30.11.2018
220 cапарлар
Сбербанк кепілдік кредиттерді комиссиясыз қайта қаржыландыруды ұсынды

Сбербанк теңгеде алынған  кепілдік заемдарды комиссиясыз және төмен пайыздық мөлшерлемемен қайта қаржыландыруды іске қосты. Қайта қаржыландыру бағдарламасына ипотекалық кредиттер мен кепілге жылжымайтын мүлік қойылған барлық кредиттер қатысады.

"Бүгінгі таңда Біз кепілдік кредитті комиссиясыз және төмен пайыздық мөлшерлемемен қайта қаржыландыруды ұсынатын Қазақстандағы бірден-бір банкпыз. Біз қазақстандықтардың қарыздық жүктемені төмендететін қолайлы талаптары бар өнім алуды қалауын түсінеміз,  деп айтып өтті  "Сбербанк" АҚ ЕБ Бөлшек сауда жөніндегі басқарушы директоры Жанаргуль Изимова.  Сондықтан Сбербанкте клиенттерге бар заемдар бойынша ай сайынғы төлем сомасын төмендетуге, ал босатылған қаражатты өзге де отбасылық бюджет шығындарына жұмсауға мүмкіндік беретін қайта қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды".

Қайта қаржыландыру кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету, немесе кредиттеу мерзімін ұзарту және де, әрине, ай сайынғы төлемді азайту есебінен қарыздық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, заем бойынша төлемді оңтайландыру үшін клиентке әр түрлі қазақстандық банктердегі бірнеше кредиттерді біріктіру бойынша опция қолжетімді болып табылады.

Қайта қаржыландыру бағдарламасына жеке тұлғалар, сондай-ақ Сбербанк қызметін пайдаланатын компаниялардың 21 жасқа толған қызметкерлері қатыса алады. Еңбекақының ең төменгі мөлшері 60 000 теңгеден кем болмауы керек.

Сбербанкте кепілдік заемдарды қайта қаржыландыру енді комиссиясыз, теңгеде 14,6% (СЖТМ 15,6% бастап) мөлшерлемемен жүзеге асырылады.

Өнім туралы толығырақ сілтемесі бойынша біле аласыз.

Соңғы жаңалықтар
12.06.2019
ҚҚҚ мүшелерінің жыл сайынғы жалпы жиналысында нарықты дамытудың одан әрі бағыты анықталды
Қазақстанның қаржы ұйымдары «Қаржы нарығындағы кәсіби этика кодексін» қабылдады
11.06.2019
Ақша-несие саясатын жұмсартудың жергілікті циклі аяқталды-сарапшылардың пікірі
ҚҚҚ 2019 жылғы маусымда кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
11.06.2019
Төрт айдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған бюджет 164,0 млрд теңге тапшылығымен қалыптасты
Республикалық бюджет кірістерінің үштен бір бөлігі Ұлттық қордан берілетін трансферттер есебінен қалыптастырылады
06.06.2019
Қаржылық қауымдастығы: Теңгенің құнсыздануына фундаменталды себеп жоқ
Мессенджерлерде девальвация және бірыңғай валютасы енгізілуі туралы жалған ақпарат таратылуда
28.05.2019
Сәуір айында БЖЗҚ қаражаты негізінен қазақстандық облигацияларға инвестицияланды
Есепті айда Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздарының барлық қалған бөлігін сату жүзеге асырылды
28.05.2019
Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы 20 жылдығын атап өтуде
1999 жылғы 28 мамырда ҚҚҚ құру туралы құрылтай келісім-шартына қол қойылды