12.04.2019
3497 cапарлар
2019 жылдың алғашқы екі айында салық түсімі 26%-ға артты

Сонымен қатар республикалық бюджетке салық төлемдерінің барлық негізгі түрлері бойынша түсімдер өсуде – КТС (+21,6%), ҚҚС (+24,7%) және акциздер (+17,9%)

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдардың (ауылдың, ауданның, қаланың, облыстың) бюджеттері, сондай-ақ тиісті заңмен бекітілетін республикалық бюджет бекітіледі, орындалады және дербес болып табылады. Талдамалық ақпарат ретінде бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджет де қалыптастырылады.

Мемлекеттік бюджет олардыңарасындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмай, республикалық және жергілікті бюджеттерді қамтиды.

Шоғырландырылған бюджет мемлекеттік бюджетті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда қамтиды. Айта кетейік, мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар Ұлттық қорға түседі.

2019 жылдың екі айының қорытындысы бойынша республикалық бюджет тапшылығы 217,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімідегі тыпшылығынан  төрт есе артық. Республикалық бюджет тапшылығының ұлғаюы негізінен шығыстардың кірістерден озыңқы өсу қарқынына байланысты. Мәселен, егер есепті кезеңде бюджет кірістері 12,4%-ға өскен болса, онда шығыстар 20,9%-ға өсті. Екі айдың қорытындысы бойынша республикалық бюджет тапшылығы 217,9 млрд теңгені құрады. Айта кетейік, 10 сәуірде парламент қабылдаған "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы " Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында 2019 жылы ЖІӨ-нің 2,1%-ы немесе 1 326,6 млрд теңге көлемінде республикалық бюджет тапшылығы қарастырылған.

Сонымен бірге, жергілікті бюджеттердің профициті 167,3 млрд. теңгені құрады, осыған байланысты мемлекеттік бюджет 2019 жылдың қаңтар-ақпан айының қорытындысы бойынша теңдестірілген болып шықты – 51,1 млрд теңге тапшылық. Айта кету керек, бір жыл бұрын мемлекеттік бюджет профицит болды, кірістер шығыстардан 106,7 млрд теңгеге асып түсті.

Шоғырландырылған бюджет екі айдың қорытындысы бойынша 2018 жылдың төртінші тоқсанында негізгі төлемдер төленген ақпанда мұнай секторының жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін салық түсімдерінің ұлғаюы есебінен 102,3 млрд теңге профицитпен қалыптасты.

Дереккөз: ҚРМФ

Кірістер

Ағымдағы жылдың екі айында республикалық бюджеттің кірістері 1 640,3 млрд теңгені құрады,бұл өткен жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 12,4% - ға жоғары. Түсімдер салық төлемдерінің барлық негізгі түрлері бойынша өсуде – КТС (+21,6%), ҚҚС (+24,7%) және акциздер (+17,9%). Республикалық бюджетке трансферттер түсімі 493,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,4 млрд теңгеге аз. Оның ішінде, Ұлттық қордан трансферттер 430,0 млрд теңгені, ал облыстық және қалалық бюджеттерден трансферттер 63,4 млрд теңгені құрады.

Жеке атап өтейік, жергілікті бюджеттердің екі айдағы жиынтық кірістері 721,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2% - ға жоғары. Алайда, өсім негізінен республикалық бюджеттен берілетін трансферттер көлемінің ұлғаюымен қамтамасыз етілді – онымен қоса 14,8% 296,6 млрд теңгеге дейін. Сонымен қатар, трансферттерге неғұрлым тәуелді өңірлер Түркістан (85,1%), Алматы (79,5%), Солтүстік Қазақстан (73,5%) және Қызылорда (70,0%) облыстары болып табылады. Сонымен қатар, Алматы қаласында (73,5 млрд теңге) және Атырау облысында (51,1 млрд теңге) ең жоғары салықтық түсімдер бар.

