11.10.2018
112 cапарлар
ForteBank Қызылорда қаласында заманауи филиалын ашты

10 қазанда Қызылорда қаласында ForteBank-тің заманауи филиалының ашылу салтанаты өтті. Ашылуға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили қатысты.

«ForteBank еліміздің барлық аймақтарында жаңа үлгідегі жоғары технологиялық бөлімдерін ашуды жалғастыруда. Өткен жылдың мамыр айында біз Қызылорда қаласындағы филиалдың құрылысын бастадық, бүгін сол филиалды ашуға қуаныштымыз. The Financial Brand  баспасының нұсқасы бойынша біздің офистеріміз банк бөлімшелерінің ең үздік дизайны қатарында. Біз жаңа сервистер жасай отырып, инновация мен технологияға зор көңіл бөлеміз, кезекке тұруды азайтып, банкпен қарым-қатынас процесін барынша жайлы, қолайлы және пайдалы етуге тырысудамыз», - деп атап өтті ашылу салтантында Гурам Андроникашвили.

Қонақтарға экскурсияны ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили мен филиал директоры Еркінбек Мұсабаев жүргізді. Олар офистердің тұжырымдамасы мен стилі ұзақ талқыланып, DINN италиялық дизайнерлік компанияның мамандарымен мұқият дайындалғандығын айтты. Бөлімшелердің басты ерекшелігі клиенттерді кезекте тұрудан арылтатын ыңғайлы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары. Барлық қажетті қызметтерді барлық қолданушылар үшін ашық мобильді қосымша арқылы жасауға болады. Басқа кез келген банктің клиенті бола тұра ForteBank қосымшасын жүктеп, тіркеліп, банктің барлық қызметтерін қолдануға болады.

«Елбасының тапсырмасы аясында Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Аймақтағы бизнесті дамытуда еліміздің ең тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқан банктерінің бірі ForteBank те маңызды рөл атқарады», - деп атап өтті Қырымбек Көшербаев.

Банк аймақтағы тұрғындарға және компанияларға қызмет көрсету бойынша сенімді қадаммен алдыңғы қатарға шығуда. ForteBank облыстық филиалының клиенттері 30 000 астам жеке тұлғалар және 2000-дай кәсіпкерлер. ForteBank «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының белсенді қатысушысы, ал Қызылорда облысындағы филиалы бөлінген қаражатты игеру бойынша бірнеше рет алғашқы үштікке кірді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша филиал облыстағы екінші деңгейдегі банктер арасында рұқсат етілген жобалар саны мен сомасы бойынша екінші орынға ие болды. 2018 жылы филиал 300 млн. теңге сомасына 9 жобаны қаржыландырды. Қазіргі уақытта 1 млрд. теңгеден астам сомаға 12 жоба қарастырылуда және ағымдағы жылдық соңына дейін жүзеге асырылады. 

Соңғы жаңалықтар
09.11.2018
Ұлттық қорға түсетін салық түсімдері ағымдағы жылы 62 %-ға артты
Ұлттық қордың қаражаты қазан айында теңгелік және сондай-ақ долларлық баламада өсті
06.11.2018
Елена Бахмутова KASE Talks-та дәріс береді
Дәріс 8 қарашаның сағат 17:00-де басталады, кіру тегін
31.10.2018
Төлем карточкалары: Қазақстан cashless economy жолында
ҚҚҚ талдамалық орталығы 2018 жылдың қыркүйек айында қолма-қол ақшасыз төлемдер туралы назарыңызға статистикалық шолуды ұсынады
29.10.2018
БЖЗҚ: салымшылырдың шоттарына бөлінген кірістілік 7,75% -ды, ал тоғыз айдың қорытындысы бойынша инфляцияның жинақталған деңгейі 3,3%-ды құрады
Қордың таза инвестициялық кірісі 2018 жылдың үш тоқсанында 623,6 млрд. теңгені құрады
26.10.2018
Алматылықтар қолма-қол ақша алғаннан гөрі картамен көбірек төлей бастады
Алматы карталар арқылы төлемдері банкоматтардан қолма-қол ақша алу көлемінен асқан Қазақстанның алғашқы қаласы болды
04.10.2018
Қазақстан жинақтаушы – депозиттердің жаңа түрін енгізеді
Олардың максималды сыйақысы басқалардан жоғары болады, бірақ мерзімнен ерте алу жағдайда сыйақының төленбеуі бекітілген