06.02.2019
246 cапарлар
ЕДБ пайыздық мөлшерлемелері, қаңтар, 2019 ж

Жеке тұлғаларға берілген несиелер  бойынша орташа алынған мөлшерлеме өткен жылы 19,2% -дан 17,2% -ға дейін төмендеді

ҚРҰБ соңғы өзекті деректері бойынша (01.01.19) жеке тұлғалардың тартылған депозиттері бойынша орташа алынған мөлшерлеме теңгемен жылдық 9,7% - ды және шетел валютасымен жылдық 1,3%-ды (ай бұрын 9,7% және 1,4%-ды) құрады. Осылайша, 2018 жылы теңгемен салымдар бойынша орташа алынған мөлшерлемелер0,7%-ға, ал доллармен - 0,8%-ға төмендеді.

Сонымен қатар, сыртқы нарықтардағы құбылмалылықтың өсуіне, елдегі инфляциялық процестерді жеделдету жөніндегі күтулер және тиісінше ҚРҰБ ақша-кредит саясатын қатаңдату ықтималдығының өсуіне байланысты мөлшерлемелердің одан әрі төмендеуі әлі екіталай көрінеді. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында ҚДКҚ 2019 жылдың 01 сәуіріне дейін жеке тұлғалардың салымдары бойынша қолданыстағы шекті мөлшерлемелерді сақтау туралы шешім қабылдады. Ведомствода хабарлағандай, банктерге мерзімді депозиттер нарығын реттеудің жаңа шарттарына көшу жөніндегі жұмысты аяқтау және халықтың жаңа депозиттік өнімдердің пайдасын түсінуі үшін қосымша уақыт беріледі.

Банктердің қаңтар айындағы депозиттік өнімдер бойынша баға ұсыныстары бұрынғы деңгейде қалды. Бұл ретте Банктің АТФ салымшыларына енді қосымша жарналарды көздемейтін орналастыру мерзіміне байланысты 11,3 - 11,7% сыйақы мөлшерлемесімен «Аманат» – жаңа өнімі қолжетімді, ал ішінара алып қойылған кезде алынатын сомаға есептелген сыйақы сомасының 50% мөлшерінде айыппұл салынады.

1-кесте. Банктікдепозиттер бойынша ағымдағы мөлшерлемелер:

Дереккөз: 01.02.19 ж. жағдай бойынша ЕДБ ресми веб-ресурстары.

Жеке тұлғаларға теңгемен берілген несиелер бойынша банктердің орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2018 жылы 19,2%-дан 17,2%-ға дейін төмендеді (желтоқсанда 0,1% - ға өсті), ал осы кезеңде жылдық инфляция 1,8% - ға 5,3% - ға дейін төмендеді.2018 жылы 13,5 трлн теңге сомасына жаңа несиелер берілді, бұл 2017 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 24,4% - ға артық. Бұл ретте желтоқсан айында 1,3 трлн теңгеге қарағанда 1,5 трлн теңге (+15,7%) берілді. Несие берудің желтоқсан айындағы көрсеткіші соңғы төрт жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.

Банктік несиелер бойынша мөлшерлемелер қаңтарда өзгерген жоқ.

2-кесте. Банк несиелері бойынша ағымдағы ең төменгі мөлшерлемелер:

Дереккөз: 01.02.19 ж. жағдай бойынша ЕДБ ресми веб-ресурстары

Сонымен қатар елде несие беру қолданыстағы мемлекеттік қаржыландыру бағдарламалары есебінен қолдау табуда. Өткен жылдың шілде айының басында «7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» тұрғын үй несиелендіру бағдарламасының орындалуын ерекше атап өткіміз келеді. 2019 жылғы 30 қаңтардағы жағдай бойынша бағдарламаны іске асыру аясында 92,0 млрд теңге сомаға қарыз беруге 7 949 өтініш мақұлданды. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы қазақстандықтарға берілетін тұрғын үй қарызының жоспарланған көлемі 150,0 млрд теңгені құрайды.

3-кесте. Несие берудің мемлекеттік бағдарламалары:

Дереккөз: ДАМУ, ҚРҰБ

Ескерту: Мөлшерлемелер бойынша деректер ұсынылған банктердің ресми ресурстарынан алынды және көрсетілген өнімдерге байланысты барлық шығындарды толық көлемде көрсете алмайды. Өнім туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін көрсетілген банктермен байланысу керек.

Талдау материалдарын кез келген пайдалануға тек afk.kz дереккөзіне гиперсілтеме болғанда ғана жол беріледі 

Соңғы жаңалықтар
27.03.2019
Наурыз айында сарапшылардың инфляциялық күтулері жоғары деңгейде болып қалады
ҚҚҚ 2019 жылдың наурыз айында индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
07.03.2019
Елена Бахмутова KASE-де гендерлік теңдікке арналған сауда-саттық ашты
Салтанатты рәсімге бизнес пен қоғамдық қызметте табысқа жеткен әйелдер қатысты
06.03.2019
Ұлттық қорға түскен түсімдер ақпан айында төрт есеге дерлік артты
2019 жылдың алғашқы екі айындағы кіріс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53,5%-ға өсті
04.03.2019
Ерлан Бурабаев Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
Ол сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша ҚҚҚ жұмысын жалғастырады
28.02.2019
Абди БЖЗҚ-ға жарты миллиард теңгеден астам қаржы қайтарды
Қаңтар айында Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтары 0,6%-ға артып, 9,4 трлн теңгеден асты
18.02.2019
Қаңтар айында бюджеттің кірістері өткен жылғы кезеңге қарағанда 27,4%-ға өсті
Сонымен бірге бюджет шығындары 896,3 млрд теңгені құрады, оның 68,5%-ы бюджеттің әлеуметтік баптары жіберілді