09.11.2018
87 cапарлар
АТФБанкпен бірге GarminPay контактісіз төлемдері

Алматы, 2018 жылғы 9 қараша, – Бүгін АТФБанк өз клиенттері – Visa карталарын ұстаушыларға төлемдердің біріктірілген функциясына ие Garmin смарт сағатының көмегімен контактісіз төлем жасау мүмкіндігін жариялады. 

Garmin Pay – сатып алулар үшін Garmin смарт сағаты арқылы төлем жасауға мүмкіндік беретін сервис, енді ол АТФБанк клиенттері – Visa карталарын ұстаушылар үшін де қолжетімді. Garmin Pay жаңа төлем жасау әдісін енгізе отырып, АТФБанк өз клиенттеріне жедел, ыңғайлы және қауіпсіз түрде төлем жасаудың тағы бір мүмкіндігін ұсынады.  

Garmin Pay арқылы сатып алулар үшін АТФБанктің клиенттер күнделікті пайдаланып жүрген карточкаларының көмегімен жасалады, демек кэшбек есептеуді қоса алғанда шарттары сақталатын болады.

Garmin Pay-дің көмегімен контактісіз төлемдерді қабылдайтын кез келген терминал арқылы төлем жасауға болады. Алматыда мұндай терминалдар саны 90-95%-ға жеткен, және АТФБанк мамандарының берген бағасы бойынша алдағы бір-бір жарым жылда көрсеткіш 100%-ға жететін болады.

«Біз Қазақстандағы Visa карталарын ұстаушыларға тағы бір контактісіз төлем технологиясын ұсынуға қуаныштымыз. Енді контактісіз төлемді қабылдайтын терминал арқылы өзінің Garmin құрылғысының көмегімен оңай әрі қауіпсіз түрде төлем жасау мүмкіндігіне ие қазақстандықтардың саны арта түседі. Garmin Pay сервисі Visa Token Service технологиясын қолданады. Аталған технология осы картаның нақты деректерін ашпай, картаның деректемелерін бірегей цифрлық кодқа ауыстыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Visa-ның Орталық Азиядағы аймақтық менеджері Ғалым Табылдиев.

Қазіргі уақытта АТФБанкпен бірге Garmin Pay функциясын сағаттардың келесі үлгілері арқылы жүзеге асыруға болады: vivoactive® 3, vivoactive® 3 Music, Forerunner® 645, Forerunner® 645 Music, Fenix® 5S Plus, Fenix® 5 Plus, Fenix® 5X Plus.

Garmin Pay әмиянын қосу және пайдалану туралы толыққанды ақпаратты АТФБанктің сайтынан алуға болады.

Сатып алулар үшін Garmin смарт сағатының көмегімен төлем жасауға мүмкіндік беретін төлем сервисінің қазақстандық нарығына кірудің негізгі шарттарының бірі – АТФБанк кепілдік беретін төлемдер қауіпсіздігі. АТФБанк өзінің өнім тізбегін жақсарту жолында тұрақты түрде жұмыс істеп келеді, жоғары технологиялы өнімдер әзірлеуге ерекше көңіл бөледі және қолданыстағы цифрлық сервистерді жетілдіріп отырады. 

Соңғы жаңалықтар
09.01.2019
Ұлттық қорға табыс салығы бойынша түсімдер 76%-ға өсті
Бұл ретте барлық тікелей салық түсімдері 59,9%-ға артты
29.12.2018
Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!
ҚҚҚ кеңес төрағасын құттықтау
25.12.2018
"Атамекен" ҰКП үздік қаржыгерлерді марапаттады
ҚҚҚ қызметкерлері мен мүшелері медальдар мен грамоталарға ие болды
14.12.2018
2019 жылдың басынан бастап Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидалары күшіне енеді
Қаулыда уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібі, оның ішінде қадағалау бөлімшесі қарастыратын мәселелер мен жағдайлар аясы айқындалды
10.12.2018
2019 жылы Инфляция болжамды дәлізден шығуы мүмкін – ҚҚҚ сарапшылары
ҚҚҚ 2018 жылғы желтоқсанда кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекпен сауалнама жүргізу нәтижесін ұсынады
04.12.2018
ҚҚҚ-да қаржы секторының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырылды
Қаржы ұйымдарының қызметкерлері еліміздің және елордамыздың дамуына қосқан үлесі үшін "Астана 20 жыл" медалімен марапатталды