11.08.2020
116474 cапарлар
Денис Середенко Jýsan Bank басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

10 тамыз 2020 ж., Алматы. – Денис Середенко  Jýsan Bank  басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды. Ол ақпараттық технологиялар блогына жетекшілік ететін болады. 

Денис Владимирович Середенко И. М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін тәмамдаған. 

Банктік ақпараттық технологиялар, қызмет көрсетудің электронды каналдарын және инновацияларды дамыту саласындағы сарапшы болып табылады. Пәндік салаларда, бөлшек және корпоративтік электрондық қызмет көрсету арналарында банктік өнімдер, IT архитектурасы мен стратегиясын құрастырудың, интернет- және мобильді банкинг, банкоматтар, POS-терминалдар, процессингтік жүйелер, карточкалық кредиттік өнімдер құрастырудың толық циклы, халықаралық және ұлттық төлем жүйелерімен өзара әрекеттесу саласында үлкен практикалық тәжірибесі бар.

Мәскеу Банкінде (Ресей), Альянс Банкте (Қазақстан), Сбербанкте (Ресей) басқарушы позицияларда болған. Jýsan Bank-ке келер алдында Плюс Банкте (Ресей) басқарушы директор, басқарма мүшесі лауазымында жұмыс атқарған.  

Байланыс үшін:
Jýsan Bank баспасөз қызметі
Тел.: +7 (727) 331-26-00 ішкі нөм. 1215
E-mail: s.chikin@jysanbank.kz

 

Соңғы жаңалықтар
21.01.2022
Қазақстанның сақтандыру компаниялары келісімшарттардың орындалуына кепілдік береді, сақтандыру жағдайларын қарауды жеңілдетті
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Қазақстандық Сақтандыру компаниялары жасалған сақтандыру келісімшарттары талаптарының сақталуына кепілдік беретінін хабарлайды.
18.01.2022
Қазақстандық банктер жаппай тәртіпсіздіктерден кейін экономиканы қалпына келтіруге қатысуда
Қазақстандық екінші деңгейдегі банктер 5-6 қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен қалалар мен елді мекендерде тіршілік әрекетін қалпына келтіруге белсенді қатысады. Төтенше жағдай кезінде қарыздар бойынша берешекті өтеу мерзімін кешіктіргені үшін өсімпұлдар мен айыппұлдарды алып тастауға қосымша, бірқатар банктер зардап шеккен кәсіпкерлер мен халыққа материалдық көмек бөлді.
14.01.2022
Мемлекет басшысының тапсырмалары және мұнай бағасының жағымды динамикасы аясында сарапшылардың күтулері жақсарды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2022 жылдың қаңтардағы қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
14.12.2021
Әлемдік нарықтағы құбылмалылық сарапшылардың теріс күтімдерін қалыптастырды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2021 жылдың желтоқсандағы қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
29.11.2021
Қағаз ақша дәуірінің соңы: қолма-қол ақшасыз транзакциялардың көлемі қолма-қол ақша сомасынан үш есе асады
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2021 жылдың алғашқы 9 айындағы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша статистикаға шолу ұсынады
19.11.2021
Желтоқсан айының басында теңге нығаюы тиіс - дейді сарапшылар
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2021 жылдың қарашадағы қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.