22.08.2023
204 cапарлар
Электрондық цифрлық қолтаңбаңызға сақ болыңыз: алаяқтар оны қалайша пайдаланулары мүмкін

Қазіргі уақытта өмірімізді электрондық цифрлық қолтаңбасыз (ЭЦҚ) елестету қиын, оның көмегімен біз тәуліктің кез келген уақытында және аптаның кез келген күнінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аламыз, оның көмегімен онлайн-қабылдау бөлмелеріне жүгінеміз, тұрғын үй кезегін қадағалаймыз, мәмілелер және тағы басқалар жасасамыз. Алайда, мұның кері жағы да бар: егер сіз қырағылық танытпай, электрондық цифрлық қолтаңбаңызға сақ болмасаңыз, алаяқтардың құрбаны болуыңыз әбден ықтимал. Алаяқтар ЭЦҚ-ны қалай пайдалануы мұмкін және оны қалай қорғауға болатыны жөнінде Fingramota.kz-пен бірге қарастыралық.

Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – бұл сіздің қолжазба қолтаңбаңыздың цифрлық баламасы. Белгілі бір цифрлық құжаттарға жеке ЭЦҚ-мен қол қою арқылы сіз іс-әрекеттеріңіздің заңдылығын растайсыз.

ЭЦҚ-ны Қазақстанда жеке, сондай-ақ заңды тұлғалар ресімдейді. Жеке тұлғалар ЭЦҚ-ны мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алу, өздерінің зейнетақы аударымдарын немесе медициналық сақтандыруды қадағалау және т.б. үшін пайдаланады. Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ-ны басшы, сонымен қатар қажет болған жағдайда белгілі бір міндеттерді шешу үшін уәкілетті қызметкерлер де алады.

Алаяқтар ЭЦҚ-ны өз мақсаттары үшін қалай пайдалана алады

Егер сіз ЭЦҚ-ны жоғалтып алсаңыз немесе оны бөтен адамдарға қандай да бір «көмек» үшін берсеңіз, онда олардың қолында сіздің барлық жеке деректеріңіз бар есептей беріңіз. Қаскүнемдер ЭЦҚ-ны күмәнді мәмілелер жасау, пәтерде бөгде адамдарды тіркеу немесе сіздің көлігіңізді қайта ресімдеу үшін пайдалана алады.

Түсінікті болу үшін ЭЦҚ-мен алаяқтықтың бірнеше мысалын қарастырайық.

1-мысал: ұйымның қаржысын пайдалану мақсатында жүргізілген алаяқтықтар

ЭЦҚ- мен алаяқтықтың ең көп таралған түрі – басшының  өз ЭЦҚ-ын фирманың атынан қаржылық операциялар жүргізуге құқылы қызметкерге беруі.

Жосықсыз қызметкер ұйымның ақшасын жалған мәмілелер мен жалған төлем шоттары арқылы иемденуі мүмкін. Алайда, ЭЦҚ басшының атына  тіркелгендіктен, құқық қорғау органдары басшының өзін жауапқа тартады. Бұл ретте қолтаңба иесіне алаяқтыққа қатысының жоқтығын дәлелдеу өте қиынға соғады.

2-мысал: «жоқ адамдарды» жұмысқа орналастыру

Алаяқтар арасында «жоқ адамдарды» жұмысқа орналастыру  кеңінен таралған, бұл да басшының ЭЦҚ-сы арқылы жасалады. Жұмысшылар қағаз жүзінде болады, ал олардың жалақысы алаяқтардың қалтасына түседі. Бұл жағдайда да  тергеу жұмыстары күрделене түседі, себебі  жоқ  қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға  басшының қолы қойылған, ал ол ЭЦҚ-ны қызметкеріне өз еркімен тапсырса да бұл жөнінде бейхабар болады. 

3-мысал: пәтерде шектен тыс адамның тіркелуі

Көбінесе ЭЦҚ сыйақы үшін пәтерге тіркеу үшін қолданады, осыдан кейін жүздеген адамды бір пәтерге тіркеуге болады. Бұл жағдай ЭЦҚ жоғалтқан немесе оны басқа адамға сеніп тапсырған баспана иесіне қатысты орын алуы мүмкін.

4-мысал: қылмыскерді ұстау үшін арнайы операция түрінде ЭЦҚ-ны алып қою

Азаматтар алаяқтардың полиция мен мемлекеттік органдар қызметкерлеріміз дегендеріне сеніп,  алаяқтардың құрбаны болып жатады. Схема мынадай: адамға, мысалы, құқық қорғау органдарының жалған қызметкері қоңырау шалып, қауіпті қылмыскердің ұсталғанын айтады, осылайша жеке тұлғаның ЭЦҚ және паролінің қажет екені айтылады. Егер адам бас тартса, олар келіскенше қысым жасайды және қорқытады. Алаяқтар ЭЦҚ-ны өз иелігіне алып, банктерге және микроқаржы ұйымдарына кредиттерге өтінімдер жібереді. Содан кейін коллекторлар ЭЦҚ иесіне шығады, оның шоттарына тыйым салады, бұл жерде басқа адамның өтінім бергенін дәлелдеу мүмкін емес.

5-мысал: ЭЦҚ жасауға көмектесу туралы уәде

Азаматтардың ЭЦҚ ерекшеліктері туралы жеткіліксіз хабардар болуы алаяқтарға өте қолайлы. Олар адамдарды азырақ сома берсе де тез қол қоюды ресімдеуге уәде береді. Содан кейін алаяқтар ЭЦҚ мен парольді өздерінде сақтайды және кез келген операция жасай алады — мысалы, көлікті басқа адамға қайта ресімдеу немесе заңды тұлға оларға жүгінген болса, мәмілелерді өз пайдасына жасай алады.

Сондай-ақ, азаматтар халыққа қызмет көрсету орталықтарына жиі жүгінеді және жалпыға қолжетімді стационарлы компьютерлерде                              ЭЦҚ жасайды. Көптен күткен ЭЦҚ алғаннан кейін, олар компьютердің жұмыс үстелінде сақталған деректерді өшірмей кете барады.  Бұдан әрі олардың      ЭЦҚ-сын жосықсыз азаматтар өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарына пайдаланады.

ЭЦҚ-ны қалай сақтап қалуға болады

Ең бастысы ЭЦҚ-ға немқұрайлы қарамаңыз. Бұл қолтаңбаның заңды күші бар екенін, оған мән бермесеңіз алаяқтардың құрбаны болатыныңызды естен шығармаңыз.

ЭЦҚ пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі қағидалары:

  1. ЭЦҚ паролін өзгертіңіз. Егер сіз қолтаңбаны ХҚКО-дан алсаңыз, онда қызметкер, әдетте, ЭЦҚ-ға стандартты Аа 123456 паролін береді. Оны өзіңіз өзгерткен дұрыс, мұны жеке кабинетте жасауға болады. Осылайша Сіз өзіңізді алаяқтардан да, ХҚКО-ның жосықсыз қызметкерлерінен де қорғайсыз.
  2. ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға бермеңіз. Бөгде адамдарға қандай жағдай болмасын рұқсат бермеу қажет, себебі ЭЦҚ арқылы олар құжаттарға қол қоюы ықтимал. Және мұндай жағдайда, сіздің қолтаңбаңыз еместігін дәлелдеу мүмкін болмайды.
  3. ЭЦҚ-ны мессенджер, әсіресе топпен құрған чаттар арқылы  жібермеңіздер, себебі оны кез келген қатысушы көшіріп пайдалануы ықтимал. ЭЦҚ-мен жасалатын барлық рәсімді өзіңіз жасауға тырысыңыз.
  4. Компьютерді вирустардан қорғаңыз. Егер ЭЦҚ-ны компьютерде сақтасаңыз, сапалы лицензиялық антивирус орната отырып, қорғауды ойлаңыз және оны үнемі жаңартып отырыңыз. Сондай-ақ белгісіз (танымайтындардан) адамдардан келген электрондық хаттарды ашпаңыз және күдікті сілтемелер бойынша өтпеңіз. Олар пайдаланушылары сіздің компьютеріңіздегі барлық затқа қашықтан қол жеткізетін шпион бағдарламалар болуы мүмкін.
  5. ЭЦҚ салынған файлға оның паролінің атын қоймаңыз. Кейбір азаматтар ЭЦҚ паролін ұмытпау үшін қолтаңбасы бар папкаға немесе файлдың өзіне құпия комбинация атын қоюы ықтимал. Мұнымен алаяқтардың жұмысын тек жеңілдетесіз, олар ЭЦҚ-ға оңай қол жеткізеді.
  6. ЭЦҚ-ны бөгде адамдар арқылы ресімдемеңіз.  ЭЦҚ-ға алуға не ХҚКО-ға не eGov mobile арқылы онлайн жүгіне аласыз, ал егер сауалдарыңыз болса 1414 колл-орталығына қоңырау шалыңыз. Қолтаңбаны жылдам, әрі еш мәселесіз ресімдеймін дегенге сенбеңіз, себебі алаяқтар «шынайылық үшін» ЖСН, банктік картаның деректемелерін және оның пин-кодын да сұратуы мүмкін.
  7. Өз сматрфоныңызға тексерілмеген қосымшалар орнатудан сақ болыңыз. ЭЦҚ-ны eGov mobile арқылы сақтасаңыз, егер алаяқтарға өз телефоныңызға кіруге рұқсат етсеңіз, оған орнатылған пин-код та Сізді қорғамайды. Бұл үшін шпиондық болып шығатын қосымшаны көшірсе болғаны.  Өз смартфоныңызға барынша аз қосымша орнатуға тырысыңыз. Осылай сенімдірек. Жеткізу бойынша қосымшалар экран жазбасынан «ұстап алған» жағдайлар да болған.
  8. Егер ЭЦҚ-ға рұқсаты бар компания қызметкері жұмыстан шықса, қолтаңба сертификаттарын уақытында қайтарып алыңыз. Бұл тармақ жеке меншік   бизнес иелеріне қатысты — экс-қызметкер компания шотынан ақша алуы да және ол шотты жабуы да ықтимал.
  9. Егер сіз компьютерде немесе флешкада сақтаған ЭЦҚ-ны жоғалтсаңыз, онда оның күшін жойып, жаңасын жасап алыңыз.

Өзіңізге, ақшаңызға абай болыңыз және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

Соңғы жаңалықтар
18.04.2024
Қор нарығын капиталдандыру 31 трлн теңгеге дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолу ұсынады.
10.04.2024
Мұнайдың жоғары бағасы өндірістің ықтимал қысқаруына қарамастан ҚР экономикасының өсуін қолдай алады — дейді сарапшылар
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы сәуірдегі кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
02.04.2024
Қазақстандық банктер су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларға қарыздарын кейінге қалдыруды ұсынады
Екінші деңгейдегі қазақстандық банктер су тасқыны кезеңінің салдарын жоюға және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен халық пен кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған Үкіметтің шұғыл шараларын қолдайды.
29.03.2024
2023 жылы зейнетақы аннуитеттеріне, өмірді және жазатайым оқиғалардан сақтандыруға сұраныстың күрт өсуі байқалды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
13.03.2024
Байқалған және күтілетін инфляцияның өсуі ақша-несие шарттарын қалыпқа келтіру циклін тоқтата тұруы мүмкін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы наурыздағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
05.03.2024
2023 жылғы жиынтық сақтандыру төлемдері 38,5%-ға, алушылар саны 21,4%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолу ұсынады.