20.02.2019
48 cапарлар
S&P Цеснабанк рейтингін көтерді

Меншік иесінің өзгеруіне, ірі көлемдегі капиталдандыруға және кредиттік портфельдің сатылуына байланысты S&P Global Ratings ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингіні «SD» деңгейінен тұрақты болжамымен «B-/ деңгейіне дейін көтерді.

S&P Global Ratings агенттігі рейтинг деңгейіне әсер етуші позитивті фактор ретінде «Цеснабанк» АҚ-тың жаңа акционері - «First Heartland Securities» АҚ тарапынан қабылданған шұғыл шараларды, атап айтқанда банктің меншікті капиталының 70 млрд теңгеге толықтырылуын қарастырған.

Акционерлер ауысқан сәттен бастап екі аптаға толмайтын уақыттың ішінде, банктің клиенттер алдындағы міндеттемелерін кедергісіз орындауына мүмкіндік беретін біршама оң өзгерістер орын алды. Сондай-ақ Банк бұдан бұрын Ұлттық Банк ұсынған тұрақтандырушылық қарызды толық өтеді.

“Рейтингінің көтерілуі жаңа команданың Цеснабанктің нарықтық жайғасымдарын қалпына келтіру және клиенттердің сенімін нығайту бойынша жұмысының алғашқы нәтижесі болды, - деді, "Цеснабанк" АҚ басқарма төрағасы Бекжан Пирматов. S&P Global Ratings агенттігінің бағалауды жедел қайта қарау бойынша жұмысы біздің көңілімізден шықты, себебі біз Банк тарихындағы ірі капиталдандыруды жүзеге асырғаннан кейін жағдай толығымен тұрақтандырылды, - деп, пікірімен бөлісті.

"Цеснабанк" АҚ жаңа басшылығының алға қойған келесі міндеті -  Банктің бизнес-жайғасымдарын жақсартатын және оның депозиттік портфелінің өсімін және рейтингісінің бұдан әрі көтерілуі үшін басқа да маңызды көрсеткіштерді қамтамасыз ететін жаңа даму стратегиясын бекіту және жүзеге асыру.

«Біз салымшыларымыздың сенімін толық қалпына келтіруге ниеттіміз.  First Heartland Securities тұлғасындағы акционер Цеснабанкті және оның барлық филиалдық желісін дамытуды жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеймін, - деді Пирматов. 

Соңғы жаңалықтар
07.03.2019
Елена Бахмутова KASE-де гендерлік теңдікке арналған сауда-саттық ашты
Салтанатты рәсімге бизнес пен қоғамдық қызметте табысқа жеткен әйелдер қатысты
06.03.2019
Ұлттық қорға түскен түсімдер ақпан айында төрт есеге дерлік артты
2019 жылдың алғашқы екі айындағы кіріс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53,5%-ға өсті
04.03.2019
Ерлан Бурабаев Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
Ол сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша ҚҚҚ жұмысын жалғастырады
28.02.2019
Абди БЖЗҚ-ға жарты миллиард теңгеден астам қаржы қайтарды
Қаңтар айында Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтары 0,6%-ға артып, 9,4 трлн теңгеден асты
18.02.2019
Қаңтар айында бюджеттің кірістері өткен жылғы кезеңге қарағанда 27,4%-ға өсті
Сонымен бірге бюджет шығындары 896,3 млрд теңгені құрады, оның 68,5%-ы бюджеттің әлеуметтік баптары жіберілді
18.02.2019
Сарапшылар инфляция бойынша төмендетілген болжамын қайта қарады
ҚҚҚ 2019 жылғы ақпанда кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады