03.07.2019
2557 cапарлар
Банк ВТБ (Қазақстан) «Ақ Ниет» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді қаржыландыруды бастады

Банк ДАМУ Қорымен және Шығыс Қазақстан облысы Әкімдігімен 200 млн.теңге, оның 100 млн. теңгесін облыс Әкімдігі және 100 млн. теңгесін – Қор берген сомаға «Ақ Ниет» субөнім бойынша – Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасына қатысу туралы кредиттік келісімге қол қойды.

Осы бағдарламаның аясында Банк ВТБ (Қазақстан) жылдық 8,5%-ға дейінгі сыйақының атаулы мөлшерлемесімен ШҚО бизнесмендеріне жеңілдікті кредит беруде.

-  Банк ВТБ (Қазақстан) «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірігіп, ШОБ секторына маңызды қолдау көрсете отырып, көптеген жобаларды іске асырды, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло: – біз кезінде Шығыс Қазақстан облысының Әкімдігімен және Даму Қорымен «2- Ақ Ниет» субөнім бойынша бірге жұмыс жасағанбыз. Ол кезде банк сол өңірдің кәсіпкерлерін қаржыландыруға бөлінген 300 млн. теңгені ойдағыдай игерген. «2-Ақ Ниет» пен «Ақ Ниет» бағдарламаларының айырмашылығы аз, осы екі субөнімінің мақсаты бір – облыс бизнесмендерге қолдау көрсету. Мысалы,  «Ақ Ниет» бағдарламасы азық-түлік өнеркәсібін, агрокешенді, туризмді және азық-түліктік емес тауарларды өндірудің дамуына ерекше көңіл бөледі, яғни бірінші кезекте осы саладағы кәсіпкерлерді артық көреді.

ШҚО бизнесмендері немесе сол өңірде бизнесін дамытуға ниетін білдіргендер, олардың қарыз алу мақсаты – негізгі қаражатты сатып алу немесе айналымдағы қаражатты толықтыру болған жағдайда, Банк ВТБ (Қазақстан)-нан  200 млн. теңгеге дейінгі ең көп сомада кредит алу үшін Банкке жүгіне алады. Кредит беру мерзімі – 7 жылға дейін.

Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
Бизнесті кредиттеудің өсімін негізінен қолданыстағы қарыз алушылар қамтамасыз етіп отыр
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстан экономикасы салаларын кредиттеудің 2026 жылғы 9 айдағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.