14.04.2026
85 cапарлар
Fitch Ratings Altyn Bank-тің кредиттік рейтингін «BBB+» деңгейіне дейін көтерді

Fitch Ratings «Altyn Bank» АҚ-ның (China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ) шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитент дефолты рейтингтерін «BBB» деңгейінен «BBB+» деңгейіне дейін көтерді. Бұл бағалау Altyn Bank-тің қаржы институты ретінде тұрақтылығы мен сенімділігінің маңызды көрсеткіші болып табылады..

Осы шешімге әсер еткен негізгі факторлардың бірі ретінде Fitch негізгі акционер – China CITIC Bank Corporation Limited тарапынан қолдаудың жоғары ықтималдығын атап өтті. Бұл акционер тарапынан қолдау рейтингісінің «bbb+» деңгейінде бағалануымен көрініс тапты.

Сондай-ақ халықаралық рейтингтік агенттік Altyn Bank-тің шетел және ұлттық валютадағы қысқа мерзімді эмитент дефолты рейтингтерін «F2»-ден «F1»-ге дейін көтерді. Бұл деңгей Fitch бағалау сатысындағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады және банктің қысқа мерзімді міндеттемелерін уақтылы орындау қабілетін растайды. Fitch сонымен қатар банктің ұлттық ұзақ мерзімді рейтингін «AAA (kaz)» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».


«Fitch Ratings агенттігінің бағалауы Altyn Bank-тің қаржылық тұрақтылығының жоғары деңгейін растайды. Банк Қазақстандағы «BBB+» кредиттік рейтингіне ие санаулы қаржы институттарының бірі болып табылады. Altyn Bank тұрақты қаржылық көрсеткіштерді және тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, банк нарықтағы уақытылы төленбеген несиелер (NPL) деңгейінің ең төмен көрсеткіштерінің бірін сақтай отырып, сапалы кредиттік портфель қалыптастыруда», – деп атап өтті «Altyn Bank» АҚ басқарма төрағасы Мұрат Байсынов.

ҚР АРРФР лицензиясы № 1.1.114, № 3.3.254/46 23.10.2024 ж.

Соңғы жаңалықтар
13.05.2026
Резервтердің әлеуеті жоғары болғанымен, іргелі ағындардың әлсіреуі байқалады
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға Қазақстанның 2025 жылғы сыртқы сектор шолуын ұсынады.
12.05.2026
Пайда мен пайыздық спрэдтің азаюына қарамастан банктер несие беруді үдетіп жатыр
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға Қазақстанның банк секторы бойынша 2026 жылдың 1-тоқсанына арналған шолуды ұсынады.
21.04.2026
2025 жылы Қазақстан импортының шамамен 30%-ын Ресей Федерациясы қамтамасыз етті
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тауар айналымына жасалған шолуды ұсынады.
21.04.2026
Инфляция қарқынының тежелуі нәтижесінде нақты мөлшерлеме 7%-ға көтерілді
ҚҚҚ талдау орталығы назарыңызға 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның қаржы нарығындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын ұсынады.
10.04.2026
2025 жылы жаңа несиелерге сұраныс 13,7% төмендеді
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға 2025 жылғы екінші деңгейлі банктердің бөлшек несиелеу нарығына шолуды ұсынады.
09.04.2026
Макроэкономикалық жағдайлардың жақсаруына байланысты нарық базалық мөлшерлеме бойынша үзілісті күтуде
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылғы сәуірдегі жекелеген индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.