02.06.2022
7276 cапарлар
S&P Global Ratings Halyk Bank-тің 2022 жылғы 26 мамырдағы рейтингін растады

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі өзінің сайтындағы ақпаратты жаңартты: Halyk Bank рейтингтері ВВ+/В деңгейінде қалды, kzAA, болжам "Тұрақты".

2022 жылғы 1 маусым. S&P Global Ratings талдау рәсімдерін өткізіп 2022 жылғы 26 мамырда "Қазақстан Халық банкі" АҚ (Halyk Bank) бойынша ақпаратты жаңартты. "Қазақстан Халық банкі" АҚ (Halyk Bank) рейтингі бұрынғы "BB+/B" деңгейінде расталды, болжам "Тұрақты".

"Әлемдік аренадағы күрделі жағдай мен геосаяси сын-тегеуріннің экономикаға үздіксіз әсер етуіне қарамастан, дағдарыстық жағдайларды белсенді еңсеріп келе жатқан Қазақстан қаржы нарығының көшбасшысы Halyk Bank ұстанымының мықтылығын атаулы жағдайдай растады. Өтімділіктің жеткілікті қоры, айтарлықтай капитал мен өз клиенттері және серіктестері тарапынан жоғары сенімділігі бар Банк өзінің экожүйесін қалыптастырып, сондай-ақ стратегиялық міндеттерді табысты іске асыру үшін мүмкіндіктерді күшейте отырып, алдыңғы қатарлы цифрлы қызметтер мен өнімдерді енгізуді одан ары жалғастыруда", - деп атап өтті Halyk Bank Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова.

Halyk Bank-бөлшек, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқаруды қоса алғанда, түрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банктің Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бастап, Лондон қор биржасында 2006 жылдан бастап және Astana International Exchange-те 2019 жылғы қазаннан бастап листингі бар. 2022 жылғы 31 наурызға 12,718.8 млрд. теңге мөлшеріндегі активтері бола отырып, Банк Қазақстандағы жетекші кредиттік ұйым болып табылады. Банктің ең ірі клиенттер базасы мен филиалдық желісі – ел бойынша 588 филиал мен бөлімше бар. Банк Грузия, Қырғызстан, Ресей, және Өзбекстанда жұмыс істейді.

Halyk Bank PR-қызметі

Тел.+7 727 330 17 19, | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz

Соңғы жаңалықтар
18.04.2024
Қор нарығын капиталдандыру 31 трлн теңгеге дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолу ұсынады.
10.04.2024
Мұнайдың жоғары бағасы өндірістің ықтимал қысқаруына қарамастан ҚР экономикасының өсуін қолдай алады — дейді сарапшылар
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы сәуірдегі кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
02.04.2024
Қазақстандық банктер су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларға қарыздарын кейінге қалдыруды ұсынады
Екінші деңгейдегі қазақстандық банктер су тасқыны кезеңінің салдарын жоюға және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен халық пен кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған Үкіметтің шұғыл шараларын қолдайды.
29.03.2024
2023 жылы зейнетақы аннуитеттеріне, өмірді және жазатайым оқиғалардан сақтандыруға сұраныстың күрт өсуі байқалды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
13.03.2024
Байқалған және күтілетін инфляцияның өсуі ақша-несие шарттарын қалыпқа келтіру циклін тоқтата тұруы мүмкін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы наурыздағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
05.03.2024
2023 жылғы жиынтық сақтандыру төлемдері 38,5%-ға, алушылар саны 21,4%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолу ұсынады.