07.02.2019
15 cапарлар
Altyn Bank өзге қазақстандық банктер шотына ұялы телефон нөмірі бойынша Suńqar аудармалар жасау қызметін іске қосты

Бүгіннен бастап Altyn-i сандық банк клиенттеріне өзге қазақстандық банк клиенттерінің шотына ұялы телефон нөмірі бойынша теңгемен «Suńqar» лезде аудармалар жасау қызметі қолжетімді.

Altyn-i  сандық банк клиенттерінің арасында ұялы телефон нөмірі бойынша ақша аудару қызметі 2016 жылдың 15 наурызынан бері сәтті жұмыс жасайды. Жаңа жобаны іске қосу арқасында аудармалар Altyn-i клиенттері мен ЦентрКредит, Еуразиялық банктарының клиенттері арасында мүмкін болды.

Енді Altyn-iклиенттері ұялы қосымша арқылы өзге банктердегі клиенттер шотына ұлттық валютада ақша аудара алады. Ол үшін ақша алушының ұялы телефон нөмірін көрсетіп, алушының банкін таңдап, аударма сомасын көрсету керек.

Алушы шотына ақша енгізу лезде болады. Әрі қарай қызметтің функционалы және қатысушы – банктер тізімі кеңейетін болады.

«Бүгінгі таңда Altyn Bank қаржы қызметтері саласында жаңартпа технологияларды енгізу бойынша көшбасшы болып табылады. Біз Қазақстанда ең алғаш Altyn-i сандық банкін іске қостық, оны белсенді түрде дамыту үстіндеміз және біздің клиенттеріміз үшін заманауи банк қызметтерін кеңейтуге мүдделіміз.  Біліктілігі жоғары жобалаушылар командасының болуы Ұлттық банктің шапшаң аудармалар жүйесін сынап көру жобасына қатысуға  жағдай жасады. Атап айтқанда, біз ұялы телефон нөмірі бойынша өзге қазақстандық банктің клиентіне аударма жасауды жүзеге асыруды рұқсат ететін ұялы қосымшамыздың түзетілуін іске асырдық. Жүйе сынақтан сәтті өтіп, енді сандық банк қызметтерінің тізімінде ұлттық валютада ақша жөнелтудің тағы бір қарапайым, жылдам және қауіпсіз тәсілі пайда болды.  Қатысушы-банк клиенттерінің арасында «Suńqar» лезде аудармалар үлкен танымалдыққа ие болатындығына сенімдімін», - деп атап өтті  Altyn Bank  басқарма төрағасы Марат Әлменов.

Жоба Қазақстандық Банкаралық Есептесу Орталығымен (ҚБЕО) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (ҚР ҰБ) «Сандық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде жүзеге асырылған.

Соңғы жаңалықтар
18.02.2019
Сарапшылар инфляция бойынша төмендетілген болжамын қайта қарады
ҚҚҚ 2019 жылғы ақпанда кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
12.02.2019
Италия, Нидерланды және Франция қазақстандық мұнайдың 50%-дан астамын сатып алады
2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша экспортта көрсетілген елдердің үлесі 54,7%
08.02.2019
Ұлттық қорға түскен түсімдер қаңтарда 25,2%-ға артты
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 2018 жылы 6,3%-ға өсті, ал сол кезде мұнай экспорты 2,3%-ға артты
07.02.2019
Қазақстанда қаңтар айында 300 мың авто сақтандыру электронды полистері сатып алынды
ҚҚҚ электрондық сақтандыру нарығының алдын ала қорытындыларын шығарады
28.01.2019
ҚҚҚ сарапшылары: 2019 жылға арналған күтулер біршама жағымсыз болып табылады
ҚҚҚ 2019 жылғы қаңтарда кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
22.01.2019
Фридом Финанс 2018 жылы корпоративтік құралдар саудасы бойынша қайтадан көшбасшы болды
KASE биржа мүшелерінің 2018 жылғы белсенділігіне шолу