04.02.2019
54 cапарлар
Цеснабанк S&P-нің төмендеуін түсіндірді

S&P Global Ratings агенттігі «Цеснабанк» АҚ рейтингісін “SD” (іріктемелік дефолт) деңгейіне дейін өзгертуіне қатысты, агенттік  аталған рейтингілік әрекетті облигациялардың бір ғана шығарылымы талаптарының өзгеруіне байланысты жүзеге асырған және бұл Банктің басқа да міндеттемелерін орындауына қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. 

TSBNb33 облигациялар шығарылымының талаптары қатаң түрде аталған бағалы қағаздар ұстаушыларының келісімі бойынша өзгертілгеніне назарларыңызды аударамыз.

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында облигациялар ұстаушыларының бағалы қағаздар шығарылымы талаптарын өзгерту туралы бірауыздан шешім қабылданған жиналысы өтті. Аталған шешімді ауылшаруашылық тауарөндірушілерін қолдау мақсатында ҚР Үкіметі, облигациялар ұстаушылары немесе олардың акционерлері, ҚР Ұлттық Банкі, Цеснабанк және басқа да қатысушылар арасында жасалған Негіздемелік келісімнің тараптары ретінде Цеснабанк және облигациялар ұстаушылары қабылдады. Бұл шара борыштық жүктемені төмендетіп, Цеснабанктің агросектордың ірі кредиторы ретіндегі міндеттемелерінің мерзімін ұзартты. 

Облигациялар шығарылымы талаптарына өзгертулер инверторлардың келісімі бойынша жүзеге асырылуына байланысты, Банктің пікірінше, бұл іріктемелі дефолт болып есептелмейді.

Агенттік рейтингті Банк ұсынған барлық ақпаратты тиісті түрде ескерместен өзгертті деп есептейміз. S&P Global Ratings агенттігі рейтингілік комитет жүргізілгенге дейін аталған мәселені жан-жақты қарастырудан бас тартты. Банк TSBNb33 облигациялар шығарылымы талаптарының өзгертуіне байланысты қосымша түсінік беруге дайын екендерін білдірген Реттеушінің және ҚР Қаржы министрлігінің қатысуымен конференц-байланысын өткізу жөніндегі ұсыныс білдірген.

Банк S&P Global Ratings агентігіне рейтингілік әрекеттермен мүлдем келіспейтіні  және аталған агенттікпен бұдан әрі ынтымақтастығының жалғасуына қатысты мәселені қарастыратыны жөнінде хабарлады.

Банк өз міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде орындауды жалғастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар
27.03.2019
Наурыз айында сарапшылардың инфляциялық күтулері жоғары деңгейде болып қалады
ҚҚҚ 2019 жылдың наурыз айында индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
07.03.2019
Елена Бахмутова KASE-де гендерлік теңдікке арналған сауда-саттық ашты
Салтанатты рәсімге бизнес пен қоғамдық қызметте табысқа жеткен әйелдер қатысты
06.03.2019
Ұлттық қорға түскен түсімдер ақпан айында төрт есеге дерлік артты
2019 жылдың алғашқы екі айындағы кіріс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53,5%-ға өсті
04.03.2019
Ерлан Бурабаев Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
Ол сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша ҚҚҚ жұмысын жалғастырады
28.02.2019
Абди БЖЗҚ-ға жарты миллиард теңгеден астам қаржы қайтарды
Қаңтар айында Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтары 0,6%-ға артып, 9,4 трлн теңгеден асты
18.02.2019
Қаңтар айында бюджеттің кірістері өткен жылғы кезеңге қарағанда 27,4%-ға өсті
Сонымен бірге бюджет шығындары 896,3 млрд теңгені құрады, оның 68,5%-ы бюджеттің әлеуметтік баптары жіберілді