14.12.2018
42 cапарлар
Moody’s агенттігі Altyn Bank рейтингілерін жоғарылатты

Moody’s халықаралық рейтингілік агенттігі Altyn Bank рейтингілерін жоғарылатты: депозиттер рейтингісін жаһандық межелік бойынша – Ba2 деңгейінен Ba1 деңгейіне дейін және ұлттық межелік бойынша – A2.kz деңгейінен Aa3.kz деңгейіне дейін.

Moody’s өзі жариялаған баспасөз-хаттамасында CITIC Bank-тің акциялардың бақылау жинағын сатып алу мәмілесінің аяқталуы мен CITIC Bank атауының Банктің логосына енгізілуіне байланысты  аталмыш мажоритарлық акционер – China CITIC Bank Corporation Limited (CITIC Bank; Baa2 positive, ba2) тарапынан қолдау көрсетілудің жоғары ықтималдығын атап өтті.

«Moody’s агенттігінің берген жоғары бағасы – бұл Altyn Bank-тің Қазақстанның қаржы нарығындағы қазіргі мықты жайғасымдарын растайтын орынды қадам, – деп атап өтті Altyn Bank басқарма төрағасы Марат ӘЛМЕНОВ. – Жоғары несиелік рейтингілер, өтімділіктің жеткілікті деңгейі, клиентке қарай бағытталу, шешім қабылдаудың икемділігі мен жеделдігі ірі акционерлердің, яғни China CITIC Bank Corporation Ltd., China Shuangwei Investment Co Ltd, «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның беделімен үйлескен түрде Altyn Bank жайғасымдарының нығаюына, қолда бар ресурстарды өршіл міндеттерді орындауға және жаңа биіктерге жетуге арнап жұмылдыруға ықпал етеді. Біз Банктің жаңа стратегиясын іске асыруға кірісе бастадық, оның негізгі басымдықтары активтердің сапасын қолдау, ілгері банкілік технологияларды енгізу және клиенттік сервисті жетілдіру болып табылады».

Сонымен қатар, Агенттіктің талдаушылары Банктің мықты қаржылық профилін атап өтті, мұны оның несиелік қабілетіне берілген ba2 деңгейіндегі базалық бағадан байқауға болады. Агенттіктің пікірінше, бұл көрсеткіш тұрақты мықты қаржылық ахуалы мен төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін, активтердің төмен-тәуекелді құрылымын, сондай-ақ жоғары кірістілік көрсеткіштері мен Банктің өтімділік деңгейін көрсетуде.

Банктің несиелік қабілетінің түзетілген базалық бағасы мен депозиттерінің ұзақ мерзімді рейтингілері қазіргі уақытта CITIC Bank несиелік қабілетінің базалық бағасынан бір саты жоғары болуда, бұл осы рейтингілердің алдағы уақытта жоғарылау әлеуетін шектейді. Сонымен бірге, Банктің несиелік қабілетінің базалық бағасын Банктің жекелеп несие беру, қытайлық клиенттермен іскерлік қатынастарды дамыту арқылы және бұл жағдайда активтердің жоғары сапасын және мықты қаржылық профилін сақтап қалумен, қор жинау базасы мен табыс құрылымын сәтті түрде әртараптандырған жағдайда арттыруға болады.

Соңғы жаңалықтар
09.01.2019
Ұлттық қорға табыс салығы бойынша түсімдер 76%-ға өсті
Бұл ретте барлық тікелей салық түсімдері 59,9%-ға артты
29.12.2018
Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!
ҚҚҚ кеңес төрағасын құттықтау
25.12.2018
"Атамекен" ҰКП үздік қаржыгерлерді марапаттады
ҚҚҚ қызметкерлері мен мүшелері медальдар мен грамоталарға ие болды
14.12.2018
2019 жылдың басынан бастап Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидалары күшіне енеді
Қаулыда уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібі, оның ішінде қадағалау бөлімшесі қарастыратын мәселелер мен жағдайлар аясы айқындалды
10.12.2018
2019 жылы Инфляция болжамды дәлізден шығуы мүмкін – ҚҚҚ сарапшылары
ҚҚҚ 2018 жылғы желтоқсанда кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекпен сауалнама жүргізу нәтижесін ұсынады
04.12.2018
ҚҚҚ-да қаржы секторының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырылды
Қаржы ұйымдарының қызметкерлері еліміздің және елордамыздың дамуына қосқан үлесі үшін "Астана 20 жыл" медалімен марапатталды