10.12.2018
309 cапарлар
ВТБ Қазақстан Республикасында «Мир» карталарына қызмет көрсетуін бастайды

Банк ВТБ Қазақстан елімізде бірінші болып «Мир» төлем жүйесінің карталарын қабылдау және қызмет көрсету жобасын іске қосты. Енді «Мир» карталарын ұстаушыларытеңгерімін біліп, банктің кез келген банкоматынан немесе кассасынан қолма-қол ақша ала алады.

Сервисті кез келген ресейлік банктің «Мир» карталарының иелері пайдалана алады. ВТБ Қазақстан банкоматтарында қолма-қол ақша беру теңгемен жүзеге асырылады. Тарифтеу картаны шығарған кредиттік ұйымның ішкі тарифтеріне сәйкес жүргізіледі.

«Мир» төлем жүйесі» Ресейде танымал және біздің клиенттерімізге қызмет көрсетуді жайлы әрі ыңғайлы ету біз үшін маңызды, – дейді ВТБ Банкі Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло. – 2018 жылдың 8 айында Қазақстан мен Ресейдің тауар айналымы $ 11 млрд-тан асып түсті, жылдың соңында ол $18 млрд-қа жетуі мүмкін – бұл орасан зор экономикалық әлеует. Петропавл қаласында өткен XV Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының форумы аясында, оның қорытындысы бойынша туристер ағымын арттыруға бағытталған көптеген екіжақты келісімдерге қол қойылды, қазақстандық банктерде ресейліктерге қызмет көрсету бойынша мүмкіндіктерді кеңейту өте өзекті мәселе».

«Төлем карталарының ұлттық жүйесінің қолдауымен жүзеге асырылған сервис, Қазақстан аумағына келетін ресейлік банктердің  клиенттерінің қаржылық жайлылығын арттырады. Қазіргі уақытта ВТБ Қазақстан банкінің желісінде еліміздің барлық аймақтарында орналасқан 85 банкомат пен 40 қолма-қол ақша беру пункті бар», – деп түсіндірді ВТБ Тобы еншілес компанияларындағы Бөлшек бизнесті дамыту басқармасының бастығы, вице-президент Ильнар Шаймарданов.

«Бүгінде біздің елдеріміз экономиканың көптеген салаларында ынтымақтасады және Қазақстанда ресейлік төлем карталарын қабылдаудың басталуы қаржы саласындағы ынтымақтастықты дамытудың тағы бір маңызды кезеңі болады. Бұл жоба, ірі ресейлік эквайерлер қатарына кіретін, «Мир» төлем жүйесінің негізгі серіктестерінің бірі ВТБ банкімен бірлесіп жүзеге асырылды, ал бүгін «Мир» карталарын қабылдау үшін тағы бір елде өз құрылғыларының желісін ашады», – деп, НСПК коммерциялық директоры («Мир» төлем жүйесінің операторы) Максим Лазырин атап өтті.

Ресейде 320-ден астам банк «Мир» төлем жүйесінің қатысушылары болып табылады. ВТБ Тобы 2016 жылдың төртінші тоқсанында ұлттық карталарды шығаруды бастады. ВТБ эмиссиясы басталған сәттен бастап 9,2 млн астам карта шығарылды. Олардың иелеріне төлем қызметтері мен сервистерінің кең функционалы қол жетімді: ВТБ Тобының барлық банкомат желісінде қолма-қол ақшаны комиссиясыз алу, карталарды толықтыру, тауарлар мен қызметтерді төлеу (ТКШ, телефония, көлік және т.б.), интернетте операциялар жүргізу. Сонымен қатар, клиенттер картаны жалақы, зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер алу үшін пайдалана алады.

В России участниками платежной системы «Мир» являются более 320 банков. Группа ВТБ начала выпуск национальных карт в четвертом квартале 2016 года. С момента старта эмиссии ВТБ выпущено уже более 9,2 млн карт.

Соңғы жаңалықтар
12.06.2019
ҚҚҚ мүшелерінің жыл сайынғы жалпы жиналысында нарықты дамытудың одан әрі бағыты анықталды
Қазақстанның қаржы ұйымдары «Қаржы нарығындағы кәсіби этика кодексін» қабылдады
11.06.2019
Ақша-несие саясатын жұмсартудың жергілікті циклі аяқталды-сарапшылардың пікірі
ҚҚҚ 2019 жылғы маусымда кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
11.06.2019
Төрт айдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған бюджет 164,0 млрд теңге тапшылығымен қалыптасты
Республикалық бюджет кірістерінің үштен бір бөлігі Ұлттық қордан берілетін трансферттер есебінен қалыптастырылады
06.06.2019
Қаржылық қауымдастығы: Теңгенің құнсыздануына фундаменталды себеп жоқ
Мессенджерлерде девальвация және бірыңғай валютасы енгізілуі туралы жалған ақпарат таратылуда
28.05.2019
Сәуір айында БЖЗҚ қаражаты негізінен қазақстандық облигацияларға инвестицияланды
Есепті айда Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздарының барлық қалған бөлігін сату жүзеге асырылды
28.05.2019
Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы 20 жылдығын атап өтуде
1999 жылғы 28 мамырда ҚҚҚ құру туралы құрылтай келісім-шартына қол қойылды