09.06.2023
12540 cапарлар
Серік Аханов және Әсем Нұрғалиева Solva Директорлар Кеңесінің құрамына кірді

«ОнлайнКазФинанс МҚҰ» АҚ (Solva) компанияның Директорлар Кеңесінің екі тәуелсіз мүшесінің тағайындалғаны туралы хабарлайды: Серік Аханов, Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығы Кеңесі Төрағасының кеңесшісі және Әсем Нұрғалиева, Kazpost Digital басқарушы директоры және Technowomen Central Asia-ның тең құрылтайшысы.

Серік Аханов пен Әсем Нұрғалиеваның тағайындалуы Solva-ны микроқаржы ұйымынан банкке айналдыру аясында Директорлар Кеңесін қалыптастырудағы соңғы қадам болды. Осылайша, Solva директорлар кеңесінің құрамына бес адам кірді, олардың төртеуі – тәуелсіз директорлар; кеңестің 40%-ы – әйелдер.

Директорлар Кеңесі аясында Әсем Нұрғалиева кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Комитеттің (Social impact, compensations and ethics committee) жұмысына басшылық жасайтын болады.

Серік Аханов стратегия және даму Комитетін (Growth and strategy committee) басқарады, сондай-ақ кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Комитеттің құрамына кіреді.

Серік Ахановтың мемлекеттік және жеке секторларда үлкен тәжірибесі бар. Ол ҚР Президенті жанындағы Экономикалық кеңесшілер Кеңесі басшысының орынбасары, экономика министрінің бірінші орынбасары, шетелдік инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттіктің төрағасы, ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы министрінің орынбасары қызметтерін атқарды. ҚР Эксимбанкі басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «Қазақстанның даму Банкі» АҚ, АТФ банкі, «Ресей Сбербанкі» АҚ еншілес ұйымы директорлар Кеңесінің мүшесі болды.

Қазіргі уақытта Серік Ахметжанұлы кеңесші, Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы, Ұлттық Банк қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу үшін гранттар беру жөніндегі комиссияның мүшесі, «Алматы қаласындағы Қытайдың сауда-өнеркәсіп Банкі» АҚ еншілес ұйымының директорлар Кеңесінің мүшесі қызметін атқарады.

Серік Аханов, «ОнлайнКазФинанс МҚҰ» АҚ (Solva) директорлар Кеңесінің тәуелсіз директоры:

«Solvа-ны трансформациялау үдерісінде Директорлар Кеңесінің мүшесі болу – бұл үлкен жауапкершілік. Компания үшін маңыздысы – корпоративтік басқару жүйесін одан әрі сапалы дамыту».

Әсем Нұрғалиева қаржы секторында ақпараттық технологияларды дамытуға баса назар аударады: 7 жыл бойы Бірінші несие бюросының Атқарушы директоры қызметін атқарды. Әсем «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы АКТ, білім және инновациялар комитетінің мүшесі болып табылады. Бүгінде Әсем Kazpost Digital басқарушы директоры, Technowomen Central Asia-ның тең құрылтайшысы болып табылады. 2023 жылы Әсем IT-индустриясындағы үздік жетістіктері үшін «Woman in Tech» номинациясы бойынша Digital Almaty Awards 2023 сыйлығының иегері атанды.

Әсем Нұрғалиева, «ОнлайнКазФинанс МҚҰ» АҚ (Solva) директорлар Кеңесінің тәуелсіз директоры:

«Мен үшін Solva-ның Директорлар кеңесіне қосылу – бұл маған деген сенім және қаржы ұйымында корпоративтік басқарудағы тәжірбиені қолдануға жақсы мүмкіндік. Осы салада жұмыс істеп жатқаныма 15 жылдан асты, мен шағын және орта бизнесті дамытуды және технологияларды қолдана отырып бизнес-модельдерді трансформациялау мәселелерін толық қолдаймын. Әсіресе, маған ұнайтыны Solva-ның әйелдер кәсіпкерлігін, ESG-стандарттарын, осы саладағы инновацияларды қолдайтыны – мұның бәрі ел экономикасына тікелей оң әсер етеді».

Константин Барабанов, Solva Group ltd бас директоры:

«Solva-ның Директорлар Кеңесінде осындай танымал кәсіпқойларды қарсы алу біз үшін үлкен мәртебе. Серік Ахметжанұлы Ахановтың қаржы және мемлекеттік секторларда көлемді сараптамасы, сондай-ақ Қазақстанның ірі банктерінде көп жылдық тәжірибесі бар. Әсем Нұрғалиева елімізде цифрлық инновацияларды енгізу және финтех-саланы дамыту бағытында мойындалған сарапшы болып табылады. Ең бастысы, Директорлар Кеңесінің жаңа мүшелері біздің ESG стратегиямыздың мақсаттары мен құндылықтарын, сондай-ақ тұрақты даму күн тәртібіне негізделген қаржы институтын дамыту жөніндегі жоспарларымызды толығымен қолдайды. Біз Серік Ахметжанұлы Аханов және Әсем Нұрғалиеваның білімі мен тәжірибесі Solvа-ның банкке айналу жолындағы ең құнды активі болатынына сенімдіміз».

Solva туралы

Solva – Қазақстанның кепілсіз банктік емес қаржыландыру нарығындағы көшбасшы. Компания микро- шағын және орта бизнес үшін цифрлық қаржылық шешімдерді ұсынады. Solva Қазақстан нарығында 2016 жылдан бастап жұмыс істейді, күнделікті клиенттер мен серіктестерге мақсаттарды іске асыруға көмектесіп, өз атауын іс жүзінде растайды (ағылш. Solve – шешу). 2020 жылдың ортасынан бастап компания бүкіл Қазақстан бойынша 62 мың кәсіпкерге 86 млрд теңге көлемінде микронесие берді.

Тек БАҚ сауалдары үшін:

Әлия Темірғалиева
Solva баспасөз қызметінің басшысы
aliya.temirgaliyeva@solva.kz

Соңғы жаңалықтар
18.04.2024
Қор нарығын капиталдандыру 31 трлн теңгеге дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолу ұсынады.
10.04.2024
Мұнайдың жоғары бағасы өндірістің ықтимал қысқаруына қарамастан ҚР экономикасының өсуін қолдай алады — дейді сарапшылар
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы сәуірдегі кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
02.04.2024
Қазақстандық банктер су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларға қарыздарын кейінге қалдыруды ұсынады
Екінші деңгейдегі қазақстандық банктер су тасқыны кезеңінің салдарын жоюға және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен халық пен кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған Үкіметтің шұғыл шараларын қолдайды.
29.03.2024
2023 жылы зейнетақы аннуитеттеріне, өмірді және жазатайым оқиғалардан сақтандыруға сұраныстың күрт өсуі байқалды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
13.03.2024
Байқалған және күтілетін инфляцияның өсуі ақша-несие шарттарын қалыпқа келтіру циклін тоқтата тұруы мүмкін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы наурыздағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
05.03.2024
2023 жылғы жиынтық сақтандыру төлемдері 38,5%-ға, алушылар саны 21,4%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолу ұсынады.