11.07.2019
209 cапарлар
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қазақстан қор биржасында облигацияларын орналастырады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қолданыстағы және жаңа тұрғын үй бағдарламаларын қорландыру мақсатында Қазақстан қор биржасында 20 млрд теңге сомасындағы купондық облигацияларды орналастырады. Облигациялардың кірісі жылдық 9,5%-10,5%-ды құрайды. Бағалы қағаздардың айналым мерзімі – 7 жыл. Қор биржасы алаңындағы сауда 2019 жылдың 17 шілдесінде өтеді.

Бұл туралы инвесторлармен өткен кездесу барысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. Бұл кездесу KASE алаңында Эмитент күні шеңберінде ұйымдастырылды.

– Бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 16 жыл. Осы уақыт аралығында ол барынша нығайып, қазіргі сәтте қазақстандық нарықтың көшбасшысы саналады. Банк өнімдерінің арқасында шамамен 200 мыңдай салымшы қоныс тойын атап өтті. Ал тағы 1,4 млн қазақстандық 692,3 млрд теңге көлеміндегі өз қаражатын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинақтауда. Оларға қолжетімді банк құралдары мен жаңа тұрғын үй бағдарламаларын ұсыну үшін банк қор жинаудың баламалы көздерін тартып, банк тарихында алғаш рет өз облигацияларын Қазақстан қор биржасында орналастырады, – деп атап өтті Ләззат Ибрагимова

Өткен жылы, банк «Әскери баспана» атты өзінің жеке тұрғын үй бағдарламасын іске қосу үшін 98 млрд теңге қаражат бөлген. Олардың 48 млрд теңгесі банкке тиесілі болса, ал 50 млрд теңгесіне Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облигациялар шығарып, оларды «Астана» Халықаралық қаржы орталығының биржалық алаңында орналастырды. Жалпы алғанда, екі жыл ішінде «Әскери баспана» бағдарламасы 6 194 әскери қызметкерлердің өз баспаналарына қол жеткізуіне көмек көрсетті.

Қазіргі сәтте банк 253,3 млрд теңге сомасына 23 657 займ берді. ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сай, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2019 жылдың 5 айы ішінде қазақстандық ипотеканың 52%-ын берді. Бұған қоса, несиелік портфельдің ең жоғарғы сапасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде. NPL (90 күннен астам мерзімі өткен несие) 0,18%-ға тең.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жеке капиталының көлемі бойынша екінші орында және  қазақстандық 28 банктің арасында активтер мөлшері жағынан сегізінші орында.

Қазіргі сәтте банк «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты – Табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға несие беру бағдарламасын («Бақытты отбасы») іске қосуға дайындық үстінде. Бұл бағдарлама халықтың ең осал топтары, яғни, көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама бойынша бастапқы жарна мөлшері пәтер бағасының 10%-ын құраса, займ мөлшерлемесі 2%-ға тең. Несие беру мерзімі – 20 жылға дейін.

Бақытты отбасы банкке 50 млрд теңге мөлшерінде қаражат түскеннен кейін іске қосылады. Несиелендіруге бөлінетін қаражат республикалық бюджетте қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар
18.10.2019
Италия мен Францияға мұнай сату тамыз айында 0,5 млрд долларға артты
Cіздердің назарларыңызға 2019 жылғы 01 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР экспорты мен импортына шолу ұсынамыз
14.10.2019
Сарапшылар қазан айында теңгенің одан әрі әлсіреуін күтпейді
ҚҚҚ 2019 жылғы қазанда кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
26.09.2019
БЖЗҚ портфеліндегі трежеристің ағымдағы құны тамыз айында 485,9 млрд теңгеге артты
Сонымен қатар қазақстандық ЕДБ-ға инвестициялар үлесі бір ай бұрын 16,0%-дан 15,6%-ға дейін төмендеді
20.09.2019
Қазақстандық банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығы төлем карталары мен онлайн қызметтерді қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады
Қазір алаяқтықтың телефон арқылы банк қызметкері ретінде таныстырып, шоттар арқылы онлайн операцияларды жүргізу үшін жеке мәліметтерді білуге тырысатын түрі кең тарап отыр
19.09.2019
Мұнай экспортынан түскен түсім шілде айында 740 млн долларға қысқарды
Сіздердің назарларыңызға 2019 жылғы 01 тамыздағы жағдай бойынша ҚР экспорты мен импортына шолу ұсынамыз
13.09.2019
Ұлттық қордың кірісі 18% өсті
Бұл ретте соңғы айларда мұнай бағасының төмендеуі аясында салық түсімдерінің азаюы байқалады