09.11.2018
184 cапарлар
Ұлттық қорға түсетін салық түсімдері ағымдағы жылы 62 %-ға артты

Ұлттық қордың қаражаты қазан айында теңгелік және сондай-ақ долларлық баламада өсті  

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері бойынша 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Ұлттық қор қаражаты 23 049,5 млрд теңгені құрады. Осылайша, Ұлттық қордың қаражаты соңғы айда 108,7 млрд теңгеге ұлғайды, ал жыл басынан бері өсім 124,9 млрд теңгені құрады. Сонымен бірге, деректерде 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында 408,3 млрд. теңге көлемінде инвестициялық кіріс ескерілген. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы инвестициялық табыс 1 429,0 млрд теңгені құрады. Теңге бағамының әлсіреуін және сыртқы нарықтардағы пайыздық мөлшерлемелердің өсуін ескере отырып, ағымдағы жылы Қорды басқарудан түскен инвестициялық табыс өткен жылғы көрсеткіштен әлеуетті асып кетуі мүмкін. Сонымен қатар, ҚРҰБ мәліметінше, Ұлттық қордың долларлық баламасындағы қаражаты қазан айында 0,1% - ға 56,6 млрд долларға дейін өсті, ал жыл басынан бері 3,15% - ға төмендеді.

Ұлттық қорға ағымдағы жылдың 10 айында түскен түсім 2 740,9 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, 2 302,3 млрд теңге кірістер тікелей салықтарға қатысты болды, бұл 2017 жылғы жиынтық салықтардан 15,0% - ға артық.Егер өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырсақ, салық түсімдері 62,0% - ға артты. Атап айтқанда, ағымдағы жылы өнімді бөлу бойынша келісім-шарттар бойынша ҚР үлесі (+460,0 млрд теңге) артып, КТС бойынша түсімдер айтарлықтай өсті (+443,8 млрд теңге). Ағымдағы қарқын сақталған жағдайда салық бойынша қорытынды түсімдер 2018 жылы 2 800 млрд теңгені құрауы мүмкін.

1-кесте. Ұлттық қорға түсетін салық түсімдері:

Дереккөз: ҚР ҚМ

Ағымдағы жылы түсімдердің айтарлықтай артуы мұнайға қатысты жоғары баға, сондай-ақ мұнай өндіру мен экспортының өсуі аясында орын алып отыр. Атап айтқанда, 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында Каспий құбыр консорциумы (КҚК) 50,0 млн. тонна мұнай экспорттады, бұл 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,3% -ға көп. Ағымдағы жылдың қазан айында мұнай экспортының көлемі өткен жылдың тиісті айында 4,7 млн тоннаға қарағанда 5,1 млн тоннаны құрады. Естеріңізге сала кетейік, сондай-ақ, 2018 жылдың қазан айының басында Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 86,7 долларға дейін көтерілді, бұл 2014 жылдың соңынан бастап барынша жоғары болып табылады.

1-Диаграмма. Brent мұнай баррелінің құны: 

Дереккөзinvesting.com 

2018 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің көлемі 2 600,0 млрд. теңге сомасында көзделген, ол 2018 жылдың 10 айы ішінде толық көлемде берілді. Есеп беру кезеңінде Ұлттық Қорды басқаруға байланысты шығындар 16,0 млрд.теңге сомасында қосымша төленді.

Өткен жылы республикалық бюджет Ұлттық қордан аударылған аударымдарға қатты тәуелді болды және нәтижесінде 2 001,1 млрд теңге мөлшеріндегі рекордтық салықтық түсімдерге және 1 429,0 млрд теңге мөлшеріндегі салыстырмалы жоғары инвестициялық кірістерге қарамастан, қор қаражаты 941,1 млрд теңгеге қысқарды. Өткен жылы барлығы 4,42 трлн теңге қор қаражаты пайдаланылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдан бастап Үкімет Республикалық бюджеттің Ұлттық қордан берілетін трансферттерге тәуелділігін төмендетеді. Мәселен, Президент қол қойған "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңда 2020 жылдан бастап республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт теңгемен абсолюттік мәнде бекітілетін және 2 трлн теңге мөлшерінде белгіленетін болады деп көзделген. Бірақ жаңа ережеге біртіндеп көшу мақсатында Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері кезең-кезеңімен төмендетілетін болады. 2018 жылы кепілдік берілген трансферт – 2,6 трлн теңгені, 2019 жылы – 2,3 трлн теңгені, 2020 жылы және одан кейінгі жылдары – 2 трлн теңгені құрайды. Алайда, 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында барынша бірқалыпты көшу көзделген. Мәселен, кепілдік берілген трансферт мөлшерін 2019 жылы 2,4 трлн теңгеге, 2020 жылы 2,3 трлн теңгеге, ал 2021 жылы 2,0 трлн теңгеге дейін ұлғайту ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар
07.03.2019
Елена Бахмутова KASE-де гендерлік теңдікке арналған сауда-саттық ашты
Салтанатты рәсімге бизнес пен қоғамдық қызметте табысқа жеткен әйелдер қатысты
06.03.2019
Ұлттық қорға түскен түсімдер ақпан айында төрт есеге дерлік артты
2019 жылдың алғашқы екі айындағы кіріс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53,5%-ға өсті
04.03.2019
Ерлан Бурабаев Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
Ол сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша ҚҚҚ жұмысын жалғастырады
28.02.2019
Абди БЖЗҚ-ға жарты миллиард теңгеден астам қаржы қайтарды
Қаңтар айында Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтары 0,6%-ға артып, 9,4 трлн теңгеден асты
18.02.2019
Қаңтар айында бюджеттің кірістері өткен жылғы кезеңге қарағанда 27,4%-ға өсті
Сонымен бірге бюджет шығындары 896,3 млрд теңгені құрады, оның 68,5%-ы бюджеттің әлеуметтік баптары жіберілді
18.02.2019
Сарапшылар инфляция бойынша төмендетілген болжамын қайта қарады
ҚҚҚ 2019 жылғы ақпанда кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады