04.10.2018
588 cапарлар
Қазақстан жинақтаушы – депозиттердің жаңа түрін енгізеді

2018 жылғы 4 қазан, Алматы қаласы. – Қазан айының басынан бастап қазақстандық банктерде депозиттердің жаңа түрі – жинақ ашылуы мүмкін. Осындай салымдардың шарттары дәстүрлі мерзімді депозиттермен салыстырғанда неғұрлым тартымды болады.

Жинақ салымдары бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі теңгеде 13,5% құрайды және орналастыру мерзіміне байланысты, ал Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКҚ) кепілдігі 15 млн. теңгені құрайды. Алайда, салым келісім-шартын мерзімінен бұрын бұзу немесе ішінара алу кезінде, жинақталған пайыздар ішінара жоғалады (негізгі сома толық көлемде қайтарылады).

Бұдан басқа, жинақ салымының маңызды ерекшелігі, ол салымшы банкке өтініш берген сәттен бастап, әдеттегі мерзімді депозиттері бойынша 7 тәуліктен аспайтын мерзімде емес, 30 күн ішінде беріледі.

Сондай-ақ, қазан айының басында ҚДКҚ дәстүрлі депозиттерге (мерзімді депозиттер) ұсынылатын максималды мөлшерлемені мерзімінен бұрын алу мүмкіндігімен жаңартты және теңгемен 11-ден 12,5% дейін көтерілді. Максималды мөлшерлеме депозит мерзіміне, сондай-ақ салымды толықтыру мүмкіндігіне байланысты. Мұндай депозиттер бойынша ҚДКҚ кепілдігі 10 млн. теңгені құрайды.

Шетел валютасындағы депозиттер бойынша ең жоғарғы мөршерлеме 1% деңгейінде қалып отыр, ал бұрынғыдай, ҚДКҚ қамту көлемі 5 млн. теңге баламасын құрайды.

Бүгінгі таңда Bank RBK және Қазақстан Сбербанкінде жинақ салымы ашуға болады. Болашақта басқа банктер де өз клиенттеріне жаңа депозиттер желісін ұсынатыны күтілуде.

Əрдайым бұрын ашылған депозиттер шартарда көрсетілген мерзімде депозиттік мерзімі аяқталғанға дейін қызмет көрсетіледі жəне өзгертілуі мүмкін емес.

ҚДКҚ депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушылар жеке тұлғаларға қызмет көрсететін 27 банк болып табылады. ҚДКҚ жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің депозиттеріне, жеке және карточкалық шоттарына кепілдік береді.

ҚДКҚ ұсынған жаңартылған салымдардың әртүрлі түрлері бойынша ұсынылатын максималды пайыздық мөлшерлемелері:

Соңғы жаңалықтар
13.09.2019
Ұлттық қордың кірісі 18% өсті
Бұл ретте соңғы айларда мұнай бағасының төмендеуі аясында салық түсімдерінің азаюы байқалады
13.09.2019
Сарапшылар арасында инфляциялық күтулер жоғары деңгейде сақталуда
ҚҚҚ 2019 жылғы қыркүйекте кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
27.08.2019
Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтары он триллион теңгеден асты
2019 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша қордың инвестициялық табысы 396,3 млрд теңгені құрады
23.08.2019
ҚР сауда балансының профициті маусым айында 1,7 млрд долларды құрады
Сіздердің назарларыңызға 2019 жылғы 01 шілдедегі жағдай бойынша ҚР экспорты мен импортына шолу ұсынамыз
13.08.2019
Тамыз айында сарапшылардың инфляциялық күтулері өсті
ҚҚҚ 2019 жылғы тамызда кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
07.08.2019
Қазақстандықтар маусым айында интернетте 682 млрд теңге жұмсады
ҚҚҚ талдау орталығы сіздерің назарларыңызға 2019 жылғы маусымда карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша статистикаға шолу ұсынады