29.04.2019
978 cапарлар
«Цеснабанктің» аты Jýsan Bank болып өзгерді Барлық құқықтар қорғалған

«Цеснабанк» АҚ (бұдан әрі – Банк) өз атауының өзгеруі туралы жариялады. Банктің жаңа атауы жеке тұлғаларға арналған "Jýsan Bank" ("Жусан банк" латын әліпбиінде бекітілген) брендімен "First Heartland Jýsan Bank" АҚ деп бекітілді.

«Біз транзиттік кезеңді сәтті өткеріп, Банкті толық сауықтырдық және бәсекеге қабілетті жаңа кредит өнімдерін іске қосып та үлгердік. 1 сәуірдегі жағдай бойынша Банк 680 млрд теңгедан немесе барлық активтерінің 70% асатын сомамен жоғары өтімділікті активтер үлесі бойынша нарықтағы үздіктер үштігіне кіреді, сондай-ақ кредиттік портфельге қалыптастырылған резервтер көлемі бойынша бірінші орында», - деп басқарма төрағасы Бекжан Пірматов пікірімен бөлісті.

Ребрендинг туралы шешім Банктің жаңа бизнес стратегиясының шеңберінде қабылданды және 2019 жылдың ағымында сыртқы жарнама нышандары кезең-кезіңімен өзгертіліп, Jýsan Bank атауымен және белгісімен жаңа банктік өнімдер және басқа да құралдар енгізілетін болады. Бұл ретте клиенттерге Банк қызметіне байланысты құжаттарға қандай да бір өзгертулер енгізу, карталарды қайта шығару және шарттарға қайта қол қою сияқты мәселелер жөнінде алаңдаудың қажеті жоқ.

«Банк атауының Jýsan Bank деп өзгертілуі, біздің команда үшін, сондай-ақ біздің клиенттеріміз үшін де біздің барлық жаңа өнімдеріміз бен қызметтеріміз инновациялық және ыңғайлы болуы көзқарасында ілгерілейтін позитивті жағдай болып табылады. Jýsan Bank-те өз шаңырағыңыздағыдай бәрінің жайлы да сенімді болғанын қалаймыз», - деді Б. Пірматов.

Соңғы жаңалықтар
26.05.2020
Қазақстандықтар үнемдейді: сәуір айында олардың шығыстары интернетте 13% төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздерге 2020 жылғы 01 мамырдағы жағдай бойынша карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша статистикаға шолу ұсынады
19.05.2020
Сарапшылардың күтулерінің жақсаруы байқалады
ҚҚҚ 2020 жылдың мамырында кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
13.05.2020
Коронавирус: қолма-қол ақшасыз төлем драйвері
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2020 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша қолма-қол ақшасыз карточкалық төлемдер бойынша статистикаға шолу ұсынады
21.04.2020
Қазақстанға ресейлік тауарлар импортының үлесі жыл басынан бастап 43 %- ға дейін өсті
Сіздердің назарларыңызға 2020 жылдың 01 наурызындағы жағдай бойынша ҚР экспорты мен импортына шолу ұсынамыз
14.04.2020
42500 теңге материалдық көмекті қашықтықтан қалай алуға болады?
Егер сіз мемлекеттен материалдық көмек қажет тұлғалар санатына жатсаңыз, бүгінде көптеген қазақстандық банктер ұсынатын төлем карталарын қашықтықтан шығару артықшылықтарын пайдаланыңыз.
13.04.2020
Сарапшылар қысқа мерзімді келешекте ұлттық валюта курсы бойынша маңызды қозғалыстарды күтпейді
ҚҚҚ 2020 жылдың сәуір айында кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады