03.11.2023
4458 cапарлар
Moody’s Jusan Bank-тің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингін оң болжаммен Ba3 деңгейіне көтерді

Алматы. 2 қараша 2023 жыл. Moody's Investors Service халықаралық агенттігі АҚ «First Heartland Jusan Bank» (Jusan Bank) ұзақ мерзімді депозиттік рейтингін оң болжаммен B1 деңгейінен Ba3 деңгейіне көтерді. Сондай-ақ негізгі несиелік бағалау (BCA) мен түзетілген BCA b3-тен b2 дейін көтерді. Банктың қысқа мерзімді рейтингі расталып, ұзақ мерзімді рейтингі болжамды оң нәтижеге көтерілді.

Сонымен қатар Moody's ұлттық рейтинг шкаласы бойынша банктің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингін Ba1.kz-ден Baa2.kz дейін және де контрагенттік тәуекелділіктің ұзақ мерзімді рейтингін (CRR) Baa2.kz-ден A3.kz көтерді.

Moody's баспасөз хабарламасында атап өтілгендей, Jusan Bank рейтингтерінің жоғарылауы 2022 және 2023 жылдардағы жақсартылған операциялық орта жағдайында активтердің сапасын, кіріс пен төлем қабілеттілігін нығайтқан банктің қаржылық жағдайының жақсарғанын көрсетеді.

Атап айтқанда, кірістің жоғары болуы банкке қосымша резервтер құруға мүмкіндік берді. Ал бұл өз кезегінде проблемалық несиелермен жұмыс және жаңадан берілген несиелердің сапасын арттырумен қатар несие портфеліндегі проблемалық несиелер үлесінің төмендеуіне әкелді.

«BCA b3-тен b2-ге дейін көтерілуі банктің төлем қабілеттілігі мен табысының ұлғайғанын сондай-ақ активтер сапасының жоғарылағанын көресетеді. Бұған қоса, бұл рейтинг агенттіктің қайта қаралған Қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік және басқару жөніндегі жалпы принциптерінің (ESG) тәуекелдерді бағалау әдіснамасын көрсетеді. Тәуекелдерді жақсырақ басқару, анағұрлым жетілген стратегия және акционерлік тәуекелді азайту нәтижесінде несиелік өнімділіктің жақсаруы банктің бұрын тағайындалған G-5 рейтингімен салыстырғанда G-4 эмитентінің басқару профилі рейтингінің жоғары болуына әкелді. Нәтижесінде банктің несиелік қабілетіне ESG әсерін бағалау ТМД-5-тен ТМД-4-ке дейін жақсарды», - делінген Moody's хабарламасында.

Агенттіктің баспасөз хабарламасында Jusan Bank акционерінің ауысуы оң фактор болғаны атап өтілген. Өйткені ол меншік құрылымының ашықтығын арттырып, клиенттік және депозиттік базадағы құбылмалылық қауіптерін төмендеткені атап өтіледі.

Moody's-тің ұзақ мерзімді рейтингтердің оң болжамы, банктің даму стратегиясы мен акционерлер тәуекелінің төмендеуіне, сондай-ақ клиенттер базасының нығаюына және кірістердің өсуіне әкеледі, ал бұл өз кезегінде активтер сапасы мен шығындарды сіңіру қабілетіне оң әсер етеді деп күтілуде.

Банктің қолайлы операциялық ортадан пайда көріп, Moody's агенттігінің артып отырған үмітін ақтаған кезде ғана рейтинг көтеріледі.

«Jusan Bank-тегі бизнестің тиімділігін арттыру, несиелік қабілеттілікті нығайту, сондай-ақ корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру секілді өтіп жатқан трансформациялық процестер Moody's Investors Service рейтингтік агенттігінің жоғары бағасына ие болғанына біз өте қуаныштымыз. Jusan Bank Қазақстанның жоғары бәсекелес нарығында іргелі қаржылық көрсеткіштерді жақсарта отырып, өз ұстанымдарын нығайтуға бағытталған стратегиясын дәйекті түрде іске асыруды жалғастыруға ниетті», - деді Jusan Bank Басқарма Төрағасы Арман Мангитов.

Соңғы жаңалықтар
18.04.2024
Қор нарығын капиталдандыру 31 трлн теңгеге дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолу ұсынады.
10.04.2024
Мұнайдың жоғары бағасы өндірістің ықтимал қысқаруына қарамастан ҚР экономикасының өсуін қолдай алады — дейді сарапшылар
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы сәуірдегі кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
02.04.2024
Қазақстандық банктер су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларға қарыздарын кейінге қалдыруды ұсынады
Екінші деңгейдегі қазақстандық банктер су тасқыны кезеңінің салдарын жоюға және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен халық пен кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған Үкіметтің шұғыл шараларын қолдайды.
29.03.2024
2023 жылы зейнетақы аннуитеттеріне, өмірді және жазатайым оқиғалардан сақтандыруға сұраныстың күрт өсуі байқалды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
13.03.2024
Байқалған және күтілетін инфляцияның өсуі ақша-несие шарттарын қалыпқа келтіру циклін тоқтата тұруы мүмкін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы наурыздағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
05.03.2024
2023 жылғы жиынтық сақтандыру төлемдері 38,5%-ға, алушылар саны 21,4%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолу ұсынады.