23.05.2019
403 cапарлар
Сбербанк Қазақстан «Еңбек» мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы бойынша көшбасшы орынды сақтап келеді

Сбербанк Қазақстан «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша көшбасшылықты сақтап келеді. Банк бағдарлама басталғаннан бері (2017 ж. тамыз) жалпы сомасы 7,2 млрд теңгеге 557 кәсіпкерді қаржыландырды.

Сбербанк бұл мемлекеттік бағдарламаға оны іске асыру басталған сәттен бастап белсенді қатысуда. 2019 жылы «Даму» Қоры Сбербанкке 2,78 млрд теңге қаражат бөлді, ол бойынша бүгінгі таңда белсенді түрде игеру жүргізілуде.  

«Start up жобаларды қолдауды көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» - бұл жаңадан бастап жүрген кәсіпкерге өзінің бизнесін ұйымдастырумен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін, мемлекеттік қолдаудың тартымды және әлеуметтік маңызды бағыты, - деп айтады «Сбербанк» АҚ ЕБ басқарма төрағасы Александр Камалов. - Аталған бағдарлама талаптарының нәтижесінде кәсіпкерлер қаржыландыруға жеңілдетілген қолжетімділікке ие болады, аймақтар масштабында халықты жұмыспен қамту ынталандырылуда, бұл, жалпы алғанда, мемлекет экономикасының дамуына қолайлы әсер етеді».

Сбербанк 2019 жылдың басынан бері «Еңбек» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге барлығы 109 отандық кәсіпкерді қаржыландырды. Осы кезеңде жобалар бойынша қамтамасыз ету ретінде 340 млн теңгеге жуық кепілдіктер алынды.

Соңғы жаңалықтар
30.03.2020
Ақпан айында қолма-қол ақшасыз төлемдерің көлемі 300 млрд теңгеге өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2020 жылғы 01 наурыздағы жағдай бойынша карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша статистикаға шолу ұсынады
28.03.2020
Дағдарыстан зардап шеккен кәсіпкерлер мен халық үш ай кредиттік демалыс алады
18.03.2020
Қазақстанның қаржы секторы дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға және кәсіпкерлерді қолдауға қатысады
17.03.2020
Қаңтар айында мұнай мен газ экспортынан түскен табыс 900 млн долларға төмендеді
Сіздердің назарларыңызға 01 ақпан 2 020 жағдай бойынша ҚР экспорты мен импортына шолу ұсынамыз
06.03.2020
Ұлттық қордың активтері екі айда жарты триллион теңгеге төмендеді
Бұл ретте салықтық түсімдер 37,1 %-ға азайды
28.02.2020
Қаңтар айында қазақстандықтар интернетте 1,2 трлн теңге жұмсаған
Аналитический центр АФК представляет вашему вниманию обзор статистики по безналичным платежам по карточкам по состоянию на 01 февраля 2020 года