01.03.2019
88 cапарлар
Әрбір алматылықтың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде шоты бар

Қазіргі уақытта Алматы қаласының 186 214 тұрғыны болашақ баспаналары үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қаражат жинақтауда. Бүгінде олардың шотындағы қаражат мөлшері 108,8 млрд теңгені құрайды. Жыл басынан бері 1 000 қала тұрғыны өз қоныс тойларын атап өтті. Олардың арасында Алматы қаласының тұрғыны Күнім Әлжанова да бар. Зейнеткер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің көмегімен қаражат жинап, өз немересіне Астана қаласында пәтер сатып алды.

Осыған орай, бүгін Алматы қаласында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа мекенжай бойынша орналасқан бөлімшесінің (Шевченко к-сі, 155/6) ашылу салтанаты барысында банк қызметкерлері мен салымшылары жаңа пәтер иесінің қуанышына ортақтасып, өз құттықтауларын жеткізді.

– Менің немерем қазір 12 жаста, енді оның Астанада өз баспанасы бар. Алты жылдан кейін ол мектеп бітіріп, Астанаға оқуға баратыны анық.  Дәл сол кезде немеремнің жеке басында өз пәтерінің болатынына қуаныштымын. Немеремнің депозитіне қаражатты ол дүниеге келген сәттен бастап сала бастадық. Осылайша, тұрғын үй бағасының жартысын жинағаннан кейін, депозитті мамасына қайта табыстап, жетпеген сомасы бойынша жылдық 5 пайызбен тұрғын үй заемын алдық. Несиені біз 6 жыл төлейтін боламыз, – деп қуанышымен бөлісті Күнім Әлжанова.

Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің заемдары халық арасында үлкен сұраныста. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мәліметі бойынша, 2019 жылдың басында нарықтағы ипотекалық несиелендіру бойынша банктің үлесі 41 пайызды құрады. Тұрғын үйді несиелендіруге бөлінген 1,6 трлн теңгенің 669,5 млрд теңгесі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне берілген. Қазіргі сәтте банктегі несие саны 121 600. Аталған заемның төрттен бірі кірісі 50 мыңнан 100 мың аралығындағы қарыз алушыларға берілген. Ал несиенің тағы 22 пайызы айлық табысы 100 мыңнан 150 мың  теңгеге дейінгілерге тиесілі.

– Қазақстандықтардың ішінде әсіресе алматылықтар өз баспаналары үшін белсенді түрде қаражат жинауда және сол арқылы қолжетімді шарттар бойынша заемдар алуда. Олар үшін біз арнайы Алматы қаласының орталығы саналатын Алмалы ауданында банктің жаңа бөлімшесін ашуды жөн көрдік. Жаңа бөлімшеге келген қала тұрғындары үшін енді толықтай қызмет түрлері ұсынылады. Олар депозит ашумен қатар, заемды ресімдеп, несие алуларына болады. Сондай-ақ, бөлімшеде банк менеджерлерінен басқа нотариус та қызмет көрсетеді. Бұл клиенттердің уақыттарын үнемдеуге және барлық қызмет түрлерін бір жерден алуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Алматы қалалық филиалының директоры Гүлзат Симтикова.

Оның айтуынша, заемның басым бөлігі – 94,1 пайызы банк клиенттеріне пәтерлер мен жеке үйлер сатып алуға, 4 пайызы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге, 1,2 пайызы үй салуға, тағы 0,7 пайызы жер телімін сатып алуға беріледі.

Әсіресе, қала тұрғындары Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы екі бөлмелік пәтерлерді сатып алуда. Қазіргі сәтте олар үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Саялы» ықшам ауданында тікелей пәтер сатып алуға мүмкіндік туды. Пәтерді банктің сайтында брондауға болады.

Соңғы жаңалықтар
20.05.2019
АҚШ долларының бір айдан кейін орташа бағамы 380,6 теңге деңгейінде болады деп күтілуде
ҚҚҚ 2019 жылғы мамырда кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
16.05.2019
2019 жылдың бірінші тоқсанында жиынтық салық түсімдері 23,7-ге артты %
Оның ішінде, жергілікті бюджеттерге салық түсімдері 3,3%-ға, ал Ұлттық қорға-55%-ға өсті
14.05.2019
Қазақстандық экспорт құрылымындағы мұнай үлесі 59%-дан 56%-ға дейін төмендеді
Сіздердің назарларыңызға 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚР экспортының және импортының шолуын ұсынамыз
24.04.2019
Ұлттық банк Әзірбайжанның БЖЗҚ портфелінен 29,8 млрд теңгеге мемоблигациясын жүзеге асырды
Портфеліндегі зейнетақы қорының қалуда әзірбайжан мемлекеттік қағаздар сомасы 54,8 млрд. теңге
22.04.2019
Сарапшылар келесі жылдың базалық мөлшерлеменің одан әрі төмендеуін күтуде
ҚҚҚ қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына 2019 жылдың сәуір айындағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
15.04.2019
Қаңтар айында экспорт 29%-ға өсті
Сіздердің назарларыңызға 2019 жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша ҚР экспортының және импортының шолуын ұсынамыз