13.02.2019
1068 cапарлар
Altyn Bank-тен несиелерін енді BI Finance ипотека орталығынан алуға болады

AltynBank пен BI Group холдингі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, бұл келісім қазақстандық компания мен Қазақстандағы China CITIC Bank еншілес қаржы институты арасындағы бірқатар жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Құжатқа BI Development сату орталығының бастығы Гүлсім Шокарова және Altyn Bank АҚ астаналық филиалының директоры Тоғжан Қайырбекова қол қойды.

«Қазақстанның астанасы күн сайын өсіп, дамып келеді, жаңа тұрғын үйлер салынуда, – деп атап өтті Altyn Bank астаналық филиалының директоры Тоғжан Қайырбекова. – Бұл нарықтың өсуі үшін үлкен әлеуеті бар. BI Group ірі инвестициялық-құрылыс компаниясымен әріптестікте біз қазақстандықтарды сапалы және сенімді тұрғын үй сатып алу үшін жаңа мүмкіндіктермен қуанта отырып, әсерлі нәтижелерге қол жеткізе аламыз».

Естеріңізге сала кетейік, мамандандырылған орталық тұрғын үй сатып алуға байланысты барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін бір терезе қағидаты бойынша халыққа ипотекалық несие беру бойынша толық кешенді қызмет көрсетеді.

«Ипотекалық кредиттеу бойынша қызметтердің тиімді шарттарын ұсынуға дайын серіктестеріміздің өсіп келе жатқанына қуаныштымыз. Бізбен ірі қаржы институттары жұмыс істеуде. Бүгін бұл тізімге AltynBank қосылды. Соның арқасында қазақстандықтар үшін тұрғын үйді несиеге сатып алу процесі одан әрі қолжетімді болады. BI Finance жұмысын бастағалы орталыққа 801 клиент келді. 2019 жылдың қаңтар айында 1,426 млрд теңге сомаға 70 несие берілді», – деді BI Development сату бөлімінің бастығы Гүлсім Шокарова.

2017 жылы Қазақстанда ипотекалық несиелеу көлемі 355,8 млрд теңге, 2018 жылдың 10 айында 410 млрд теңге болды. 2017 жылы BI Group холдингіндегі пәтерлерді ипотекалық кредиттеу арқылы рәсімдеу пайызы 5,9%, 2018 жылы – 15% құрады. 2019 жылы компания тұрғын үйді несиеге сату үлесін 30%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. BI Finance ипотека орталығы өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Астана қ., Сығанақ көшесі, 18/3, Viva Plaza бизнес орталығы мекенжайы бойынша жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар
13.03.2024
Байқалған және күтілетін инфляцияның өсуі ақша-несие шарттарын қалыпқа келтіру циклін тоқтата тұруы мүмкін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы наурыздағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
05.03.2024
2023 жылғы жиынтық сақтандыру төлемдері 38,5%-ға, алушылар саны 21,4%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
04.03.2024
Бизнеске жаңа қарыздар беру көлемінің өсуі Президент белгілеген 20 % мақсаттан асып түсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылға кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге шолу ұсынады.
20.02.2024
2023 жылы тұтынушылардың жоғары сұранысы мен КМС дивидендтері шоғырландырылған бюджеттің кіріс бөлігін қолдады
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылға арналған ҚР шоғырландырылған бюджетіне шолу ұсынады.
13.02.2024
Елдегі қолма-қол ақшасыз карточкалық транзакциялар көлемі ЖІӨ көрсеткішінен асып түсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша статистикаға шолу ұсынады.
12.02.2024
Сарапшылар алдағы 12 айдың көкжиегінде жылдық инфляцияның 8,8%-ға дейін төмендеуін күтуде
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы ақпандағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.