20.12.2016
59 cапарлар
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауы!

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Сіздерді еліміздің ең басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Осыдан 25 жыл бұрын, 1991 жылы қазақ халқы ғасырлар бойы армандаған азаттығына қол жеткізіп, өркениетті болашағын құру арманының аясында ел болып бірігіп, өзінің дара жолын таңдаған болатын. Жас мемлекеттің қалыптасуына, бой көтеруіне қаржы саласының қосқан үлесі зор. Қаржы саласының қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында төл теңгеміз айналымға енгізіліп, қаржы жүйесі қайта құрылды, елге инвестициялар мен технологиялар тартылды.

Осы өткен ширек ғасырдың аясында Қазақстан өзін бүкіл әлемге танытып, мойындата білді. Өндіріс пен өнеркәсіп қайта жанданды. Елордамыз Алматыдан Ақмолаға көшіріліп, Сарыарқаның төрінде, дүниежүзінің ең әсем қалаларының бірі – Астана бас көтерді.

Біз елімізбен бірге қиын-қыстау жолдан сүрінбей өттік, Тәуелсіздігімізді нығайттық. Мен Қазақстанның келешегінің бүгінгіден де жарқын боларына кәміл сенемін және Қазақстанның бағындырар шыңдары әлі де алда деп ойлаймын.

Мен Сіздерге шын жүректен бақыт пен зор денсаулық тілеймін! Жұмыстарыңыз жемісті, озық ойларыңыз шабытты болсын! Отбасыларыңызда амандық, елімізде тыныштық болуына тілектеспін!

 

Ізгі ниетпен,

 

ҚҚҚ Кеңесінің Төрағасы                           Әуезов М. М.