30.11.2018
1160 cапарлар
ҚазАгроҚаржы 7,9 млрд теңге сомасына облигацияларды сәтті орналастырды

ҚазАгроҚаржы (ҚАҚ) жалпы сомасы 7,9 млрд теңгені құрайтын қамтамасыз етусіз жаңа шығарылған купондық облигациядарды (KAFlb7) Қазақстан қор биржасында орналастырды. Орташа өлшемделген табыстылығы жылына 12% пайызды, айналысы 5 жылды құрайды. Шығарушының облигацияларын орналастыру кезінде андеррайтер ретінде Freedom Finance болды.

Облигациялардың нақтылы бағасы  1000 теңге, тіркелген шығарылымның көлемі – 12 млрд теңге, купондарды төлеудің дүркінділігі  жылына екі рет.
Бастапқы сауда-саттықтың нәтижелері бойынша, қазір 13 өтінім берілді. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемін алатын болсақ 46,1% пайызы брокер-дилерлік компанияларында, 27,9% пайызы  институционалдық инвесторларда, 25,9% пайызы – басқа заң тұлғаларында. Сатып алудың 30,6% көлемі бейрезиденттерге бұйырды.

Айнұр Сейтқасымова, ҚазАгроҚаржы басқарма төрағасының бірінші орынбасары: «Ауыл шаруашылық теxникасы лизингі саласында үздіктердің бірі ретінде біз қаржы орнықтылығы мен нарықтық тартымдылықтың арту стратегиясын ұстанамыз. Облигацияларды орналастыру мемлекеттік қорлардың қатысуынсыз, толығымен нарықтық болды. Бұл институционалдық және жеке инвесторлардың сенімділігін дәлелдейді. Сондай-ақ, компанияға сенуге болатынын көрсетеді. Орналастырудан түскен қаражат аграрлық-өнеркәсіптік кешеніне лизинг жұмыстарының үлесін ұлғайтуға жұмсалады».

Асқар Тәштітов, Freedom Finance-ның инвестициялық банкинг департаментінің басқарушы директоры: «Бұл орналастыру монетарлық саясат пен теңге өтімділігі қатайған жағдайда өте маңызды. Ол жергілікті нарықта үш жылға орналастыру мемлекеттік бағалы қағаздардың ауытқымасына қатысты орташа дюрация кезінде бірталай ақыны талап етті. Депозиттік мөлшерлемелерді сақтанымпаз реттеу жағдайда біз ҚазАгроҚаржының қағаздары тек институционалдық инвесторларды қызықтырып қана қоймай, сондай-ақ жеке клиенттерге бес жылдық табысты бекіту мүмкіндігімен тартымды болады деп санаймыз».  

Соңғы жаңалықтар
13.03.2024
Байқалған және күтілетін инфляцияның өсуі ақша-несие шарттарын қалыпқа келтіру циклін тоқтата тұруы мүмкін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы наурыздағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
05.03.2024
2023 жылғы жиынтық сақтандыру төлемдері 38,5%-ға, алушылар саны 21,4%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
04.03.2024
Бизнеске жаңа қарыздар беру көлемінің өсуі Президент белгілеген 20 % мақсаттан асып түсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылға кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге шолу ұсынады.
20.02.2024
2023 жылы тұтынушылардың жоғары сұранысы мен КМС дивидендтері шоғырландырылған бюджеттің кіріс бөлігін қолдады
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылға арналған ҚР шоғырландырылған бюджетіне шолу ұсынады.
13.02.2024
Елдегі қолма-қол ақшасыз карточкалық транзакциялар көлемі ЖІӨ көрсеткішінен асып түсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша статистикаға шолу ұсынады.
12.02.2024
Сарапшылар алдағы 12 айдың көкжиегінде жылдық инфляцияның 8,8%-ға дейін төмендеуін күтуде
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы ақпандағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.