14.10.2020
12881 cапарлар
Экономикаға қосымша ақшалай ынталандыру қажет болуы мүмкін - сарапшылар

ҚҚҚ қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына 2020 жылдың қазанында кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.

Зерттеуде қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының, банк, сақтандыру, брокерлік ұйымдар өкілдерінің, талдау және қазынашылық бөлімшелері қызметкерлерінің пікірі зерделенді. Осы жарияланымда келесі негізгі индикаторлар бойынша болжамдарға қатысты сұрақтарға респонденттердің жауаптары берілген:

  1. Brent маркалы мұнайдың құны;
  2. Ресей рубліне қарсы АҚШ долларының құны;
  3. Қазақстандық теңгеге қарсы АҚШ долларының құны;
  4. Қазақстандық теңгеге қарсы Ресей рублінің құны;
  5. Инфляция;      
  6. ЖІӨ;
  7. ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі.

Резюме

  • Ұлттық валютаның долларға қарсы қалыпты нығаю әлеуеті қараша айының басында сақталады. Алайда алдағы жылы теңгеге қысым күшеюі мүмкін.
  • Инфляциялық көріністі қабылдау жақсарды. ТБИ бойынша орташа күтулер бір жылдан кейін 7,7%-дан 7,2%-ға дейін ауысты.
  • Экономиканы қалпына келтіру траекториясы таяудағы 12 айда ЖІӨ-нің кемінде 1,7% өсуіне шығуды көздейді.
  • Экономикаға қосымша монетарлық ынталандыру қажет болуы мүмкін. Сарапшылар 12 ай көкжиегінде базалық мөлшерлеменің 8,75%-ға дейін төмендеуін күтуде.
  • Бұл экономикадағы нақты пайыздық мөлшерлеме (базалық мөлшерлеме-күтілетін инфляция) оң аумақта қалады (+1,55%).

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ

Бұл нәтижелер инвестициялық ұсыныс болып табылмайды және тәуелсіз сарапшылардың пікірлерін көрсетеді, сондай-ақ ұсынылған ұйымдардың ресми пікірі болып табылмайды. ҚҚҚ, сондай-ақ осы зерттеуге қатысушылар уақыттың нақты бір сәтінде сараптамалық пайымдаулар болып табылатын, осы шолуда ұсынылған болжамдар үшін қандай да бір жауапты болмайды.
Қаржы және тауар нарықтарындағы бағаның өзгеруі сипаты мен әсер етуі бойынша әлемде болып жатқан көптеген оқиғалардың салдары болып табылады. Болжау өзектілігін бірден жоғалтуы мүмкін бірқатар болжамдарды қамтиды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты ҚҚҚ көпшілік алдында айтылған кез келген болжамдарға тиісті сақтықпен қарауды ұсынады.

  Сараптамалық сауалнама нәтижелерінің PDF нұсқасы

 
Талдау материалдарын кез келген пайдалануға тек afk.kz дереккөзіне гиперсілтеме болғанда ғана жол беріледі.

 

Соңғы жаңалықтар
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.
04.09.2026
Сарапшылар базалық мөлшерлеме қыркүйекте төмендеп, бір жылдан кейін 14,75%-ға дейін түседі деп болжап отыр
ҚҚҚ талдау орталығы қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылдың қыркүйек айындағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.
31.08.2026
Ипотека тұтынушылық қарыздардың бәсеңдеуі аясында бөлшек несиелеу өсімінің жартысына жуығын қамтамасыз етті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы бірінші жартыжылдықтағы ЕДБ бөлшек несиелер нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
21.08.2026
Бюджет кірістері шығыстардан жылдамырақ өсіп келеді, алайда борышқа қызмет көрсету қымбаттап барады
ҚҚҚ талдау орталығы ҚР 2026 жылғы І жартыжылдықтағы бюджет балансына шолуды назарларыңызға ұсынады.