16.11.2018
1274 cапарлар
Бахмутова: Реттеуші де жоғары есеп беру стандарттарына сәйкес келуі тиіс

15 қараша 2018 ж., Алматы қ. – Қазақстанның қаржыгерлерінің VIII Конгрессі сеесиясында Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы Кеңесінің (ҚҚҚ) төрайымы Елена Бахмутова тәуекелге бағдарланған қадағалауды (ТБҚенгізу бойынша қаржы секторыныңнарық қатысушылары қызметін реттеудің жаңа  тәсілін қолдануға қатысты ұстанымын білдірді.

Елена Бахмутованың пікірінше, қаржы институттарын тәуекелге бағдарланған қадағалаудың негізгі қағидаттары банк мөлшеріне байланысты қадағалау қарқындылығын бейімдеу, субъект қызметінің ерекшелігін есепке алу, түрлі сценарийлер бойынша бағалаудағы болжамдық тәсіл және реттеушінің өзінің есеп беру стандарттарына сәйкестігі болып табылады.

«Тәуелсіздік және есеп беру: қадағалау органының қызметіне тек өзінің іс - әрекеттеріне ғана емес, тұтастай алғанда қаржы жүйесіне деген сенімді қамтамасыз ету үшін есеп берудің жоғары стандарттары да қолданылуы тиіс», – деп қорытындылады ҚҚҚ басшысы.

Реттеу түрлендіруі мен тәуекелге бағдарланған қадағалау мыналар арқылы жүзеге асырылуға тиіс:

  1. Формальды қадағалауды оңтайландыру және тәуекел деңгейі төмен нарықтың адал қатысушылар үшін реттеуші талаптарды төмендету.
  2. Реттеушінің және нарыққа қатысушылардың серіктестігі арқылы бұзушылықтардың алдын алуға, қаржы ұйымдары ұшырауы мүмкін тәуекелдерді анықтаудағы тұрақты диалогқа назар аудару
  3. Тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын түсінікті талаптар, басшылық реттеушісі, нұсқаулықтар мен әдістемелік материалдарды әзірлеу. 
  4. Қаржы секторының өсуін ынталандыру және теңгерімді реттеу жолымен ұлттық қаржы институттарын қорғау.

Бүгінде нарық тап болып отырған және оның тиімділігі мен дамуына әсер ететін реттеу мәселелері атап өтілді.

«Бүгінгі күні қаржы секторы - экономиканың ең реттелген секторы. Сектордың шекаралары жыл сайын тарылып келеді, ал қаржылық операциялардың елеулі бөлігі реттеуден тыс. Мемлекеттік қаржыландыру бағдарламалары нарықтық несиелендіруді де, қор нарығын да алмастырады», – деп мәлімдеді Елена Бахмутова.

Жаңа заңды қабылдағаннан кейін Ұлттық Банк ҚҚҚ алаңында 20-дан астам нормативтік-құқықтық актілерді әзірледі, соның ішінде: жауап қатуды қадағалау шараларын қолдану ережелері, дәлелді пайымдауларды қалыптастыру және пайдалану, реттеудің ерекше режимін енгізу және жою ережелері және басқалар.

 «Жеке ережелерді талқылау және келісу жалғасуда, және біз Ұлттық Банкке сындарлы жұмыс үшін ризашылығымызды білдіреміз», – деп қосты ол.

ҚҚҚ басшысы ТБҚ қолдану тәжірибесі 2008 және 2009 жылғы жаһандық дағдарыстан кейінгі жауапты шара ретінде танымалдыққа ие екенін атап өтті. Ал ТБҚ тұжырымдамасы Базель банктік қадағалаудың базалық қағидаттарына енгізілген және қаржы секторын бағалау бойынша ХВҚ мен Дүниежүзілік банк бағдарламаларының бір бөлігі болып табылады. ТБҚ ол қаржы ұйымдарының тұрақтылығын бағалауда неғұрлым икемді және үдемешіл тәсілді білдіреді.

Қорытындылай келе, Елена Бахмутова өткен қаржыгерлер Конгресінде бір жыл бұрын айтылған Ұлттық банк саясатының үш қағидаттары туралы еске салды: дәйектілік, ашықтық және болжамдық.

«Тәуекелге бағытталған қадағалауды енгізуге байланысты біз осы қағидаттарды нарық қатысушыларымен серіктестікте қолдануды күтеміз",  деп қорытындылады Бахмутова ханым.

Анықтамалық:

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы № 168-VI 2018 жылдың 02 шілдесінде қабылданды. Заңның талаптары 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Мақаланың таныстырылымы (*.pdf)

Соңғы жаңалықтар
29.03.2024
2023 жылы зейнетақы аннуитеттеріне, өмірді және жазатайым оқиғалардан сақтандыруға сұраныстың күрт өсуі байқалды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
13.03.2024
Байқалған және күтілетін инфляцияның өсуі ақша-несие шарттарын қалыпқа келтіру циклін тоқтата тұруы мүмкін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы наурыздағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
05.03.2024
2023 жылғы жиынтық сақтандыру төлемдері 38,5%-ға, алушылар саны 21,4%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
04.03.2024
Бизнеске жаңа қарыздар беру көлемінің өсуі Президент белгілеген 20 % мақсаттан асып түсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылға кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге шолу ұсынады.
20.02.2024
2023 жылы тұтынушылардың жоғары сұранысы мен КМС дивидендтері шоғырландырылған бюджеттің кіріс бөлігін қолдады
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылға арналған ҚР шоғырландырылған бюджетіне шолу ұсынады.
13.02.2024
Елдегі қолма-қол ақшасыз карточкалық транзакциялар көлемі ЖІӨ көрсеткішінен асып түсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша статистикаға шолу ұсынады.