11.03.2019
361 cапарлар
Алматы қаласының әкімдігі ТҮҚЖБ-мен бірлесе көп балалы отбасылар үшін «Бақытты отбасы» бюджеттік несие беру бағдарламасын іске қосуда

Бюджеттік несиелендіру бағдарламасына қатысушылар тұрғын үйді сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жылдық 2 пайыз мөлшерлемемен алдын ала заем түрін алуларына болады. Жеңілдетілген несиені алу үшін заем сомасының 10 пайызын құрайтын мөлшерде алғашқы жарнаның болуы қажет. Бұған қоса, бюджеттік несиелендіру бағдарламасына қатысушы көп балалы отбасылар Алматы қаласы әкімдігінен құны 1 млн.теңгелік тұрғын үй сертификаттарын алады. Бұл қаражат заем алар кезде алғашқы жарнаны өтеуге арналған.

Аталған бағдарлама Алматы қаласы әкімдігінде баспана алу үшін кезекте тұрған 1 276 алматылық көп балалы отбасыларды пәтермен қамтамасыз етуге көмектеседі. Бүгінгі күннен бастап олардың барлығы бағдарламаға қатысу үшін өз өтініштерін арнайы жасалған http://www.baqytty-otbasy.kz сайты арқылы онлайн режимде берулеріне болады.

Құжаттар 2019 жылдың 15 наурызына дейінгі 5 күн ішінде қабылданады. Содан кейін Тұрғын үй басқармасы өтінішті қарастырып, «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушылардың тізімін бекітеді.

Несие тек жаңа тұрғын үйді сатып алу үшін беріледі. Заемның ең жоғарғы сомасы 15 млн.теңгеге тең.

- Мемлекет Басшысы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде көп балалы отбасыларды қолдап, олар үшін қолжетімді тұрғын үй санын арттырып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жеңілдетілген несие беру механизмін дайындап шығаруды тапсырған. Қазіргі сәтте Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындарын қамтитын «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жаңа бір бағыт әзірленуде. Алматы қаласының әкімдігі жаңа ереженің бекітілмесін күтпестен, алдын ала қалалық бюджеттен қаражат бөліп, көп балалы отбасылар үшін «Бақытты отбасы» бюджеттік несиелендіру бағдарламасын іске қосты. Жақын арада бұл отбасылар жалға алған пәтерлерінен өздерінің жеке пәтерлеріне қоныс аударатын болады, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Алматылық тұрғындар «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша пәтерді өздері іздеп табуы тиіс. Ол үшін оларға бір ай көлемінде уақыт беріледі. Пәтерлерді іздеп табуға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметкерлері көмектесетін болады. Қазір арнайы осы үшін банктің қалалық филиалында барлық параметрлерге сәйкес сатылымға қойылған тұрғын үйлердің тізімі жасақталуда.

Ең жоғарғы сомасы 15 млн.теңгені құрайтын заем бойынша несиені өтеу үшін айына 79 000 теңге төлеу қажет болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі төлемқабілеттілікті бағалау процесі жеңілдетілген тәртіпте өткізілетін болады. Бағдарламаға қатысушылар несиені өтеуге қажетті ай сайынғы төлем сомасы мен ересек кісіге шаққанда 5 АЕК (12 625 теңге) мөлшеріндегі өмір сүруге арналған ең төменгі соманы төлеу үшін жеке табысының жеткілікті екендігін растауы керек. Төлемқабілеттілікті бағалау кезінде балаларға жұмсалатын шығын түрлері есептелінбейді.

Соңғы жаңалықтар
13.08.2019
Тамыз айында сарапшылардың инфляциялық күтулері өсті
ҚҚҚ 2019 жылғы тамызда кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
07.08.2019
Қазақстандықтар маусым айында интернетте 682 млрд теңге жұмсады
ҚҚҚ талдау орталығы сіздерің назарларыңызға 2019 жылғы маусымда карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша статистикаға шолу ұсынады
07.08.2019
МЗЖ бойынша азаматтардың орташа жинақ мөлшері бір миллион теңгеден асты
2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша БЖЗҚ-ның ЗА нақты табыстылығы 0,09% құрады
18.07.2019
ҚР сауда балансының профициті қаңтар-мамырда 9 %-ға төмендеді
Сіздердің назарларыңызға 2019 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша ҚР экспорты мен импортына шолу ұсынамыз
11.07.2019
Салықтық түсімдер бес айдың қорытындысы бойынша 15,2%-ға өсті
Есепті күнге республикалық бюджет тапшылығы 384 млрд теңгені құрап, бір айда 30%-дан аса артты
10.07.2019
Сарапшылар күтулері шілде айында жақсарды
ҚҚҚ 2019 жылғы шілдеде кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады