12.02.2019
9 cапарлар
Банк ВТБ (Қазақстан) «Астана Бизнес 2» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді қаржыландыруды бастайды

Банк Даму Қоры мен Астана әкімдігімен «Астана Бизнес 2» Астана қаласының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасына 300 млн. теңге сома көлемінде қатысуы туралы кредиттік келісімге қол қойды, оның 100 млн. теңгесі қалалық әкімдікпен, ал 200 млн. теңгесі – Қормен бөлінді.

Осы бағдарлама аясында Банк ВТБ (Қазақстан) елорданың ісін жаңа бастаған және ісі жүріп тұрған бизнесмендеріне номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жылдық 8,5%-ға дейін жеңілдікті кредиттер беретін болады.

- Банк ВТБ (Қазақстан) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесіп ШОБ секторына елеулі қолдау көрсететін көптеген жобаларды жүзеге асырды, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло. – 2017 жылы біз «Астана-бизнес» бірінші бағдарламасы аясында елордалық бизнесті қаржыландыруға банкке бөлінген қаражатты табысты игердік. Жалпы сомасы 200 млн. теңгеге жеті клиент қаржыландырылды. Бұған дейін біз басым салаларды дамытуға ғана кредит бере алдық, «Астана Бизнес 2» бағдарламасы аясында мұндай шектеулер жоқ.

Нарықта үш жылдан астам жұмыс істейтін кәсіпкерлер Банк ВТБ (Қазақстан)-нан «Астана бизнес 2» бағдарламасы бойынша ең жоғары сомасы 100 млн. теңгеге дейін; үш жылдан бері тіркелген ісін жаңа бастаған бизнесмендердің – 50 млн. теңгеге дейін кредит алуына мүмкіндіктері болады.

Соңғы жаңалықтар
18.02.2019
Сарапшылар инфляция бойынша төмендетілген болжамын қайта қарады
ҚҚҚ 2019 жылғы ақпанда кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
12.02.2019
Италия, Нидерланды және Франция қазақстандық мұнайдың 50%-дан астамын сатып алады
2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша экспортта көрсетілген елдердің үлесі 54,7%
08.02.2019
Ұлттық қорға түскен түсімдер қаңтарда 25,2%-ға артты
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 2018 жылы 6,3%-ға өсті, ал сол кезде мұнай экспорты 2,3%-ға артты
07.02.2019
Қазақстанда қаңтар айында 300 мың авто сақтандыру электронды полистері сатып алынды
ҚҚҚ электрондық сақтандыру нарығының алдын ала қорытындыларын шығарады
28.01.2019
ҚҚҚ сарапшылары: 2019 жылға арналған күтулер біршама жағымсыз болып табылады
ҚҚҚ 2019 жылғы қаңтарда кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
22.01.2019
Фридом Финанс 2018 жылы корпоративтік құралдар саудасы бойынша қайтадан көшбасшы болды
KASE биржа мүшелерінің 2018 жылғы белсенділігіне шолу