20.05.2020
116306 cапарлар
«Еуразиялық банк» АҚ басқармасында өзгерістер орын алды

Пресс-релиз, Алматы, 2020 жылғы 20 мамыр

«Еуразиялық банк» АҚ Директорлар кеңесі (бұдан әрі - банк) 2020 жылғы 19 мамырдан бастап Александр Наумовты Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары етіп тағайындау туралы шешім қабылдады, ол ақпараттық технологияларды және операциялық қызметті дамытуға жетекшілік етеді.  

Басқа шешіммен 19 мамырдан бастап Басқарма төрағасының кеңесшісі лауазымына ауысқан  «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма мүшесі — Басқарма төрағасының орынбасары Олег Печенкиннің өкілеттігі тоқтатылады.

Банк саласында 2004 жылдан бастап жұмыс істей отырып Наумов мырза бөлшек бизнесте, IT, инфрақұрылымдық жобаларда, онлайн сервистерді дамытуда, маркетингте әртүрлі тәжірибе алды.

Еуразиялық банкке келгенге дейін Александр Наумов «Сбербанк, Қазақстан» АҚ ЕБ-да (бұрынғы Техаkabank АҚ), сондай-ақ «БПС-Сбербанк» ААҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.  Дербес жетістіктер қатарында — ірі IT-жобаларды табысты іске асыру (болжамды online-талдау құралдарын енгізу, клиенттерді биометриялық сәйкестендіру сервистерін енгізу), банктік online-сервистер үшін бірыңғай заманауи платформаны әзірлеу және іске қосу, «Беларусьтің ең инновациялық банкі» сыйлығы.  

Орталық Азия университетінің түлегі Александр Наумов Мәскеудегі Жоғары Экономика мектебінде және Ресей Сбербанкінің корпоративтік университетінде қосымша білім алды.

«Еуразиялық банк» АҚ-тың PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.

press@eubank.kz

еubank.kz

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар
18.04.2024
Қор нарығын капиталдандыру 31 трлн теңгеге дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолу ұсынады.
10.04.2024
Мұнайдың жоғары бағасы өндірістің ықтимал қысқаруына қарамастан ҚР экономикасының өсуін қолдай алады — дейді сарапшылар
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы сәуірдегі кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
02.04.2024
Қазақстандық банктер су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларға қарыздарын кейінге қалдыруды ұсынады
Екінші деңгейдегі қазақстандық банктер су тасқыны кезеңінің салдарын жоюға және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен халық пен кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған Үкіметтің шұғыл шараларын қолдайды.
29.03.2024
2023 жылы зейнетақы аннуитеттеріне, өмірді және жазатайым оқиғалардан сақтандыруға сұраныстың күрт өсуі байқалды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
13.03.2024
Байқалған және күтілетін инфляцияның өсуі ақша-несие шарттарын қалыпқа келтіру циклін тоқтата тұруы мүмкін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы наурыздағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
05.03.2024
2023 жылғы жиынтық сақтандыру төлемдері 38,5%-ға, алушылар саны 21,4%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолу ұсынады.