 

2019 жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша ел бойынша салық түсімдері 2 088,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,2% - ға жоғары. Сонымен қатар, 399,9 млрд теңге салық жергілікті бюджеттерге, 1 119,4 млрд теңге республикалық бюджетке және 569,2 млрд теңге Ұлттық қорға түсті.

Дереккөз: ҚРМФ

Бюджет кірісінің негізгі баптары КТС бойынша 521,0 млрд.теңге, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардан Ұлттық қорға 222,8 млрд. теңге түсімдер болып қалып отыр. Сонымен қатар, ҚҚС бойынша кірістер 494,9 млрд теңгені құрап, 2018 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 24,7 млрд теңгеге артты. Салыстыру үшін, есепті кезеңде жеке табыс салығы бойынша жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер 139,8 млрд теңгені құрап, 2018 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 1,0% - ға ғана өсті.

Шығыстар

Ағымдағы жылдың екі айында жиынтық мемлекеттік шығыстар (шоғырландырылған бюджет) 1 927,3 млрд теңгені құрады, бұл 12 196,3 млрд.теңгеге жылдық бюджеттің 6,3% - ына сәйкес келеді. Айта кетейік, 2019 жылға жоспарланған шығыстардың 53,7% -ы бюджеттің әлеуметтік баптарына-әлеуметтік көмек пен қамтамасыз етуге (3,2 трлн теңге), білім беруге (2,2 трлн теңге) және денсаулық сақтауға (1,2 трлн теңге) тиесілі. Сонымен қатар, қаңтар-ақпан айларында аталған баптар бойынша шығыстар 1 137,8 млрд теңгені немесе кезең ішіндегі барлық шығыстардың 59,0%- ын құрады. "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы "Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын парламент бекітіп, мемлекет басшысына қол қоюға жіберілгенін атап өткен жөн. Жобамен шығындарды 1 168 млрд теңгеге 11 895 млрд теңгеге дейін ұлғайту қарастырылған. Қаражатты, оның ішінде бірқатар әлеуметтік шараларды іске асыруға бағыттау жоспарлануда.

Дереккөз: ҚРМФ

Ұлттық қор

2019 жылдың алғашқы екі айында Ұлттық қор 584,0 млрд теңгеге толықтырылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіден 53,5% артық Ақпан айында Ұлттық қордағы жалпы салық түсімі 453,3 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылдың ақпан айында түсетін табыстардан 62,6% -ға көп және ағымдағы жылдың қаңтарында кірістерден төрт есе артық. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚҚҚ 2019 жылдың бірінші тоқсанында Ұлттық қор бойынша шолу жариялады.

Талдау материалдарын кез келген пайдалануға тек afk.kz дереккөзіне гиперсілтеме болғанда ғана жол беріледі.

Соңғы жаңалықтар
18.04.2024
Қор нарығын капиталдандыру 31 трлн теңгеге дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолу ұсынады.
10.04.2024
Мұнайдың жоғары бағасы өндірістің ықтимал қысқаруына қарамастан ҚР экономикасының өсуін қолдай алады — дейді сарапшылар
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы сәуірдегі кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
02.04.2024
Қазақстандық банктер су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларға қарыздарын кейінге қалдыруды ұсынады
Екінші деңгейдегі қазақстандық банктер су тасқыны кезеңінің салдарын жоюға және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен халық пен кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған Үкіметтің шұғыл шараларын қолдайды.
29.03.2024
2023 жылы зейнетақы аннуитеттеріне, өмірді және жазатайым оқиғалардан сақтандыруға сұраныстың күрт өсуі байқалды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
13.03.2024
Байқалған және күтілетін инфляцияның өсуі ақша-несие шарттарын қалыпқа келтіру циклін тоқтата тұруы мүмкін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы наурыздағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
05.03.2024
2023 жылғы жиынтық сақтандыру төлемдері 38,5%-ға, алушылар саны 21,4%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолу ұсынады.