27.06.2019
4482 cапарлар
Jýsan Bank және First Heartland Bank бірікті

2019 жылдың 27 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында "First Heartland Bank" АҚ-тың "First Heartland Jýsan Bank" АҚ-қа қосылуы туралы шешім қабылданды.

Осыған байланысты First Heartland Jýsan Bank Басқарма Төрағасы Бекжан Пірматов: «Біз, акционерлердің екі қаржы ұйымының адам және қаржы ресурстарын біріктіруге мүмкіндік беретін, сондай-ақ бүгінгі күнде еліміздегі тұрақты және өтімділігі жоғары банктердің бірі болып табылатын «First Heartland Jýsan Bank» АҚ-тың (Жусан банк) мәртебесін арттыратын аталған шешіміне қуаныштымыз» - деп өз пікірімен бөлісті.  

2019 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша First Heartland Jýsan Bank 680 млрд теңгеден немесе барлық активтерінің 70% асатын сомамен жоғары өтімділікті активтер үлесі бойынша нарықтағы үздіктер үштігіне кіреді, сондай-ақ кредиттік портфельге қалыптастырылған резервтер көлемі бойынша бірінші орында.

First Heartland Bank-тың қосылуы нарықтық жайғасымдарды нығайтады, біріккен Банктің инвестициялық тартымдылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп күтілуде. Мәселен, қосылудан кейін First Heartland Jýsan Bank активтері 1 трлн теңгеден асатын соманы құрайды, ал жоғары өтімділікті активтер 800 млрд теңгеден асады.

«Бұл жақсы жаңалық, әсіресе біздің клиенттеріміз бен серіктестеріміз үшін, өйткені біз өзімізге қаржылық жағдайы мінсіз және клиенттік базасы жақсы банкті қосып жатырмыз, бұл өз кезегінде, біздің банктік сектордағы жайғасымдарымызды нығайтады» - деп Б.Пірматов мырза ойын түйіндеді.

Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
Экспорттың озыңқы өсуі аясында Қазақстанның сырты саудасы қалпына келді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 7 айындағы Қазақстанның тауар айналымы бойынша шолуын назарларыңызға ұсынады.
15.10.2026
Бизнесті кредиттеудің өсімін негізінен қолданыстағы қарыз алушылар қамтамасыз етіп отыр
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстан экономикасы салаларын кредиттеудің 2026 жылғы 9 айдағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.