22.09.2020
27146 cапарлар
ҚҚҚ мүшелерінің жалпы жиналысының қорытындылары

Алматы, 22 қыркүйек 2020 ж.— Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мүшелері ағымдағы жылдың 18 қыркүйекте өткен, жалпы жиналысында 2019 жылғы ҚҚҚ қызметі туралы есепті бекітіп, ҚҚҚ кеңесінің жаңа құрамын сайлады.

"ҚҚҚ бизнесті қолдау бағдарламаларын, қаржы заңнамасын жетілдіруді, сондай-ақ нарықты реттеудің тәсілдері мен практикаларын өзгертуді қоса алғанда, әртүрлі мемлекеттік бастамаларды әзірлеу және қажет болған жағдайда түзету процестеріне белсенді қатысуды жалғастыруда. Осы маңызды жұмыста біз барлық тартылған тараптардың мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік органдар мен даму институттары мен қаржы нарығының жүзден астам қатысушысы арасындағы өзіндік байланыстырушы буын ретінде әрекет етеміз. Бұл жұмыс міндетті түрде жалғастырылатын болады және ҚҚҚ-ның қазіргі күрделі экономикалық жағдайдағы интеграциялық рөлі қаржы нарығының барлық стейкхолдерлерінің, әсіресе — қаржылық қызметтерді тұтынушылардың игілігі үшін ғана өсетін болады", — деп ҚҚҚ кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова қауымдастық жұмысының нәтижелеріне түсініктеме берді.

ҚҚҚ мүшелері қаржы секторын реттеу және қадағалау, бизнесті, сақтандыру секторын қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары, бағалы қағаздар нарығын ырықтандыру және зейнетақы жүйесін реформалау мәселелерін қоса алғанда, 2019-2020 жылдардағы ҚҚҚ жұмыс жоспарының орындалу нәтижелерімен танысты.

Жиналыста сондай-ақ 2019-2020 жылдары ҚҚҚ-мен орындалған заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілер жобаларының сараптамасы туралы мәліметтер; қауымдастықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға және елдің қаржы секторы туралы объективті ақпарат беруге бағытталған сараптамалық орталығының нәтижелері ұсынылды. Пандемиямен және карантиндік шаралармен байланысты шектеулер жағдайында 2020 жылы қаржы секторы жұмысының аспектілері жеке қозғалды.

Таяудағы келешекте қауымдастық қаржы нарығының тұрақтылығын сақтай отырып, бизнесті қолдау шараларына қатысты талдау мен ұсыныстар әзірлеуге, сондай-ақ қаржы секторының мүдделерін қозғайтын заң жобаларымен жұмыс істеуге назар аударуды жоспарлап отыр. Сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, зейнетақы жүйесін реформалау, қаржы қызметтері мен төлем жүйелерін цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.

ҚҚҚ кеңесінің құрамына танымал қаржыгерлер - екінші деңгейдегі банктерді, сақтандыру ұйымдарын және инвестициялық портфельді басқарушыларды, сондай-ақ қаржы нарығының инфрақұрылымдық ұйымдарын қоса алғанда, елдің ірі қаржы институттарының басшылары сайланды.

Соңғы жаңалықтар
24.06.2026
Ірі бизнес бойынша орташа несиелік өтінім 80%-ға — ₸18,8 млрд-қа дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру туралы шолуын ұсынады.
18.06.2026
Автонесиелеуге сұраныс 11%-ға, ал берілу көлемі 18%-ға қысқарды
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның автонесиелеу нарығына жасалған шолуды ұсынады.
17.06.2026
Жаңадан берілген ипотеканың 85%-ы жеңілдетілген бағдарламаларға тиесілі
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың І тоқсанындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды ұсынады.
04.06.2026
Сарапшылардың жартысынан көбі ақша-несие саясатының жұмсара бастауын күтеді
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылғы маусымдағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.
04.06.2026
Халыққа жаңа қарыздар беру тоқсан ішінде 4,4%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы ЕДБ бөлшек несиелеу нарығына шолуын ұсынады.
03.06.2026
Бөлшек нарықтың баяулауы жағдайында несиелерге негізгі сұранысты бизнес қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын ұсынады.