04.12.2018
329 cапарлар
ҚҚҚ-да қаржы секторының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырылды

Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығында (ҚҚҚ) қаржы секторының ерекше көзге түскен және елдің дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыс етті. Марапаттарды ҚҚҚ басшысы Елена Бахмутованың өзі табыс етті.

"Астана 20 жыл" медальдарымен банк және сақтандыру секторларының, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының 16 қызметкері, оның ішінде Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрт қызметкері атап өтілді:

  • Андрей Тимченко, Альфа-Банк Қазақстан Бас басқарушы директоры;
  • Мұрат Байсынов, AltynBank Басқарма төрағасының орынбасары;
  • Ерлан Қамбетбаев, Қазақинстрах басқарма төрағасы;
  • Нұрбике Махамбетова, Halyk Bank департаментінің директоры;
  • Гүлнәр Балахметова, АТФ Банк Басқармасы төрағасының орынбасары;
  • Ардақ Мұқашева, Альфа-Банк Қазақстан Бас комплаенс-бақылаушы;
  • Ержан Қоңырбаев, Standard Life басқарма төрағасы;
  • Нұргүл Түсіпова, "Нұрбанк" АҚ Ақтау қаласындағы филиалының директоры;
  • Арнат Әбжанов, Halyk Finance басқарма төрағасы;
  • Шолпан Айнабаева, SkyBridge Invest басқарма төрайымы;
  • Самат Байкенов, Цесна Капитал басқармасының төрағасы;
  • Эрик Жұмағазиев, Астық сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы;
  • Ирина Кушнарева, ҚҚҚ басқарушы директоры;
  • Әліби Өтеулов, ҚҚҚ басқарушы директоры;
  • Ерлан Бурабаев, ҚҚҚ басқарушы директоры;
  • Жанар Әбдікәрімова, ҚҚҚ Кеңесі төрағасының орынбасары.

Қаржы жүйесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 21 қарашадағы №792 Жарлығына сәйкес "Астана 20 жыл" мерекелік медальдарымен марапатталды.

Елорданың мерейтойына арналған 2018 жылғы 17 сәуірдегі Президентінің жарлығымен «Астана 20 жыл» медалі (қаз «Астана қаласының 20 жылдығы») Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының және оның астанасының қалыптасуына және дамуына елеулі үлес қосқан шетелдік азаматтарға берілді.

Мерекелік медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне Парламент палаталары, Үкімет, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, министрліктер, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың, облыстық және қоғамдық бірлестіктердің төрағалары тарабынан қабылданады.

Соңғы жаңалықтар
13.09.2019
Ұлттық қордың кірісі 18% өсті
Бұл ретте соңғы айларда мұнай бағасының төмендеуі аясында салық түсімдерінің азаюы байқалады
13.09.2019
Сарапшылар арасында инфляциялық күтулер жоғары деңгейде сақталуда
ҚҚҚ 2019 жылғы қыркүйекте кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
27.08.2019
Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтары он триллион теңгеден асты
2019 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша қордың инвестициялық табысы 396,3 млрд теңгені құрады
23.08.2019
ҚР сауда балансының профициті маусым айында 1,7 млрд долларды құрады
Сіздердің назарларыңызға 2019 жылғы 01 шілдедегі жағдай бойынша ҚР экспорты мен импортына шолу ұсынамыз
13.08.2019
Тамыз айында сарапшылардың инфляциялық күтулері өсті
ҚҚҚ 2019 жылғы тамызда кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
07.08.2019
Қазақстандықтар маусым айында интернетте 682 млрд теңге жұмсады
ҚҚҚ талдау орталығы сіздерің назарларыңызға 2019 жылғы маусымда карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша статистикаға шолу ұсынады