17.09.2024
16349 cапарлар
Moody's агенттігі Отбасы банктің рейтингі деңгейіне көтерді

Moody's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі 2024 жылдың 12 қыркүйегінде Отбасы банктің ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) ұлттық валютадағы депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингін Baa2 деңгейінен Baa1 деңгейіне дейін көтерді. Сондай-ақ, несиелік қабілеттіліктің базалық бағасы (ВСА) және түзетілгені ВСА ba2-ден ba1-ге дейін көтерілді.

Қысқа мерзімді рейтингі расталды. Ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам – "Тұрақты".

Moody's агенттігінің деректері банктің тұрақты жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.

Банктің бүкіл ел ипотекасы портфелінен үлесі 53% тең (2024 жылдың 1 тамыздағы деректер бойынша).

Қазір банк қазақстандық ЕДБ арасында активтер мен меншікті капитал бойынша 4-ші орында. Биылғы жылы банк өнімдерінің көмегімен 44 710 қазақстандық отбасы заем алып, қоныс тойын атап өтті.

2024 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Отбасы банктің кредиттік портфелі 3 279 млрд теңгеге тең.

Отбасы банк екінші деңгейлі банктер арасында ең төменгі NPL деңгейіне ие. Қазіргі уақытта кредиттік портфельде 90 күннен астам кешіктірілген төлемдері бар кредиттердің көлемі нарық бойынша орта есеппен 3,14% болса, Отбасы банкінде ол 0,11% деңгейінде.

Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысушылардың саны 2,8 млн адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 29,4% құрайды. 2024 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша депозиттік портфель 2 281 664 млн теңгеге тең болды.

Соңғы жаңалықтар
13.05.2026
Резервтердің әлеуеті жоғары болғанымен, іргелі ағындардың әлсіреуі байқалады
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға Қазақстанның 2025 жылғы сыртқы сектор шолуын ұсынады.
12.05.2026
Пайда мен пайыздық спрэдтің азаюына қарамастан банктер несие беруді үдетіп жатыр
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға Қазақстанның банк секторы бойынша 2026 жылдың 1-тоқсанына арналған шолуды ұсынады.
21.04.2026
2025 жылы Қазақстан импортының шамамен 30%-ын Ресей Федерациясы қамтамасыз етті
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тауар айналымына жасалған шолуды ұсынады.
21.04.2026
Инфляция қарқынының тежелуі нәтижесінде нақты мөлшерлеме 7%-ға көтерілді
ҚҚҚ талдау орталығы назарыңызға 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның қаржы нарығындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын ұсынады.
10.04.2026
2025 жылы жаңа несиелерге сұраныс 13,7% төмендеді
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға 2025 жылғы екінші деңгейлі банктердің бөлшек несиелеу нарығына шолуды ұсынады.
09.04.2026
Макроэкономикалық жағдайлардың жақсаруына байланысты нарық базалық мөлшерлеме бойынша үзілісті күтуде
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылғы сәуірдегі жекелеген индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.