06.06.2019
765 cапарлар
Қаржылық қауымдастығы: Теңгенің құнсыздануына фундаменталды себеп жоқ

Қазіргі уақытта мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді пайдаланушылар арасында теңгенің күрт құнсыздануы, бірыңғай валютаны енгізу және айналыстағы монеталардың тапшылығы туралы жалған ақпарат белсенді түрде таратылады. Көрсетілген ақпарат анық арандатушылық сипатқа ие және шындыққа сәйкес келмейді.

ҚҚҚ ай сайынғы негізде кәсіби қоғамдастық арасында теңге бағамы бойынша күтулерге зерттеу жүргізеді. Сарапшылардың өзекті бағалаулары бойынша, қазіргі уақытта ұлттық валютаның құнсыздануы үшін іргелі негіздер жоқ. Сарапшылар қауымдастығы бір ай ішінде экономикадағы тұрақты жағдайды ескере отырып, ағымдағы бағамға жақын, атап айтқанда АҚШ доллары үшін 384-385 теңге бағамын күтуде.

ЕАЭО аумағында "алтын" бірыңғай валютасын енгізу туралы пікірге келсек, бұл үшін ешқандай негіз жоқ. ЕАЭО туралы шартта бірыңғай валюта одағын құру және бірыңғай валюта енгізу қарастырылмаған.

Монеталардың тапшылығына қатысты қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктер клиенттерге қызмет көрсету үшін жеткілікті мөлшерде монеталардың барлық номиналдарымен қамтамасыз етілгендігін атап өткен жөн.

ҚҚҚ және қаржы нарығына қатысушылар ақпараттық кеңістікте таратылатын қауесеттерге сенім білдірмеуді және оларды таратуға қатыспауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар
15.07.2020
ҚҚҚ талдау орталығы: сарапшылар тамыз айының басына қарай USDKZTT бағамы $ 409,65 болады деп болжайды
ҚҚҚ қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына 2020 жылдың шілде айында кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
26.06.2020
Бес айдың қорытындысы бойынша салықтық түсімдер 14,8% - ға төмендеді
Ұлттық қорға түсетін түсімдер 403 млрд теңгеге, ал республикалық бюджетке 667 млрд теңгеге азайды
25.06.2020
Мамыр айында қолма-қол ақшасыз төлемдер үштен бірге өсіп, ₸2,4 трлн. рекордтық деңгейге жетті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2020 жылдың 01 маусымындағы жағдай бойынша карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша статистикаға шолу ұсынады
08.06.2020
Сарапшылар инфляцияға қатысты бұрынғыша пессимистік көзқараста
ҚҚҚ қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына 2020 жылдың маусымында кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
26.05.2020
Қазақстандықтар үнемдейді: сәуір айында олардың шығыстары интернетте 13% төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздерге 2020 жылғы 01 мамырдағы жағдай бойынша карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша статистикаға шолу ұсынады
19.05.2020
Сарапшылардың күтулерінің жақсаруы байқалады
ҚҚҚ 2020 жылдың мамырында кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады