болып табылмаған және болып табылмайды.
Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің X Конгресі өтті
Алматыда Қазақстан Ұлттық Банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы ұйымдастырған Қазақстан қаржыгерлерінің Х Конгресі жұмысын аяқтады. Биылғы Қаржы нарығы мамандарының кездесуінің басты тақырыбы қаржы саласының нақты секторды дамытудағы рөлі, сондай-ақ нарық алдында тұрған сын-қатерлер мен мүмкіндіктер болды.
2022 жылдың 15 қарашасында Алматы қаласында Қазақстан қаржыгерлерінің X конгресі өтеді
2022 жылдың 15 қарашасында Алматы қаласында «ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ: СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР» атты Қазақстан қаржыгерлерінің X конгресі өтеді. Іс-шараны Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы Қазақстан Ұлттық Банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Қазақстан Ұлттық Банкі Төлем карточкаларының банкаралық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға берді
Қазақстан Ұлттық Банкі Төлем карточкаларының банкаралық жүйесін (ТКБЖ) өнеркәсіптік пайдалануға қосқанын хабарлайды. Бұл жүйе Қазақстан аумағында төлем карточкалары арқылы жасалатын банкаралық транзакцияларды өңдеуге арналған.
Банктердің қолма-қол валюта айырбастауға байланысты үндеуі
Құрметті клиенттер! Қазақстанда қолма-қол шетел валютасын сатып алуға жоғары сұраныс байқалады. Сонымен қатар, шиеленіскен халықаралық саяси жағдайға байланысты Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізу қиынға соқты. Сондықтан валюта Айырбастау пункттері мерзімді түрде қолма-қол ақша беруді шектейді.