01.02.2019
25 cапарлар
Сбербанк Қостанай облысындағы цемент зауытының құрылысын қаржыландырды

Рудный қаласында (Қостанай облысы) Сбербанктің қаржыландыруымен цемент зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Сбербанк "Даму" КДҚ" АҚ және "Тобол" ӘКК-мен бірлесе отырып Солтүстік Қазақстан облысындағы әр түрлі цемент маркаларының өндірісі бойынша алғашқы зауыттың құрылысын қаржыландырды. "Рудный цемент зауыты" ЖШС-нің аталған ірі жобасын іске асыру аймақ өнеркәсібін дамытуда маңызды рөл атқарады.

«ШОБ қолдау көрсету  таяудағы жалдарға арналған банктің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады, – деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары Ельдар Тенизбаев Бір кәсіпкерлікті дамытудың ел экономикасы үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз және осы процесске белсенді ат салысамыз. Біздің банк үшін әлеуметтік маңызы жоғары жобалар әрқашан басым орында болғанын айта көткен жөн»,  дейді Ельдар Амантаевич. 

Қостанай облысындағы цемент зауытының құрылысы аясында "Рудный цемент зауыты" ЖШС-нің ірі жобасын қаржыландыру "Тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамтуды дамыту" мемлекеттік жобасын сәтті іске асыруға үлес қосады, қазақстандық құрылыс компанияларының шетелден сатып алудан тәуелділігін азайтады және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. 

«Бұрын Қазақстанда цемент өндірісі елдің оңтүстігінде және шығысында шоғырланған, бұл ретте батыс және солтүстік өңірлер осындай қажет құрылыс материалын Ресей Федерациясынан сатып алуға мәжбүр болатын. Ал қазір жақын өңірдегі құрылыс компаниялары жоғары сапалы отандық цементті арзанырақ бағаға сатып ала алады,  деп атап өтті  "Рудный цемент зауыты" ЖШС  директоры Артем Макласов. - Сондай-ақ  зауытта инновациялық әдістерді енгізудің арқасында  цемент өндірісі кезінде элект энергиясын пайдалану айтарлықтай төмендегенін айтып өткен жөн, бұл өз кезегінде біздің кәсіпорынның аймақ экологиясына әсерін айтарлықтай  төмендетуге мүмкіндік береді»

 

Соңғы жаңалықтар
18.02.2019
Сарапшылар инфляция бойынша төмендетілген болжамын қайта қарады
ҚҚҚ 2019 жылғы ақпанда кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
12.02.2019
Италия, Нидерланды және Франция қазақстандық мұнайдың 50%-дан астамын сатып алады
2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша экспортта көрсетілген елдердің үлесі 54,7%
08.02.2019
Ұлттық қорға түскен түсімдер қаңтарда 25,2%-ға артты
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 2018 жылы 6,3%-ға өсті, ал сол кезде мұнай экспорты 2,3%-ға артты
07.02.2019
Қазақстанда қаңтар айында 300 мың авто сақтандыру электронды полистері сатып алынды
ҚҚҚ электрондық сақтандыру нарығының алдын ала қорытындыларын шығарады
28.01.2019
ҚҚҚ сарапшылары: 2019 жылға арналған күтулер біршама жағымсыз болып табылады
ҚҚҚ 2019 жылғы қаңтарда кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
22.01.2019
Фридом Финанс 2018 жылы корпоративтік құралдар саудасы бойынша қайтадан көшбасшы болды
KASE биржа мүшелерінің 2018 жылғы белсенділігіне шолу