04.11.2020
114471 cапарлар
«Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Болат Жәмішев сайланды

«Bank RBK» АҚ (әрі қарай – Банк) 2020 жылғы 30 қазанда Алматы қаласында өткен Банк ационерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен Болат Жәмішев Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры болып сайланғанын хабарлайды. 

Банктің Директорлар кеңесінің шешімімен Болат Жәмішев «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Банктің Директорлар кеңесінің басшысы қызметіне тағайындалған, жоғары мемлекеттік қызметтерде және қаржы секторында басшылық жұмыстың ауқымды тәжірибесін иемденетін Болат Жамишев қаржы институтын стратегиялық дамыту және еліміздің ең орнықты, тұрақты және сенімді банктерінің бірі ретінде оның позицияларын нығайту мәселелері бойынша жетекшілік етеді.

Сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банктің тәуелсіз директоры  Торстен Полдың өкілеттіктері бір жылға ұзартылды.

Осылайша, жүзеге асырылған өзгерістердің ескерілуімен, Банктің Директорлар кеңесі келесі құрамда қалыптастырылды: Болат Жәмішев (ДК төрағасы), Наталья Акентьева, Мұсабек Әлімбеков, Болатбек Жайназаров, Торстен Пол (ДК мүшелері).

Биографиялық анықтама

Б. Жәмішев, экономика ғылымдарының кандидаты, әртүрлі жылдарда, атап айтқанда, келесі лауазымдарды иемденді:

  • ҚР Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары;
  • Қазақстан Республикасы Қаржы  ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы;
  • Еуразия даму банкінің Басқарма төрағасының орынбасары;
  • ҚР Қаржы министрі;
  • ҚР Аймақтық даму министрі;
  • «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы.

Сонымен қатар, Жәмішев мырза мемлекеттік сыңайлы сектордағы компаниялардың, даму институттарының және банк құрылымдарының Директорлар кеңесінде жұмыс істеудің үлкен тәжірибесін иемденеді.

*****

2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша «Bank RBK» АҚ активтері 844,2 млрд теңгені, меншікті капитал – 97,1 млрд теңгені құрады. 2020 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Банктің пайдасы 8,1 млрд теңге көлемінде қалыптасты.

Банктің ірі акционері (дауыс беретін акцияларының 99,627%-ы) – толығымен Владимир Кимге тиесілі құрылым «КСС Финанс» ЖШС болып табылады.

Банк Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Талдықорған, Өскемен, Шымкент, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев, Семей, Екібастұз және Ақсай қалаларында өкілденген.

БАҚ үшін байланыстар:

«Bank RBK» АҚ баспасөз қызметі

Виктория Шен: shen_v@bankrbk.kz

Виктория Герасимчук: gerasimchuk_v@bankrbk.kz

www.bankrbk.kz

Соңғы жаңалықтар
29.03.2024
2023 жылы зейнетақы аннуитеттеріне, өмірді және жазатайым оқиғалардан сақтандыруға сұраныстың күрт өсуі байқалды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
13.03.2024
Байқалған және күтілетін инфляцияның өсуі ақша-несие шарттарын қалыпқа келтіру циклін тоқтата тұруы мүмкін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы наурыздағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
05.03.2024
2023 жылғы жиынтық сақтандыру төлемдері 38,5%-ға, алушылар саны 21,4%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
04.03.2024
Бизнеске жаңа қарыздар беру көлемінің өсуі Президент белгілеген 20 % мақсаттан асып түсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылға кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге шолу ұсынады.
20.02.2024
2023 жылы тұтынушылардың жоғары сұранысы мен КМС дивидендтері шоғырландырылған бюджеттің кіріс бөлігін қолдады
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылға арналған ҚР шоғырландырылған бюджетіне шолу ұсынады.
13.02.2024
Елдегі қолма-қол ақшасыз карточкалық транзакциялар көлемі ЖІӨ көрсеткішінен асып түсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша статистикаға шолу ұсынады.