15.06.2026
134 cапарлар
Moody's Alatau City Bank рейтингісін позитивті болжаммен «Ba3» деңгейінде растады

Moody's Ratings (Moody's) халықаралық рейтингілік агенттігі «Alatau City Bank» АҚ-тың ұзақмерзімді депозиттік рейтингілерін Ba3 деңгейінде растады. Рейтингілер бойынша болжам − позитивті. Сонымен бірге рейтинг агенттігі кредиттік қабілеттіліктің базалық және түзетілген бағасын (BCA) b1 деңгейінде растады.

Рейтинг агенттігінің баспасөз хабарламасында Moody's рейтингіні растау кезінде мықты капитализацияны, жоғары кірістілікті және Alatau City Bank-тің өтежоғары өтімділігін назарға алғаны атап өтілген.

«Өтімділік − кредиттік қабілеттіліктің негізгі факторы. 2025 жылдың аяғында базалық банктік өтімділік көбінесе Қазақстан Ұлттық Банкіндегі ақша қаражаты және өтімділігі жоғары мемлекеттік бағалы қағаздар түрінде, шоғырландырылған активтердің шамамен 30%-ын құрады. Капиталдың жеткіліктілік деңгейі өте жоғары. 2025 жылдың аяғында банктің материалдық жай капиталының тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерге қатынасы 50%-дан асты, ал 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша к1-2 бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті 48% құрады, бұл ең төменгі талаптардан айтарлықтай жоғары», - деп жазылған рейтинг агенттігінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Moody's сарапшылары 2025 жылы шамамен 4% құраған банк активтерінің жоғары табыстылығын атап өтті. Олардың деректеріне сәйкес, жоғары табыс әкелетін өнімдермен және банктің меншікті капиталды базасының есебінен жүзеге асатын қорландырумен сақталып тұратын жоғары маржаның арқасында пайда өсуін жалғастыруда.

Агенттік жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен ШОБ пен бөлшек саудаға маржасы жоғары кредит берудің өсуінің арқасында алдағы 12-18 айдың ішінде табыстылық тұтастай тұрақты болады деп күтеді.

Moody's пікірінше, егер Alatau City Bank өзінің нарықтық позициясын ұстап тұру және жақсарту және тұрақты банк операцияларынан түсетін пайданы ағымдағы немесе одан да жоғары деңгейде сақтау қабілетін көрсете алса, позитивті рейтингілік қарқын жалғасуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар
11.08.2026
Банктердің қорландыру құны активтердің кірістілігінен озып келеді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстан банк сектордың 2026 жылғы I жартыжылдықтағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
31.07.2026
KASE мен AIX-тегі сауда-саттық көлемі шамамен 50%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы 1-ші жартыжылдықтағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
27.07.2026
Жұмыс істейтін қазақстандықтардың тек әрбір екіншісі ғана болашақ зейнетақы жинағын жүйелі түрде қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық қызметіне шолуды назарларыңызға ұсынады.
20.07.2026
Факторинг банктік несиелеудің дәстүрлі моделін толықтыра алады
ҚҚҚ талдау орталығы сіздің назарыңызға Қазақстандағы ШОБ-ты банктік қаржыландыруды кеңейту құралы ретінде факторингке шолу ұсынады.
15.07.2026
Нақты ақша-несие жағдайлары қатаң күйінде сақталып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың қаңтар — маусым айларындағы Қазақстанның қаржы нарығындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын ұсынады.
13.07.2026
Сарапшылар ақша-несие саясатына қатысты болжамдарында әзірге сақтық танытып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылғы шілдедегі кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.