06.04.2023
8528 cапарлар
ЕҚДБ-ның Қазақстандағы экс-директоры Майкл Вайнстин, Solva директорлар Кеңесінің құрамына кірді

Майкл Вайнстин «МҚҰ ОнлайнҚазҚаржы» АҚ (Solva) директорлар Кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып тағайындалды. Ол аудит Комитетін басқарады, сонымен қатар стратегия Комитетінің құрамына кіреді. Вайнстиннің кандидатурасын Solva акционерлері ұйымдастырушылық консалтинг саласындағы халықаралық Korn Ferry компаниясымен серіктесіп таңдады. Оның тағайындалуы Solva-ның микроқаржы ұйымынан банкке айналуы аясында тәуелсіз директорлар кеңесін құру жөніндегі қадамдардың бірі болып табылады.

Майкл Вайнстин – АҚШ пен Ұлыбритания азаматы. Оның ірі халықаралық ұйымдардағы банк және қаржы саласындағы тәжірибесі 30 жылдан асады. 2009-2013 жылдары ол Қазақстан бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкінің директоры қызметін атқарды, сондай-ақ ЕҚДБ банктік қызметтерін дамытудың халықаралық стратегиясын айқындады. Сонымен қатар, Майкл украиндық Ощадбанкінің Бақылау кеңесінде жұмысын жалғастыруда.

 

 

 

Майкл Вайнстин, «МҚҰ ОнлайнҚазҚаржы» АҚ (Solva) директорлар Кеңесінің тәуелсіз директоры (Solva):

«Мен Solva директорлар Кеңесіне қосылғаныма өте қуаныштымын. Микро-, шағын және орта бизнесті қолдау Қазақстанның тұрақты нарықтық экономикасын дамыту үшін өте маңызды. Дәл осы іспен Solva сәтті айналысуда. Бұл прогрессивті философиясы бар серпінді, инновациялық компания. Solva бизнесінің негізі импакт-қаржыландыру болып табылады, ол тұрақты дамуға, ESG және әйелдер кәсіпкерлігі принциптерін қолдауға ықпал етеді. ЕҚДБ-дағы тәжірибемді ескере отырып, бұл тәсіл маған өте жақын».

 

Константин Барабанов, Solva Group ltd бас директоры:

«Біздің жақында ЖШС-тен АҚ-ға және алдағы банкке айналуымыз корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын енгізу мәселесіне көбірек назар аударуды талап етеді. Біз директорлар Кеңесін құруды 2022 жылдың қыркүйегінде бастадық және бүгін бірінші тағайындау жөнінде қуана хабарлаймыз.

Шағын және орта бизнесті қаржыландыру қазірдің өзінде жақсы нәтижелер беруде– 2022 жылғы желтоқсанда біздің портфельде ШОБ ұсынылған шағын қарыздардың үлесі 50% құрады, бүкіл Қазақстан бойынша 27 000-нан астам кәсіпкер біздің клиенттеріміз атанды. ЕҚДБ-да жұмыс істеу тәжірбиесі, сондай-ақ Қазақстан мен Украинадағы ірі компаниялардың директорлар кеңесінің құрамында болуы арқасында, Майкл ШОБ-ты жетілдіру және қаржы өнімдерін қолжетімді ету ісінде Solva-ға қажет бірегей тәжірибеге ие».

 

Соңғы жаңалықтар
18.04.2024
Қор нарығын капиталдандыру 31 трлн теңгеге дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолу ұсынады.
10.04.2024
Мұнайдың жоғары бағасы өндірістің ықтимал қысқаруына қарамастан ҚР экономикасының өсуін қолдай алады — дейді сарапшылар
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы сәуірдегі кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
02.04.2024
Қазақстандық банктер су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларға қарыздарын кейінге қалдыруды ұсынады
Екінші деңгейдегі қазақстандық банктер су тасқыны кезеңінің салдарын жоюға және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен халық пен кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған Үкіметтің шұғыл шараларын қолдайды.
29.03.2024
2023 жылы зейнетақы аннуитеттеріне, өмірді және жазатайым оқиғалардан сақтандыруға сұраныстың күрт өсуі байқалды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
13.03.2024
Байқалған және күтілетін инфляцияның өсуі ақша-несие шарттарын қалыпқа келтіру циклін тоқтата тұруы мүмкін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы наурыздағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
05.03.2024
2023 жылғы жиынтық сақтандыру төлемдері 38,5%-ға, алушылар саны 21,4%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолу ұсынады.