07.02.2019
1816 cапарлар
Қазақстанда қаңтар айында 300 мың авто сақтандыру электронды полистері сатып алынды

Сақтандыру компаниялары онлайн-сақтандыруды іске қосқаннан кейін бірінші айда автомобиль иелерін міндетті сақтандырудың (КҚИ АҚЖМС) 00 мыңнан астам электрондық полистерін іске асырды.

Барлық жасалған шарттар бойынша сақтандыру сыйлықақыларын жинау КҚИ АҚЖМС 3,8 млрд теңгені құрады. Осылайша Қазақстан бойынша полистің орташа құны 12,8 мың теңгені құрады.

2018 жылғы 2 шілдедегі сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы туралы Заңға сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда қызметкерді жазатайым оқиғалардан (ҚЖОМС) және өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қоспағанда, міндетті сақтандырудың барлық түрлері бойынша электрондық нысан енгізілді.

Онлайн-режимде КҚИ АҚЖМС шартын жасасу сақтанушыға сақтандыру компаниясынан полис құнының 10% - на дейін жеңілдік алуға мүмкіндік береді. Сақтандыру агентіне немесе сақтандыру компаниясының менеджеріне өтініш жасаған жағдайда полис  жеңілдіктерсіз сатылады.

Бұдан басқа, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік құралдарының жүргізушілері өзімен бірге қағаз тасығышта сақтандыру полисін алып жүруге міндетті емес. Бұдан былай жол полициясы қызметкерлері бірыңғай деректер базасында сақтандыру полисінің бар-жоғын дербес  тексере алады.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда 4 млн-нан астам жеңіл автокөлік тіркелген, олардың иелері заңнамаға сәйкес өздерінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыруы тиіс, – деп түсіндірді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) басқарушы директоры Ерлан Бурабаев. – Біз жыл соңына дейін барлық автокөліктерді электронды полиспен толық жабуды күтеміз, оның артықшылығы айқын және иелеріне тек уақытты ғана емес, қаражатты да үнемдеуге мүмкіндік береді».

Айта кету керек, электронды сақтандыруды енгізудің бірінші айы ішінде КҚИ АҚЖМС полистерін сатып алу кезінде ең көп таралған мәселе мемлекеттік дерекқорларда, негізінен көлік құралын есепке қою кезінде жіберілген қателіктер болды.

Бұдан басқа, Қазақстанға келетін резидент емес жүргізушілер тарапынан (негізінен Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының аумағынан) олардың білместігін пайдалану  арқылы, өздерін сақтандыру агенттері болып  көрсететін басқа тұлғалар жалған сақтандыру полистерін қағаз тасығыштарда сататын жағдайлар анықталады.

Сақтандыру полисін қайдан сатып алуға болады?

Алаяқтықты болдырмау үшін, электронды сақтандыру полисін сақтандыру компаниясының сайтында немесе тікелей оның кеңсесінде онлайн режимде ресімдеуге болады. Сондай-ақ полис сақтандыру агенті арқылы сатып алуға болады, бірақ бұл тұлғаның сақтандыру ұйымының өкілі екендігіне көз жеткізу қажет (сенімхаттың болуын тексеру және қажет болған жағдайда сақтандыру компаниясымен байланыс жасау).

Қазіргі уақытта КҚИ АҚЖМС онлайн полисін сатып алуға болатын сақтандыру компанияларының тізімі:

  1. Евразия
  2. Halyk– Казахинстрах
  3. Виктория
  4. Қазақмыс
  5. Nomad Insurance
  6. Kommesk
  7. Сентрас Иншуранс
  8. Kaspi Сақтандыру
  9. НСК
  10. Amanat
  11. Interteach
  12. Цесна Гарант
  13. Лондон-Алматы
  14. Freedom Finance Insurance
  15. АСКО

АҚЖМС полисін қалай сатып алуға болады?

Сақтандыру компаниясының сайтында тиісті өнім  –  КҚИ АҚЖМС полисін таңдау қажет. Одан әрі сақтанушының ЖСН енгізу, одан кейін тегі, аты-жөні мен сақтандыру класын автоматты түрде салыстырудың бірінші кезеңі болады. Қажет болған жағдайда көлік құралын басқару үшін рұқсат берілетін қосымша сақтандырылған адамдарды қосуға болады.

Одан әрі көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін толтыру қажет, содан кейін деректерді автоматты түрде салыстырудың екінші кезеңі – маркасы, модельдің шығарылған жылы, көлік құралының түрі өтеді. Егер көлік құралы бойынша деректерде қате болса, мұндай жағдайда сақтандыруды қолмен жүзеге асыру үшін сақтандыру компаниясының кеңсесіне жүгіну қажет. Бұдан басқа, мұндай жағдайларды болдырмау үшін болашақта көлік құралы бойынша деректерді түзету үшін тиісті мемлекеттік органға (мысалы, мамандандырылған ХҚКО) жүгіну қажет.

Барлық қажетті деректерді толтырғаннан кейін төлем картасымен төлеу жүзеге асырылуы қажет. Осылайша төлем банк немесе төлем терминалы арқылы тиісті деректемелер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, оларды сақтандыру компаниясын қамтамасыз етеді. Төлем карточкасымен төлегенде, сақтандыру шарты дереу күшіне енеді, ал банк арқылы төлеу кезінде – сақтандыру компаниясына қаражат түскеннен кейін ғана әрекет ете бастайды. Сақтандыру шартын жасау фактісі бойынша растау сақтанушыға сақтандыру компаниясынан және Мемлекеттік несие бюросына SMS немесе e-mail арқылы жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар
21.11.2024
Елдегі төлем карталарының саны 80 миллион бірлікке жетті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың 9 айындағы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша статистикаға шолу ұсынады.
18.11.2024
Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XII Конгресі өтті
15 қарашада Алматыда қазақстандық қаржы нарығы мамандарының дәстүрлі жыл сайынғы кездесуі өтті. ҚҚҚ, Ұлттық Банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұйымдастырған қаржыгерлердің он екінші Конгресі Қаржы секторын ырықтандыру және дамыту тақырыбына арналды.
13.11.2024
Сарапшылар USD KZT бағамын бір жылдан кейін бір доллар үшін 507 теңге деңгейінде күтеді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы қарашадағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
12.11.2024
Қаржы секторы құрылыс, байланыс және ауыл шаруашылығы салалары біріктірілгендей көп салық төлейді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың 9 айындағы Қазақстанның банк секторына шолу ұсынады.
28.10.2024
Корпоративтік облигацияларды орналастыру жыл басынан бері 3 трлн теңгеден асты
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың 9 айындағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолу ұсынады.
13.10.2024
Сарапшылардың төрттен үш бөлігі базалық мөлшерлеменің ішкі инфляциялық факторлар аясында сақталуын күтуде
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы қазандағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.