30.07.2019
103 cапарлар
ҚДКБҚ теңгедегі депозиттер бойынша максималды сыйақы мөлшерлемелерін есептеу тәсілін өзгертеді

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) Директорлар кеңесі жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша шекті сыйақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістерді мақұлдады.

Енді, қыркүйектен бастап:

  1. ҚДКБҚ депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді бұрынғыдай тоқсан сайын емес ай сайын жариялайтын болады,
  2. шекті сыйақы мөлшерлемені есептеу кезінде ҚДКБҚ  екі мәннің біреуіне сүйенеді: орташа өлшемдінарықтық сыйақы мөлшерлемесіне немесе Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне – салым түрі мен мерзіміне байланысты.

Сонымен, мерзімсіз депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі базалық мөлшерлеме плюс спредке тең болады.

3 және 6 айлық мерзімді және жинақ салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі келесі мәндердің ең үлкеніне тең болады: орташа өлшемдінарықтық сыйақы мөлшерлемесі плюс спред немесе ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі плюс спред.

12 және 24 айлық мерзімді және жинақ салымдар бойынша шекті мөлшерлеме орташа өлшемдінарықтық мөлшерлеме плюс спредке тең болады.

Қазіргі сәтте, «базалық мөлшерлеме + спред» салымшыларға инфляциядан жоғары нақты кірістілікті, ал «орташа өлшемдінарықтық мөлшерлеме + спред» формуласы жоғары кірістілікті қамтамасыз етеді. Мысалы, инфляцияның жоғарғы дәлізі 2019 жылдың соңына қарай 6%-ды, ҚРҰБ-ның ағымдағы базалық мөлшерлемесі 9%-ды, ал ең талап етілген 12 айға ашылған толықтырусыз жинақ салымдар бойынша орташа өлшемді нарықтық сыйақы мөлшерлемесі соңғы кезеңде 12,5%-ды, 24 айға ашылғаны бойынша – 13,2%-ды құрайды.

Іс жүзінде ҚРҰБ тоқсанына екі рет базалық мөлшерлеме бойынша шешімді жариялайды. Ресми ақпарат nationalbank.kz веб-сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында қолжетімді. Спред деп мәні пайыздық тармақтарда көрсетілген базалық немесе нарықтық мөлшерлемегеқосымша кірістілікті атайды.

Мысалы, ағымдағы базалық мөлшерлеме 9% плюс спред 0,5 пайыздық тармақ – бұл 9,5%. Спред мәнін ҚДКБҚ  Директорлар кеңесі бекітеді.

ҚДКБҚ орташа өлшемді нарықтық сыйақы мөлшерлемесін тартылған депозиттер көлемін ескере отыра, есептік айда нарықта тартылған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі негізіндеай сайын есептейтін болады.

Сыйақының ұсынылған ең жоғарғы мөлшерлемелерін есептеу әдіснамасында жаңалықтар тиімділіктің, жеделдік пен тәуелсіздіктің өсуіне бағытталған.

Біріншіден, ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі қысқа мерзімді кезеңдегі ақша құнының басты экономикалық индикаторы болып табылады. Енді әдіснаманың өзгеруімен бірге қысқа уақыт ішінде депозиттер нарығындағы сыйақы мөлшерлемелері нарықтағы ақшаның ағымдағы құнына сәйкес келетін сыйақы мөлшерлемесін көрсетеді. Бұл принцип мерзімсізсалымдар сегментіне, сондай-ақ 6 айға дейінгі мерзімді және жинақ салымдарға қатысты болады.

Екіншіден, банк секторында ақша-несие жағдайларының өзгеруіне неғұрлым жедел жауап қайтарумүмкіндігі пайда болады. Мәселен, 2018 жылдың қыркүйек айының басында жарияланған шекті мөлшерлемелер сызғышы қазаннан желтоқсанға дейін жұмыс істеді, ал сол кезеңде базалық мөлшерлеме бойынша екі шешім жарияланды. Осы кезеңде базалық мөлшерлеме 0,25 пайыздық тармаққа артты, яғни нарықтағы ақша құны өсті. ҚДКБҚ  ұсынған ең жоғары мөлшерлемелер және, сәйкесінше, банктердегі депозиттер бойынша шарттар нарықтағы ақша құнының өзгеруін ескере алмады.

Үшіншіден, мерзімді және жинақ салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесіне бастапқыда тәуелсіз нарықтық баға белгілеу принципі салынған. Алайда мерзімді және жинақ салымдар - бұл нарықта ағымдағы сәтте бір жылдан аз уақыт қолданыста болған, Қазақстан үшін жаңа қаржы құралы. Сондықтан егер өтпелі кезең ішінде мерзімді депозиттер нарығын дамытуды қолдау мақсатында сараптамалық пікірді ескере отырып, ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін белгілеудің объективті қажеттілігі туындаса, қазіргі кезде бұл нарықтың эволюциясына қарай жеткілікті статистикалық мәліметтер жинақталған және нарықта бәсекелестік жағдайлар туған кезде, нарықтық көрсеткіштерге сүйене отырып депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге көшуге мүмкіндік туды.

Жаңа ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері жаңадан тартылған депозиттерге қатысты болады. Салымшылар үшін ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерінің ауысуы жаңа депозиттік өнімдерді шығаруды немесе қолданыстағы депозиттер бойынша талаптарды қайта қарауды қажет етпеуі мүмкін: банктердегі депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері бір ай ішінде іс жүзінде өзгеруі немесе төмен кезеңділікпен өзгеруі мүмкін. Жаңадан тартылған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің өзгеру жиілігі, нарықта жеке тұлғаларға арналған жаңа депозиттердің шығуы әр банктің депозиттік саясатына байланысты.

Соңғы жаңалықтар
18.10.2019
Италия мен Францияға мұнай сату тамыз айында 0,5 млрд долларға артты
Cіздердің назарларыңызға 2019 жылғы 01 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР экспорты мен импортына шолу ұсынамыз
14.10.2019
Сарапшылар қазан айында теңгенің одан әрі әлсіреуін күтпейді
ҚҚҚ 2019 жылғы қазанда кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
26.09.2019
БЖЗҚ портфеліндегі трежеристің ағымдағы құны тамыз айында 485,9 млрд теңгеге артты
Сонымен қатар қазақстандық ЕДБ-ға инвестициялар үлесі бір ай бұрын 16,0%-дан 15,6%-ға дейін төмендеді
20.09.2019
Қазақстандық банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығы төлем карталары мен онлайн қызметтерді қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады
Қазір алаяқтықтың телефон арқылы банк қызметкері ретінде таныстырып, шоттар арқылы онлайн операцияларды жүргізу үшін жеке мәліметтерді білуге тырысатын түрі кең тарап отыр
19.09.2019
Мұнай экспортынан түскен түсім шілде айында 740 млн долларға қысқарды
Сіздердің назарларыңызға 2019 жылғы 01 тамыздағы жағдай бойынша ҚР экспорты мен импортына шолу ұсынамыз
13.09.2019
Ұлттық қордың кірісі 18% өсті
Бұл ретте соңғы айларда мұнай бағасының төмендеуі аясында салық түсімдерінің азаюы байқалады